Математика апталығына. Ребус. Кроссвордтар

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дaмыту мәселелерінің негізгі мақсаты – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес келетін білімді, кәсіби біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелейтін білім негізін қалыптастыру. Білім берудің адамға, жеке тұлғаға қарай бағытталуы , білім мазмұнының демократиялылығы, заман талабына сай білім беру мен ұлттық тәрбие үрдісінің гуманистік сипаты – 12 жылдық білім берудің әдіснамалық негізі ретінде қызмет...
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика апталығына. Ребус. Кроссвордтар.Математика апталығына. Ребус. Кроссвордтар.Математика апталығына. Ребус. Кроссвордтар.Математика апталығына. Ребус. Кроссвордтар.Математика апталығына. Ребус. Кроссвордтар.Математика апталығына. Ребус. Кроссвордтар.Математика апталығына. Ребус. Кроссвордтар.Математика апталығына. Ребус. Кроссвордтар.Математика апталығына. Ребус. Кроссвордтар.Бұл сөзжұмбақтар жинағы жалпы орта білім беретін мектептен алған білімін кеңейтуде тіл теориясынан оқығанын талқылай білуге, өзінің алған әсерін, сезімін, ойы мен пікірін жеткізе алатын оқушылар деңгейіне арнап құрастырылды. Оқушылар өз ойын ауызша және жазбаша тілде жеткізіп, тәжірибеде жете қолдана білу. Қоршаған ортаның, әдет-ғұрыптардың, салт-дәстүрлердің, ана тілінің өзіндік ерекшеліктерін бейнелейді. Сонымен қатар, бастауыш сынып мұғалімдеріне дайын дидактикалық материал ретінде пайдалануға өте ыңғайлы. Мектептің бастауыш сатысындағы басқа оқу пәндерінің мазмұнымен пәнаралық байланыстар ескеріледі.

Математика апталығына. Ребус. Кроссвордтар.

  1. Еңбек сабағында қағазды жапсыру үшін қолданатын құрал.

  2. Қ.Р. тәуелсіздік күнінде айтылатын ән.

  3. Жұмсақ ойыншық жасағанда ішіне не саламыз?

  4. Біз күнделікті мектепке не үшін келеміз?

  5. Пластилиннің қазақшасы.

  6. Қию үшін қолданатын зат.

  7. Біз инемен жұмыс істеген кезде саусағымызға не киеміз?

  8. Еңбек сабағында жасайтын заттың бірі.

  9. Жыл мезгілі.

  10. Қ.Р-ның туында орын алған белгі.

  11. Еңбек сабағында тоқитын құрал.

  12. Туымызда қай құстың бейнесі бейнеленген.

  13. Біз оның бетінде жазамыз.



Суретті сөзжұмбақ

Көк шеңбердегі сөзді табыңдар.

Математика апталығына. Ребус. Кроссвордтар.

- See more at: balalaralemi.kz/article/1168/Suretti-sozzhumbaq#.VL9s_ixEuBM







Суретті сөзжұмбақ

Балаларға арналған суретті сөзжұмбақ

Сары ұяшықтағы сөзді табыңдар!



Математика апталығына. Ребус. Кроссвордтар.

- See more at: balalaralemi.kz/article/1148/Suretti-sozzhumbaq#.VL9ucCxEuBM





Ребус

Ребусты шешіп, жасырылған мақал-мәтелді табыңдар!

Математика апталығына. Ребус. Кроссвордтар.

- See more at: balalaralemi.kz/article/1278/Rebus#.VL9byCxEuBM



Жаңылтпаштар

Асан бақша жақтан.

Ақ сабақ асқабақ әкелді,

Басқа жақтан.

Басқарақ асқабақ әкелді.

Ала-ала алашалар,

Тамаша олар,

Оған кім таласа алар.

доп теп
дөптеп

сұр інген сүрінген бе
сүрінген сұр інген бе

бұлаң бұлаң еткен бұл аң
бұлаң десем екен қылаң

Біреуі көрікті кісі,

Біреуі бөрікті кісі.

Көрікті кісі - зорықты,

Бөрікті кісі - қорықты.

Тоқпақ жаттап,

Айтсақ жақсы-ақ.

Жатка тақпақ

Жатта тақ-тақ

Қондық жаңа қонысқа,

Қалың екен жоңышқа.

Қоныстағы жоңышқа,

Оралады қонышқа!

Кермеде тұр қырық

кір қыстырғыш,

Қырық кір қыстырғышқа

Қырық қыз келіп,

кір қыстырды.

Ата мен әже, ана да,

Алма мен алмұрт тереді,

Ауырға Арман бала да,

Арбамен тасып береді.

Баланың жаман баға алмағаны,

Мұғалім ағаның жаман болмағаны.

Қоғанбай қомағай ма?

Жоқ, ағай

Қоғанбай қомағай емес,

Зор ағай.

Есім есі кетіп есінеп отыр екен.

Ол несіне.

Есі кетіп есінеп отыр екен.

Жағажайды жағалай,

Жүгіреді Қамажай.

Күз, Кез, Көз,

Күш, Кеш, Көш,

Кір, Кер, Көр,

Күл, Кел, Көл,

Кілең қысқа сөз,

Кім оқиды тез?

- See more at: balalaralemi.kz/zhanyltpashtar#sthash.4V3ZmBW1.dpuf



Физика-математикалық сұрақтар

Бір сан табыңдар, квадраты өзінің жартысына тең болсын!

Жауабы 0,5

Мұздатқыштан жаңа шыққан суық мұз салынған ыдысты ұстап көргенсіз бе? Ұстаған болсаңыз саусақтарыңыздың ыдысқа жабысып қалғанын байқаған боларсыз. Неліктен солай жабысатынын білесіз бе?

Жауабы Саусақтарымыз қашанда аздап болса да ылғалды болады. Мұздатқыштан жаңа шыққан мұз ыдысын ұстағанда қолымыздағы ылғал тез арада тоңады. Саусақтарымыздың қысымы да бұл тоңған ылғалдың ыдыстағы мұз кристаллдарына жабысуына себеп болады. Мұз салынған ыдысты жалайтын болсаңыз тіліңіз ыдысқа жабысып қалады және тіліңізді ажыратуға тырысқаныңызда терісінің бір қабаты жұлынып кетуі де әбден мүмкін.

Бір кісінің 2 қыз, 3 ұлы бар. Балалардың бәрінің жастарының қосындысы 26. Ұлдарының жастарының орталамасы (орташа саны) 7. Бір қыз қосылса орташа жас 6-ға түседі. Ендеше ең кіші қызының жасы қаншада?

Жауабы 2 жаста

Өзеннің бір жағасында 10 метр, арғы жағасында 15 метр биіктікте екі ағаш тұр. Екі ағаштың төбесінде бір-бір құстан қонып тұр. Өзеннің ені 25 метр. Екі құс бір уақытта өзенде жүзіп жүрген бір балықты көріп, тез ұшып балыққа бірдей уақытта жетіп барады. Құстардың жылдамдығы тең болуына қарағанда, балық ұзын ағаштың түбінен қанша метр қашықтықта жүзіп жүр?

Жауабы Құстар бірдей уақытта жетіп барған болса, барған жолдары тең деген сөз, яғни гипотенузалары тең. Пифагор теоремасы бойынша 102 + (25-х)2 = 152 + х2 теңдігі жазылады. Бұл теңдіктен х=10 шығады.



Теңіздің түбінен, салмағы бірдей және судан жеңіл болған және бірінің диаметрі екіншісінен екі есе үлкен болған екі доп жіберілсе, қай доп судың бетіне бірінші шығады?

Жауабы Судың жоғары көтеру күші - заттың көлеміндей судың салмағымен заттың салмағының айырмасына тең. Осы себепті үлкен допты көтеретін күш көп болатындықтан су бетіне бірінші болып үлкен доп шығады. - See more at: balalaralemi.kz/zhumbaktar/view/48#sthash.RVuOoqLk.dpuf


1) Бір сан ойлаңыз!
2) Бұл санды 4-ке көбейтіңіз!
3) Оған 18-ді қосыңыз!
4) Шыққан санды 2-ге бөліңіз!
5) Нәтижеден 7-ні алыңыз!
6) 3-ке көбейтіңіз!
7) 6-ға бөліңіз!
8) Баста ойлаған санды алып тастаңыз!

Жауабы Нәтиже үнемі 1 шығады.


366 күн болатын жылдарда аптаның барлық күндері 52 рет, тек екі күні 53 рет қайталанады. Ал енді осы жылы (2012) қай күндер 53 рет қайталанады?

Жауабы Жексенбі және дүйсенбі күндері 53 рет қайталанады.



Автокөлігіңіздің артқы орындарында балаңыз отыр. Қолында газ толы шар бар. Бала шардың жібін шар төбеге тимейтіндей етіп ұстап отыр. Бүкіл терезелер жабық. Солға бұрылып жатырсыз. Шар солға кете ме, оңға кете ме, әлде ортада қала ма, немесе басқа әрекет жасай ма?

Жауабы Шар солға кетеді. Ауа шардың ішіндегі газдан ауыр. Сол себепті автокөлік солға бұрылған кезде ауа оңға қарай ығысады да, шарды солға қарай итереді. - See more at: balalaralemi.kz/zhumbaktar/view/48#sthash.RVuOoqLk.dpuf

3 адам ортадан ақша шығарып 30 теңгеге нан алдырмақшы болыпты. Әр қайсысы 10 теңгеден шығарып, кішкентай баланы нанға жұмсап жібереді. Бала нанды 25 теңгеге сатып алады. Наннан артылған 5 теңгенің 2 теңгесін өзіне алып, қалған 3 теңгені үш адамға бір-бір теңгеден бөліп береді. Бұл кісілер басында 10 теңгеден берген еді. 1 теңгені қайтарып алғанда 9 теңге берген болады. 3 адам 9 теңгеден бергенде үшеуінің қосындысы 27 теңге болады. Баладағы 2 теңгені де қосқанда 29 теңге болады. Сонда бір теңге қайда кетті?

- See more at: balalaralemi.kz/zhumbaktar/view/48#sthash.RVuOoqLk.dpuf

Жауабы Баладағы 2 теңге 27-нің ішіндегі ақша, 27-ге адамдардағы 3 теңгені қосқанда 30 болады - See more at: balalaralemi.kz/zhumbaktar/view/48#sthash.RVuOoqLk.dpuf





Логикалық сұрақтар

Қашан теңеседі

Бір ананың үш қызы болады.
Шешесі 42 жасқа келгенде, үлкен қызы 19-ға, ортаншысы 11-ге, ал сүт кенжесі 2 жасқа толады.

Қанша жылдан кейін анасы мен үш қызының қосынды жасы теңеседі? Ойлынып көр.

Жауабы Алдымен үш қызымен шешесінің жас айырмасын табу керек. Ол 10 жас. Бір жылда шешесінің жасы 1-ге, үш қызынікі 3-ке артады. Олай болса 3-тен 1-ді шегеру керек. 2 саны шығады. Ол 10 айырмаға сай келеді, яғни 1 санына 5 жас сәйкес. Демек, бес жылдан кейін шешесі мен үш қызының жасы бірдей болады.

Дана 12 жас

Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды?

Жауабы12 құс. (Тордан ұша алмайды)

2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды?

Жауабы 2 сағат ойнайды

Әкесі 34 жаста, баласы 11 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болады? Теңдеу арқылы шеш.

Жауабы 34+х=2(11+х)
34+x=22+2x
-2x+x=22-34
-1x=-12
x=12/1
x=12

Тапқыр тұтқын

Бір патша тұтқынға түскен дұшпан әскеріне былай дейді: «Маған бірдеңе айт, егер айтқан сөзің өтірік болса атып өлтірткіземін, егер шын болса дарға асып өлтіртемін.» Сонда әлгі тұтқын бір нәрсе айтып, аман қалыпты. Тұтқын не айтты екен?

Жауабы Мені атып өлтірткізесің» депті. Егер оны атып өлтірсе, шындықты айтқан болатындықтан асып өлтірілуі қажет болады. Егер оны асып өлтіртсе өтірік айтқан болып, атып өлтірілуді қажет етер еді.

Жаңғақтар

Мұраттың 7, Мақсаттың 8 алмасы бар, ал Асанның алмасы жоқ. Алмаларды үшеуі бес бестен теңдей қылып бөліп жейді. Кейін Асан үйінен 30 жаңғақ алып келеді. Мұрат пен Мақсатқа берген алмаларының мөлшеріне тең келетіндей етіп бөлістіріп береді. Екеуіне қанша қаншадан түседі?

Жауабы Мұратқа 12 жаңғақ, Мақсатқа 18 жаңғақ беріледі.

Барлық жылқының үштен бірі және екеуі бөлініп алынды. Бұдан соң қалған жылқының жартысы айдалып кетті. Сонда өрісте 9 жылқы қалды. Басында неше жылқы болды?

Жауабы 30 жылқы

Атасы немерелеріне сақтап қойған асығын бергісі келді.Оларға жетеуден берсе, асықтың екеуі артық қалады. Ал сегізден берсе, асықтың біреуі жетпей қалады. Атаның неше немересі бар? Асығы нешеу?

Жауабы 23 асық, 3 немере



Қанша жаста

Серік әкесінің бүгінгі жасына жеткен кезде, қарындасының жасы қазіргі жасынан 2 есе үлкейеді. Ал қарындасы әкесінің бүгінгі жасына жеткенде, Серіктің жасы бүгінгі жасынан 2 есе үлкейеді. Үшеуінің жастарының қосындысы 100 болса, әр бірінің жасы қаншада?

Жауабы Серікпен қарындасы 25 жаста, әкелері 50 жаста.

Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп, «Мына кітапты оқысаң, саған 2000 теңге беремін», депті. Баласы 1 аптадан кейін әкесіне келіп, «Әке кітапты оқыдым, 2000 теңгемді бересіз бе?» дейді. Сонда әкесі баласына «Кітапты оқымағансың» деп жауап беріпті. Баласының кітапты оқымағанын әкесі қайдан білген?

Жауабы Өйткені 2000 теңге кітаптың ішінде болған.

Солтүстік полюстен оңтүстік полюске қарай жердің ортасынан өтетін бір тунел қазылды деп елестетейік. Осындай шұңқырға құлаған жағдайда соңы не болады?

Жауабы Солтүстік полюстен құлаған кезде жердің тарту күшімен жердің ортасына қарай сағатына 8 км жылдамдықпен құлайды. Ортасына жеткен кезде де тоқтамай түсе береді. Бірақ жердің тартылыс күшіне қарсы бағыт болғандықтан жылдамдығы азайып, жер бетіне шығарда жылдамдығы нөлге түседі. Сол кезде сыртта қала алса оңтүстік полюсте қалады. Егер оңтүстік полюсте қала алмаса ортасына қарай қайтадан түсе бастайды. Солтүстік полюске жетер-жетпес қайтадан оңтүстік полюске қарай қайтады. Осылайша маятник сияқты барып келіп тұрады. Бірақ ауаның кедергісімен жылдамдығы азая келе, соңында жердің ортасында қалады.









Қанша балық

Бір аю әр күні алдыңғы жеген күніндегіден 6 балық артық жей отырып 5 күн ішінде 100 балық жейді. Аю бірінші күні қанша балық жеген?

Жауабы Х+(Х+6)+(Х+12)+(Х+18)+(Х+24)=100

5Х=40, Х=8 балық.

- See more at: balalaralemi.kz/zhumbaktar/view/52#sthash.LsiPWA8w.dpuf

Қандай түс

3 адамға екеуі қызыл, екеуі қара түсті болған 4 баскиімнен кездейсоқ үшеуін кигізеді. Баскиім киген кісілер өздерінің басындағы бас киімнің түсін көре алмайды. Алдындағы екі адамдікін көреді. Әркім өздерінің басындағы баскиімнің түсін табуы керек және бір рет қана айту мүмкіншіліктері бар. Басындағы баскиімнің түсін қалай таба алады?

Жауабы Алдындағы екеуі бірдей түсті баскиім кигенін көрген адам өзінің басындағының басқа түс екенін түсініп айтады. Онан соң қалған екеуі де өзінің баскиімінің қай түс екенін біледі. - See more at: balalaralemi.kz/zhumbaktar/view/52#sthash.LsiPWA8w.dpuf

Үш лампа

Бір бөлмеде 3 лампа бар, ал бұлардың қосқышы (включатель) басқа бөлмеде. Лампалардың барлығы сөнік тұр. Лампалар тұрған бөлмеге бір рет қана баруға болады. Қай қосқыш қай лампаға тиесілі екенін бір рет қана барып келіп қалай анықтауға болады?

Жауабы Әуелі бір қосқышты басып, 5 минуттай күткеннен соң оны сөндіріп басқа қосқышты басамыз. Бөлмеге келгенде сөніп тұрған бірақ ыстық лампа әуелгі қосып өшірген бірінші қосқышқа тиесілі. Жанып тұрған лампа екінші қосқышқа, ал сөніп суық болып тұрған лампа еш тимеген үшінші қосқышқа тиесілі. - See more at: balalaralemi.kz/zhumbaktar/view/52#sthash.LsiPWA8w.dpuf





Айдостың есебі

Айдос 5 дүкенге кіріп, қалтасындағы бүкіл ақшасын жұмсайды. Әр дүкенде, сол дүкенге кірер кездегі ақшасының жартысынан 1 теңге артығын жұмсайды. айдостың үйінен шығар кезде қалтасында қанша теңге бар еді?

Жауабы Айдос соңғы дүкеннен шыққанында ақшасы мүлдем қалмағанына қарағанда, сол дүкенге кірерде жартысы 1 теңге болатын ақшасы бар деген сөз. Яғни екі теңгесі қалған еді. Мұнан алдыңғы дүкендерге кеткен ақшаны есептеу үшін бұл ақшаларға 1 теңге қосып, 2 ге көбейтсек, Айдостың әр дүкенге кірер кезде қалтасында қанша ақша болғанын табамыз.

4- дүкенде: 2 (2+1)= 6 теңге

3- дүкенде: 2 (6+1)= 14 теңге

2- дүкенде: 2 (14+1)= 30 теңге

1- дүкенде: 2 (30+1)= 62 теңге

- See more at: balalaralemi.kz/zhumbaktar/view/52#sthash.LsiPWA8w.dpuf

Төрт бұрыштан 1 бұрышын алып (қиып) тастасақ неше бұрыш қалады.

Жауабы 5 бұрыш

3 Аңшы 3 сағатта 3 үйрек аулай алатын болса, 9 аңшының 9 үйректі аулай алуы үшін қанша сағат керек?

Жауабы 3 сағат

Жандостың үйінің бақшасында кәрі бір ағаш бар. Әр жылы 25 сантиметр өседі. Жандос 8 жасар кезінде жерден 140 сантиметр биіктіктегі ағаштың діңіне ЖАНДОС деп есімін жазады. Жандос 12 жасқа толғанда бұл жазу қанша снтиметр өскен болады?

Жауабы Еш өспейді. Өйткені кәрі ағаштардың діңі емес бұтақтары өседі. - See more at: balalaralemi.kz/zhumbaktar/view/52?page=1#sthash.eZ1rRLxw.dpuf

А қаласынан сағат 8:00-де ұшқан ұшақ Б қаласына қонғанда сағат 10:00 болады. Сол ұшақ Б қаласынан сағат 14:00-де ұшып, А қаласына қонғанда сағат 20:00-ді көрсетеді. Бірдей жылдамдықпен барып келген ұшақтың А қаласынан Б қаласына баруы немесе Б қаласынан А қаласына қайтуы қанша сағат?

Жауабы А мен Б қалаларының уақыттарында 2 сағат айырмашылық бар және екі қала арасындағы сапар 4 сағатқа созылады. - See more at: balalaralemi.kz/zhumbaktar/view/52?page=1#sthash.eZ1rRLxw.dpuf

Бір жүк машинасының артында бір шелек тұр. Жаңбыр жауа бастады. Шелек, жүк машынасы тоқтап тұрған кезде тез тола ма, әлде жылдам кетіп бара жатқан кезде ма?

Жауабы Шелекке судың толу жылдамдығы машинаның тоқтап тұруына немесе жүруіне байланысты емес. Шелек екі жағдайда да бірдей жылдамдықта толады. - See more at: balalaralemi.kz/zhumbaktar/view/52?page=1#sthash.eZ1rRLxw.dpuf

Шәугімде су қайнату үшін отқа қойған кезде басталған ызыңдаған дыбысты бәріміз білеміз. Бұл дыбыс бара-бара артады және су қайнай бастағанда бірден тоқтайды. Судың дайын болғандығын, яғни қайнағандығын осы дыбыстың тоқтағанынан түсінеміз. Бұл дыбыс қалай, ненің әсерінен пайда болады, айтып бере аласыз ба?

Жауабы Шәугімнің ішіндегі судың алдымен астыңғы бөлігі қызады. Ыстық жоғары көтерілгенде түбінде бу көпіршіктері (ауа көпіршіктері емес) пайда болады. Судан жеңіл болғаны үшін жоғары қарай көтерілген бұл көпіршіктер жоғарыдағы салқындау болған су қабаттарымен кездескен кезде сөнеді. Қаншама көпіршіктің сөнуін біз ызыңдаған дыбыс ретінде естиміз. Қайнау температурасына дейін ысытылғанда, суық қабат қалмайтыны үшін ызыңдаған дыбыс естілмейді. - See more at: balalaralemi.kz/zhumbaktar/view/52?page=1#sthash.eZ1rRLxw.dpuf

Сумен толтырылған шелек таразыда 10 кг болады. Шелектің ішіне, жіптің ұшына байланған темір шар батырылады. Шар шелектің түбіне тимейді, әрине шелектен белгілі мөлшерде су тасып шығады. Шелектің ауырлығы артады ма, азаяды ма, әлде өзгермейді ме?

Жауабы Азаяды. Таразы, суға батырылған темір шарды тартпайды. Шардың көлемі қанша болса, шелектің ауырлығы сонша грамға азаяды. - See more at: balalaralemi.kz/zhumbaktar/view/52?page=1#sthash.eZ1rRLxw.dpuf

100 шөжек, 100 кг бидайды 100 күнде жейтін болса, 10 шөжек, 10 күнде қанша кг бидай жейді?

Жауабы1 кг



© 2010-2022