Внеклассная работа

Жүргізуші:Құрметті ұстаздар мен оқушылар және сайысқа түскелі отырған топтар,жанкүйерлер! Бүгінгі математикалық сайысымызға қош келдіңіздер.Апталықта басталды армысыздар ,достарым!Ойын берсін ойшылдың,бірлігін берсін халқымныңӘрқашанда біз қолдаймыз әділеттің ұранынЖасай берші әр елде,өсе берші ұланым!Жүргізуші: Бүгінгі біздің сайысымыз 5 кезеңнен тұрады. Сайыс болғаннан соң әрине жеңетін және жеңілетіндер болады.Біреу озса жарыста,біреу артта қалады.Ренжімей тараса,озбағандар жарады.Жарыс заңы ...
Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жүргізуші:Құрметті ұстаздар мен оқушылар және сайысқа түскелі отырған топтар,жанкүйерлер! Бүгінгі математикалық сайысымызға қош келдіңіздер.

Апталықта басталды армысыздар ,достарым!

Ойын берсін ойшылдың,бірлігін берсін халқымның

Әрқашанда біз қолдаймыз әділеттің ұранын

Жасай берші әр елде,өсе берші ұланым!

Жүргізуші: Бүгінгі біздің сайысымыз 5 кезеңнен тұрады. Сайыс болғаннан соң әрине жеңетін және жеңілетіндер болады.

Біреу озса жарыста,біреу артта қалады.

Ренжімей тараса,озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден- жеңімпазды анықтау.

Жеңімпазболу шарты сол- еңбектену,жалықпау.

Сәт сапар, тілеп бәріңе,сайысты біздер басталық.

Көрсетіңдер өнерді,қалмаңыздар жасқанып - дей келе сайысымызды бастайық.

I кезең - «Танысу»

Топтың өздерін таныстыруы. Ортаға «Үшбұрыштар» тобын шақырамыз. Ортаға «Конус» тобын шақырамыз.

II кезең -«Үй тапсырмалары.»

Әр топқа құрамында сан кездесетін мақал-мәтелдер дайындап келуге берілген. Мақал-мәтелдерді кезекпен айтамыз. Қай топ тоқтайды ,солар жеңіледі.

III кезең - «Ойна, ойла сайысы »

1топтың сұрақтары

  1. Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1сағ.20минут ұшты да,сол жолмен қайтарда 80 минут ұшты. Ұшақтың барар және қайтар жолға кеткен уақытын салыстырыңдар.

  2. Әлияның 7 ойыншығы бар. Оның3 қуыршақ, қалғандары қоян мен аюлар. Қояндар аюлардан көп. Әлияда неше қоян бар?

  3. Екі әкесі мен екі баласы 3 алманы қалай тең бөліп жейді?

  4. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш қалай аталады?

  5. Тіктөртбұрыштың периметрі 30см, ұзындығы 11см,ені қанша?

2-топтың сұрақтары

  1. 1жұмыртқа 10 минутта піссе ,онда 5 жұмыртқа неше минутта піседі?

  2. Квадраттың қабырғасы 5см. Периметрі қанша?

  3. Саябақта жасыл және көк түсті 4 орындық бар. Жасыл орындықтар көк орындықтан артық. Орындықтардың санын анықта

  4. Ыдыстағы айранның жартысын балалар ішті. Қалғаны 2стақан болды. Ыдыста қанша айран болған?

  5. 3, 1, 2,4 ,0 сандарының қосындысы көп пе,көбейтіндісі көп пе?

IV-кезең «Топ басшысының сайысы»

Енді сіздермен топ жетекшілерінің білімін, біліктілігін тамашалау мақсатында дайындалған сұрақтарға берілетін жауаптарын тыңдауды ұсынамыз.

1топ басшысын ортаға шақырамыз.

  1. Жарты қарбыз 20теңге тұрса,бүтін қарбыз қанша тұрады?

  2. Бір тонна мақта ауыр ма, әлде бір тонна темір ауыр ма?

  3. Қандай сандар егіз сандар деп аталады?

2топ басшысын ортаға шақырамыз.

1.Қабырғасы 5см шаршының ауданы қанша?

2.Шам 20 минут жанады. Бірдей 10 шамды бірдей жақса қанша минут жанады?

3.Қандай сандар кемел сандар деп аталады?

Жүргізуші: Vкезең.Көрермендерге сұрақ Құрметті көрермендер,әділ қазылар алқасы әр топтың ұпай сандарын санағанша көрермендерге бірнеше сұрақ қойылады.

1. Бір таудың екі күзетшісі, екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар? (Бас)

2.Жаңылмастан жетеуі

Кезек қызмет етеді. (апта күндері)

3.Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі

Қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге санап қой.

Жүргізуші: Бір үйдің баласы болма,

Барша үйдің баласы бол.

Қауіп төнсе егер де,

Арқа сүйер панасы бол.

Ақыл жастан деген ғой,

Жол сілтер данасы бол.

Көптің бірі болмай,

Өз тұрғыластарыңның дарасы бол.

Жүргізуші: Сөз әділ қазылар алқасына беріледі.

Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Назарларыңызға рахмет,сау болыңыздар!

















Сыныптан тыс іс-шара



«Тапқырлар сайысы»





Өткізген: Қалиева О.Т.















Астана 2014





1топтың сұрақтары

1.Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1сағ.20минут ұшты да,сол жолмен қайтарда 80 минут ұшты. Ұшақтың барар және қайтар жолға кеткен уақытын салыстырыңдар.

2. Әлияның 7 ойыншығы бар. Оның 3 қуыршақ, қалғандары қоян мен аюлар. Қояндар аюлардан көп. Әлияда неше қоян бар?

3. Екі әкесі мен екі баласы 3 алманы қалай тең бөліп жейді?

4.Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш қалай аталады?

5. Тіктөртбұрыштың периметрі 30см, ұзындығы 11см,ені қанша?

2-топтың сұрақтары

1. 1жұмыртқа 10 минутта піссе ,онда 5 жұмыртқа неше минутта піседі?

2. Квадраттың қабырғасы 5см. Периметрі қанша?

3.Саябақта жасыл және көк түсті 4 орындық бар. Жасыл орындықтар көк орындықтан артық. Орындықтардың санын анықта

4.Ыдыстағы айранның жартысын балалар ішті. Қалғаны 2стақан болды. Ыдыста қанша айран болған?

5.3, 1, 2,4 ,0 сандарының қосындысы көп пе,көбейтіндісі көп пе?







Внеклассная работа

Внеклассная работа Внеклассная работа

Внеклассная работа Внеклассная работа

Внеклассная работа Внеклассная работа

Внеклассная работа



© 2010-2022