Презентация по математики на тему ашық сабақ (8 класс)

Пән аты:Алгебра                    Сыныбы:8                     Күні______ Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулер тақырыбына есептер шығару. Сабақтың мақсаты:Оқушылардың квадрат теңдеулер туралы алған білімдерін бір жүйеге келтіру. Сабақтың міндеттері:Б.Квадрат теңдеулер арқылы шығарылатын есептерге қолданылатын негізгі формулаларды білу. Д.Алған теориялық білімдерін практикада дұрыс қолдана білуі дағдыларын қалыптастыру. Т.Оқушылардың жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойынд...
Раздел Математика
Класс 8 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән аты:Алгебра Сыныбы:8 Күні______

Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулер тақырыбына есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың квадрат теңдеулер туралы алған білімдерін бір жүйеге келтіру.

Сабақтың міндеттері:Б. Квадрат теңдеулер арқылы шығарылатын есептерге қолданылатын негізгі формулаларды білу.

Д.Алған теориялық білімдерін практикада дұрыс қолдана білуі дағдыларын қалыптастыру.

Т.Оқушылардың жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету.

Сабақтың түрі:бекіту сабағы

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап әдісі

Сабақтың көрнекілігі:слайдтар,есептер жинағы,үлестірме карточкалар

Сабақтың жүру барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі.Оқушылармен амандасу,түгендеу,сыныпты сабаққа дайындау.

2.Үй тапсырмасын тексеру:Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру. (ауызша).Өткен сабаққа қысқаша тоқталып өту:

-Квадрат теңдеу және оны шешу жолдры;

-Келтірілген квадрат теңдеу;

-Виет теоремасы;

(слайд арқылы формулаларды көрсету)

3.Есептер шығару:

Оқулықпен жұмыс:№134(1,3) ,№163(1,3).

Сергіту есептері:

Берілген мақал мәтелдердегі сандарды пайдаланып,квадрат теңдеу құрыңдар:

1.Бір тал кессең,...

2.Жеті жұрттың тілін біл,...

3.Білгенім бір тоғыз,...

4.Жүз сомың болғанша,...

Тест тапсырмалары:

1.5х(3х+7)+(4х+1)2=-19х+63 теңдеуін х2+рх+q=0 түріне келтіріп,р мен q-дің мәндерін табыңдар.

А. р = 2 және q=2; В. р = 2 және q=2; 2 және q=-2; С. р = 2 және q=0,5;

Д. р = 0,5және q=2;

2. 7х2-31х-6 =0 теңдеуінің дискрименантын табыңдар.

А.Д =1129; В.Д =919 ; С. Д =793 ; Д. Д =1003.

3. Қай сан -6х2-1,4х+7,46 =0 теңдеуінің түбірі болады?

А.2; В.1; С.-1; Д.0.

4.Түбірлері х1 = -1,8 және х2 =5 болатын квадрат теңдеу құрыңдар.

А.2х2+3,2х-6 =0 ; В. х2+3,2х-9=0 ; С.х2-3,2х-9=0 ;

Д.-х2-3,2х+9=0 ;

5.Екі санның қосындысының мәні 15,ал көбейтіндісінің мәні 54.Осы сандарды табыңдар.

А.-6;-9; В.3;18; С.-3;-18; Д.6;9.

4.Қорытындылау:

  • Өзің үшін қандай жаңа білім алдың?

  • Нені білгің келеді?

  • Квадрат теңдеу түбірлерінің жалпы формуласын жаз.

5.Бағалау: Сабаққа белсене араласқан оқушыларға баға қойылады.

6.Үйге тапсырма:2-тарауды қайталау.№164,165.

© 2010-2022