Интеллектуалды марафон

Интеллектуалды марафонЖүргізуші:Қайырлы күн, құрметті көрермен!Сөз бастайын термелетіп өлеңмен.Тәрбиелі, білімді боп әрқашанӨс, өркенде қанат жайып кемелден.Табиғаттың сырын ұққан кемеңгер,Бұл өмірден өтті дана шеберлер.Ғалым демей кім деп оны айтарсыңДаналықтан мұра қалған өнерден.Шақырамыз, келіңдер жарысуға.Күш, өнер, білімменен алысуға.Бар өнерді салайық, ортамызға.Ал кәне, кім шығады, сайысуға. Математика адамзат мәдениетінің ажырамас және құрамдас бөлігі болып табылады. Ол қоршаған ортаны ...
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


№ 7 К.Ушинский атындағы орта мектеп






Интеллектуалды марафон


(АШЫҚ САБАҚ)


Математика пәнінің мұғалімі:

Дауталинова З.Б.



Талдықорған қаласы



Интеллектуалды марафон

Жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті көрермен!

Сөз бастайын термелетіп өлеңмен.

Тәрбиелі, білімді боп әрқашан

Өс, өркенде қанат жайып кемелден.

Табиғаттың сырын ұққан кемеңгер,

Бұл өмірден өтті дана шеберлер.

Ғалым демей кім деп оны айтарсың

Даналықтан мұра қалған өнерден.

Шақырамыз, келіңдер жарысуға.

Күш, өнер, білімменен алысуға.

Бар өнерді салайық, ортамызға.

Ал кәне, кім шығады, сайысуға.

Математика адамзат мәдениетінің ажырамас және құрамдас бөлігі болып табылады. Ол қоршаған ортаны тану мен жеке тұлғаның дамуын қалыптастыратын кілт болып табылады. Математика сөзі ежелден келген сөз. Дененің өсуі үшін жаттығулар бар болса, ал математика логикалық ойлауды күшейтіп, мидың жұмысын жақсартады. Сондықтан да оны «ой жаттығуы» деп бекер айтпаған. Бұл ойынды не үшін өткізіп отырмыз? Сендердің аз болса да шаттанып, бір-біріңнің қабілеттеріңді байқап, талаптарыңды білу үшін.

Математиканы білетін адам үшін ешқандай шектеу жоқ және ол барлық қиыншылықтарды жеңіп шығады.

І айналым «Бәйге»


(Әрбір дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады)


1. Геометрияны І орынға шығарған кім? (Евклид)

2. Алғашқы «Математикалық белгілерді» ата. (цифрлар)

3. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысына 4 санының квадратын қос. (180 + 42 = 196)

4. Ұзаңқы жылдағы ақпан айының соңғы күнінен 5 санының квадратын азайт.

(29 - 25 = 4)

5. Ең ұзақ тоқсанның реттік санына бейсенбі күнінің реттік санын қос.( 3+4=7)

6. Аты шулы айқас сызық.. Өзі толған мағына қызық..(координаталар осі)

7. «Геометрия» терминінің мағынасы.(жер-өлшеу грек)

8. Екі санның қосындысы 8-ге, айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке тең.Ол қандай сандар? (5,3)

9. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0 саны)

10. Қосарланып жегілген 3 ат бір сағаттың ішінде 12 км жол жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрді? ( 12 км)

11. Екі санды, яғни 2 мен 3 санын алыңдар. Олардың ортасына белгі қойыңыз. Сонда шыққан сан 2-ден көп, 3-тен аз болуға тиіс. Ол қандай белгі? ( үтір)

12. Айқасқан екі таяқ , тұрады жоқты сұрап. (х)

13. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? ( түйеқұс ұшпайды)

14. Басынан аяғына төңкеріле жазылған түрінде оқығанда, өзгермейтін қандай сандарды білесіздер? ( 69, 619, 88)

15. 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандарының қосындысы көп пе, көбейтіндісі көп пе? ( қосындысы 45, көбейтіндісі 0)

ІІ айналым «Дода»


  1. ... теңгең болғанша, ... досың болсын. ( жүз - сто - hundred )

  2. Еріншектің ісі - ... (екі - два - two)

  3. Ер кезегі ... дейін. (үшке - три - three)

  4. ... рет өлшеп, ... рет кес. ( жеті - семь - seven, бір - один - one)

  5. Жігіт ... сырлы, ... қырлы болсын. ( бір - один - one, сегіз - восемь - eight)

  6. Ел құлағы - ... (елу - пятьдесят - fifty)

  7. ...тал кессең, ... тал ек. (бір - один - one, он - десять - ten)

  8. ... жылда ел жаңа, ...жылда қазан. (елу - пятьдесят - fifty, жүз - сто - hundred)

  9. Білекті ... жығады, білімді ... жығады. (бірді - один - one, мыңды - тысяча - thauthand)

  10. ... бірі қыдыр. (қырықтың - сорок - fourty)

ІІІ айналым «Жорға»


( Бір минутта жауап беру керек)

І оқушы


  1. Қабырғалары а мен в -ға тең төртбұрыштың ауданының формуласы (ав)

  2. Санды жазғандағы цифрлардың алатын орны (разряд)

  3. 1 кг судың көлемі (1 литр)

  4. 1 кг мақта мен 1 кг темірдің қайсысы жеңіл? (бірдей)

  5. Тіктөртбұрыштың ауданы 36 см2. Ауданы осындай шаршының қабырғасы неге тең? (6 см)

  6. Көпбұрыштың барлық қабырғалары ұзындықтарының қосындысын бір сөзбен қалай айтуға болады? (периметр)

  7. Көбейтінді 0-ге тең болуы мүмкін бе? (иә)

  8. Ең кіші екі таңбалы сан (10)

  9. Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, соншалық цифр бар? (10, 100)

  10. Қандай сандарды төңкере жазғанда 1,5 есе көбейеді? (66,666)

ІІ оқушы


  1. Ең кіші натурал сан ( 1)

  2. Бөлінді 0-ге тең болуы мүмкін бе? (иә)

  3. Теңдеуді дұрыс теңдікке айналдыратын сан (түбір)

  4. Сағаттың төрттен бір бөлігі неге тең? ( 15 минут)

  5. Шеңбердің кез келген нүктесін оның центрімен қосатын кесінді қалай аталады? ( радиус)

  6. Ең үлкен екі таңбалы сан (99)

  7. Санды 0-ге бөлуге бола ма? ( жоқ)

  8. Уақытты жылдамдыққа көбейткенде не шығады? (Жол)

  9. Шаршының қабырғасы 4 см-ге тең. Оның периметрі неге тең? (16)

  10. Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады? ( бір)

Ойында ұпай саны көп оқушы жеңеді.

© 2010-2022