Натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу

Сабақ мақсаттары:Білімділік:-құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу түсінігін қалыптастыру;-жіктеу алгоритмін практикада қолдану машықтарын нығайту;-жай және құрама сандар ұғымдарын қайталап, бекіту.Дамытушылық:-ауызша есептеу, жалпылау дағдыларын дамыту;-логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру; -ойын жеткізе білуін және ой-өрісін дамыту.Тәрбиелік:-ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу;-ұжымда, топта, жұпта жұмыс істеуге тәрбиелеу;-өздігінше жұмыс істеуге дағдыландыру-Оқушыларды өзін - өз...
Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып 5. Математика

Сабақ тақырыбы: Натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу.

Эпиграфы: «Бір нәрсені оқып үйренудің ең жақсы тәсілі - өзіңе зерттеп ашу» Дьердь Пойа

Сабақ мақсаттары:

Білімділік:

  • құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу түсінігін қалыптастыру;

  • жіктеу алгоритмін практикада қолдану машықтарын нығайту;

  • жай және құрама сандар ұғымдарын қайталап, бекіту.

Дамытушылық:

  • ауызша есептеу, жалпылау дағдыларын дамыту;

  • логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;

  • ойын жеткізе білуін және ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік:

  • ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу;

  • ұжымда, топта, жұпта жұмыс істеуге тәрбиелеу;

  • өздігінше жұмыс істеуге дағдыландыру

  • Оқушыларды өзін - өзі басқаруға, өз мүмкіндігіне сенуге,

үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ, ойын сабақ

Сабақта қолданатын әдістер: топтық, жеке жұмыстар, тест, жеке оқушымен жұмыс

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, үлестірме материалдар, тест тапсырмалары

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Өткен тақырыпты еске түсіру. Негізгі ұғымдарды қайталау

  3. Негізгі бөлім. Есептер шығару.

  4. Қорытындылау, бағалау

  5. Үй жұмысын беру

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

А) оқушылармен амандасу

Ә) Сыныпты түгелдеу

Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару


  1. Үй тапсырмасын сұрау. Кубик лақтыру арқылы сұрақтарға жауап беру.

Қайталау сұрақтары:

  • Жай сандар ережесі.

  • Құрама сандар ережесі.

  • 2-ге бөлінгіштік ережесі

  • 5-ке бөлінгіштік ережесі

  • 10-ға бөлінгіштік ережесі

  • Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеудің неше тәсілі бар?

(Графтар тәсілі және баған тәсілі)

Слайд арқылы өткен тақырыпты пысықтап өту.

Үйге берілген №282 есепті тексеру.


  1. Негізгі бөлім. Сыныпты топқа бөлу. «Жай сандар», «Құрама сандар» командалары. (қағаздарға сандар жазып жай сан мен құрама сандарды екі топқа бөлу)

Бүгінгі сабағымызда біз қазына аралына саяхат жасамақпыз. Қазына аралына жету үшін біз 3 арал асамыз. Әр аралдын бізге арналған тапсырмалары бар. Алдымен топ капитандарын таңдап алайық.

1ші арал. «Мадагаскар» аралы деп аталады. Бұл аралдың тапсырмасы кітаптағы № 285,286 есептер екен. Бірінші болып аяқтаған топ тақтаға орындайды. Қарсылас топ тексереді. Қате болмаса «натурал сандар» аралына жетті деп, ал қате болса, қарсылас топ жетті деп есептелінеді. (Баған тәсіліне арналады)

2ші арал. «Қарақшылар» аралы деп аталады. Бұл аралдың тапсырмасы: Графтық тәсілмен құрама сандарды жіктейік. Шашырап жатқан сандарды жинау.

48=2*24=2*2*12=2*2*2*6=2*2*2*2*3

64=32*2=16*2*2=8*2*2*2=4*2*2*2*2=2*2*2*2*2*2

45=3*15=3*3*5

99=9*11=3*3*11

3ші арал «Амазонкалар » аралы. Мәтінді есеп. есептің шарты слайдта көрсетулі тұрады. Дәптерлеріне орындайды. 1-ші аяқтаған оқушы тақтада орындайды.

Көлемі 195 см2 тік төртбұрышты параллелипедтің өлшемдері жай сандармен өрнектеледі. Берілген тік бұрышты параллелипедтің өлшемдерін табыңдар.

  1. Қорытынды бөлім.

Ұпайларымен алда келе жатқан топ бірінші боп қазына аралына жетеді. Бағалау. Қазына аралынан табылған сандықтан бізгі 5 5 4 4 4 3 бағалары шықты. Топ капитаны осы қазыналарды(бағаларды) топ мүшелеріне бөліп береді.

Үйге тапсырма. № 296, № 297 есептер



© 2010-2022