Сынып сағатының жоспары Адамгершілік асыл қасиет

Раздел Математика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік - асыл қасиет.
Сабақтың мақсаты: балалардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл,
қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Көрнекілік: күлімдеген күн, түнерген бұлт, кемпірқосақ суреттері.
Нақыл сөздер:
1. Дос кешірім сұрағанда илікпеген адамның күнәсі - ысырапшылық күнәсімен бірдей.
2. Адам бір тәуір іске жарамаса да, өзін аспаннан түскендей ұстауды ұнатады.
3. Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Абай.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру..
2. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - «Адамгершілік - асыл қасиет». Бұл сабақ арқылы біз өз бойымызға рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал етуді үйренуіміз керек.
- Адамшылық деген не? Бұл сұраққа жауап беру үшін рухани бай адам деген қандай адам, рух деген не? - деген сұрақтар төңірегінде ой өрбітемін.
Рух - деген адам бойындағы бір қуат. Ол қуат адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жасайтын барлық игі істеріңнің қайнар көзі.
Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады. Ақ-қара, күн-түн, ыстық-суық, жақсы-жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрініс болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың - «рух пен нәпсі» күресі жүріп жатады.
Шәкәрім.
Рухтың мекені - адамның жүрегі. Жүрек жылуы, махаббат, ар-ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық, адамшылық осы жүректен туындайды. Рухтың табиғаты материалдық зат емес, оның табиғаты - асыл нұр.
Күн адамның рухы болса, күн сәулесі - ақыл дейік. Себебі ақыл - рухтың құрамдас бөлігі.
Рухани бай адам - ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Осындай қасиеттері бар адамда адамшылық мол болады. Адамгершілік ұғымында да осы аталған қасиеттермен бірге аяушылық, сүйіспеншілік, жан аямай еңбек етушілік, т.б. көптеген сапалар кездеседі.
Бүгінгі сабақта осы сапалардың біразы туралы пікірлескенді дұрыс санадым. Ойымызды өрбітіп, бойымызға адамгершілік нәрін егу үшін тақтаға ілінген
Жарық-күн - көлегейленіп тұр, күнді бір мейірбан, жан-шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық.
Кәне бірінші бұлт. Сенің шешуің не, сен неге түнере қалдың?
Бұлттағы бірінші тапсырма: баяу ән әуенімен барлығымыз жағымды ойларға берілеміз, рухани жан азығынана бесік жырынан бастаған адам, әуен ырғағында тамаша ойларға беріледі. Жағымды ой ойлауға бір минут уақыт беріледі. (Бірнеше баладан ойлаған ойлары сұралады).
- Менің әскердегі ағайым аман-сау жүрсе екен.
- Аңсаған оқуыма түссем екен.
- Жер шарында тыныштық болса, т.б. ойлар айтылады.
- Осындай жағымды ойларың сендердің бойларыңа қайырымдылық, өмірге сенімділік әкеледі. Сухомлинскийдің «Ата-ана педагогикасы» кітабынан мына бір оқиғаны айтып берейін.
92 жастағы анасы қайтыс болған жігіт анасына табыт жасауға тақтай таба алмай қиналды. Бірақ, мейірімді жандар кездесіп, ағаш қоймасынан ағаш тіліп берді. Енді ол тақтайын үйге алып баруға көлік жоқ. Бірақ бұл жолы да қайырымды адам кездесе кетеді. Жүргізуші жігіт аттанар сапарынан жарты сағатқа кешігетін болса да, апарып тастауға келісіп, ағашты тиеп алып, қоймадан шыға бергенде автоколонка бастығына кездесіп қалады. Тақтай тиеп алған өз көлігін көрген басшы айқай салып, тоқтатып, жағдайды тыңдамай, жігіттің тақтайын түсіртіп, машинаны жұмысқа қоя береді. Көзінің жасы көл болған жігіт, тақтайдың қасында егіліп тұр. Жанжалды құлағы шалып қалған, өтіп бара жатқан ат-арбалы адам бұрылып келіп, қайырымдылық жасап, көмек қылады. Қиналған адамға ізгілік нұрын шашады. .
Аталарымыз сөйлесу мәдениеті туралы бізге қандай өсиет қалдырды екен?
Адамгершілік туралы «Атамның өсиеті» деген өлең бар:
Әдеп сақтап әманда, Ынтымаққа қосыл да,
Әрбір адал адамға Ықылас қой досыңда.
Жасасаң бір жақсылық, Ар-мақсатың нық болсын,
Қайтарады саған да. Ақылыңнан тосылма.
Кішілерді аяла, Ақылы бар баласың,
Кісілерден аянба. Айтқан тілді аласың.
Адамдығың көрінсін намысты боп өссең сен,
Анадай жан саяңда. Нағыз адам боласың!
Адамгершілік - деген ұлы сөз. Адамның игі іс-әрекеті, еңбек, достық, татулық-осының бәрі адамның адамгершілік қасиеті. .
Осы жарқыраған күндей, мейірімді, жан шуақты, көңілдерің ақ, адамға тек жақсылық жасай білетін, адамгершілігі мол азамат болыңдар. Бүгінгі сағатта аз болса да, жақсылықтың нұрын, адамгершіліктің дәнін алдыңдар деп ойлай отырып, ашылған күннің соңындағы әсем кемпірқосаққа көңіл аударайық.
1-ші түсі. Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңдар.
2-ші түсі. Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап жүр.
3-ші түсі.Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды, жұбатқаныңды, еске түсіру үшін бірнеше минут арнап көр.
4 - ші түсі. Әнді жиірек тыңдағаның дұрыс, бәрінен жақсысы жаныңды жадыратып, рахатқа бөленесің.
5 - ші түсі. Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.
6- шы түсі. Тыныштық сақтай білуге үйрен. Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдылан.
7 - ші түсі. Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі деген нақыл сөз жаныңда жүрсін.
Жаратылыс табиғаты.
Өсиет әңгіме.
Бір адам бір құлап, бір тұрып судан шыға алмай жатқан шаянды көреді. Адам оны құтқару ниетімен қолын созғанда шаян шағып алады. Адам шаянды сонда да судан құтқаруға тырысады, бірақ шаян қайта шағады. Мұны көрген біреу жақындап келеді де, қайта-қайта шаққан шаянды несіне құтқарып жатқанын сұрайды. Сонда жаңағы кісі: «Шағу шаянның табиғатында бар нәрсе. Менің табиғатымда болса сүю бар. Шаянның табиғатында шағу бар екен деп мен өзімнің сүю табиғатымнан бас тартпаймын ғой», -дейді.
Қорытынды.
Қымбатты, балалар, қазір барлықтарың жақсы бір сезім әсеріне берілесіңдер. Тыныштық сақтайық. Дыбыссыз босаңсып отырыңдар. Бойларыңа бүгіннен ,бастап жаңа шуақ енгізілді. Ол - адамгершілік шуағы. Ол жылу аяқтарыңның басынан бастап, жоғарылап барады. Қызу шуақты, ыстық жылулықты сездіңдер, жүрекке келді. Жүректеріңе жан шуағы орнады. Бүгіннен бастап жаман әдет пен қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ рухани сезімдерге бай адам болыңдар. Осындай әсем сезімде отырып бір-бірімізге жылы сөздер арнайық! Ықыластарыңа рахмет. Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.

© 2010-2022