Нөлдерге аяқталатын сандармен көбейту және бөлу тәсілдері

Раздел Математика
Класс 4 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы Ұйғыр ауданы

«Ж. Құдайбергенов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Нөлдерге аяқталатын сандармен көбейту және бөлу тәсілдері

Қайталау

Математика пәні

4 - сынып









Бастауыш сынып мұғалімі Назгуль Исмаилқызы Ильясова









2015жыл

Мерзімі

22 желтоқсан 2015 жыл

Пәні

математика

4-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Қайталау

Мақсаты:

Білімділік: Өткен материалдар жайлы оқушылардың білімін тиянақтау, ауызша және жазбаша есептеу, логикалық ойлау дағдыларын тексеру.
Тәрбиелік: Сауаттылыққа, шапшаңдыққа, тез ойлауға тәрбиелеу;
Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сілтеме:

4 сынып математика оқулығы, 137-138 бет

Күтілетін нәтиже:

-Өткен материалдар бойынша өз білім дәрежелерін байқайды.

- Өз ойларын еркін жеткізуге тырысады;

- Шығармашылық тапсырмалар арқылы ой-қиялдары дамиды;

- Топпен жұмыс істеуге үйренеді.

Міндеттер:

- пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру;

- жарыс арқылы тез дұрыс есептеуге үйрету;

- ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Оқыту әдістері:

топпен жұмыс, сұрақ - жауап

Тапсырмалар:

Топтық, диалог

Барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының әрекеті


Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал туғызу

«Алақан жаттығуы».
Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

Топқа бөлу

1-топ- « Арпа»

2-топ- «Бидай »

3-топ- « Сұлы»

Әр оқушы өзіне тиесілі орнына отырады, топтағы рөлдерді бөледі.

Үй жұмысын тексеру

136 бет, №9

3 топтан 1 оқушыдан жауап береді.

Ойланайық, пікірлесейік

№1.

5кг бидайдан 4 кг ұн алынады. 1 центнер бидайдан неше килограмм ұн алынады? Шешуі:1)100/5=20 2)20*4=80


-Балалар енді №2 келесі есепке назар аударайық.


2кг ұннан 3кг нан пісірледі. 1ц ұннан қанша килограмм нан пісірледі? Шешуі: 1) 100*3=300 2) 300/2=150

Есептің шешуін айтады.





Оқушылар есептің берілгенін оқулықтан оқу арқылы талдайды.

Оқып үйренейік: топтық жұмыс

Постермен жұмыс істеуге тапсырма беріледі: №3 есеп. Есепті теңдеу құру арқылы шығар.

Диірменге бірнеше килограмм бидай әкелінген еді. Одан 2240 кг ұн тартылды. Бидайдың массасын 400кг кемітіп, ал ұнның массасын 560 кг арттырса, олардың мөлшері бірдей болды. Диірменге неше килограмм бидай әкелінген еді?

(x-560)+400=2240

x-560=2240-400

x-560=1840

x=1840+560

x=2400

« » тобы:

а). Әр топ өз алдындағы плакатқа берілген есептің сызбасын құрып, оны түсіндіре отырып қорғайды.

Сергітусәті: логикалық жаттығулар

*Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді? *Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады? *Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек?

(т.с.с. бірнеше есептер беру)

Топтық жұмыс: Есептей білеміз бе?

№4.

№5. Көбейтуді орында және оны бөлумен тексер:

300 * 20=6000

246 * 20=4920

540 * 20 =10800

750 * 20= 150000

746 * 20=14920

728 * 20=14560

909 * 20=18180

805 * 20= 16100

№6.Тиімді тәсілмен есептеп шығар:

475 * 2 * 5=4750

5 * 18 * 20=1800

2 * 96 * 4=768

2 * 10 * 36=720

587 * 10 * 2=11740

678 * 5 * 4=13560

-Не байқадың?

№7.Ұзындығы 8 см, ал ені 2см тіктөртбұрыш сыз. Оны өзара тең 4 бөлікке бөл. Әр бөлікті тағы 4 бөлікке бөл. Тіктөрбұрыштың он алтыдан бір бөлігі неше квадрат сантиметр? Шешуі:

8cм



2см



№8.Өрнек түрінде жаз және мәнін тап:

а) 102 060-тың а-ға бөліндісін 3402-нің 3-ке көбейтіндісіне арттыр, мұндағы а=3

102060:а+3402*3 а=3

б) 10 206-ның 3-ке бөліндісін а-ның 3-ке бөліндісіне кеміт, мұндағы а=1026

10206:3-a:3 a=1026

Бағалау

Топ бір-бірін бағалайды

Үйге тапсырма беру

№9, 138бет

Үй тапсырмасын қалай орындау туралы нұсқау беру

Ұжымдық есеп

№8 есеп

Ұжым бойынша қағаздарда таратылып берілген есептерді шығару

Кері байланыс

Оқушыларға стикерлер таратылады

Оқушылар

ҰНАДЫ, ҰНАМАДЫ сөзін жазады

Бағалау

Топ басшысының бағалауы

Критерий арқылы бағаны не үшін қойды, қысқаша сипаттама айтып өтеді.


© 2010-2022