Ашық сабақ. 10 саны мен цифры

Тақырыбы: 10 саны мен цифры. Бір және екі таңбалы сандар.Мақсаты:10 саны мен цифрымен танысу;10 санының құрамымен таныстыру;Бір таңбалы және екі таңбалы сандар ұғымын қалыптастыру.Міндеттері: Сандарды бір- бірімен салыстыру, саралау, талдау жұмыстарын жүргізуге нұсқаулар беру;Жеке , жұпта, топта ойларын бөлісіп, топта талқылау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;Күтілетін нәтижелер : Сабақ соңында балалар 10 санын таниды ,жаза алады ;Сурет бойынша өрнектер құрастыру, оларды салыстыру;Жеке ,жұпта, т...
Раздел Математика
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: 10 саны мен цифры. Бір және екі таңбалы сандар.

Мақсаты:10 саны мен цифрымен танысу;10 санының құрамымен таныстыру;Бір таңбалы және екі таңбалы сандар ұғымын қалыптастыру.

Міндеттері: Сандарды бір- бірімен салыстыру, саралау, талдау жұмыстарын жүргізуге нұсқаулар беру;

Жеке , жұпта, топта ойларын бөлісіп, топта талқылау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;

Күтілетін нәтижелер : Сабақ соңында балалар 10 санын таниды ,жаза алады ;

Сурет бойынша өрнектер құрастыру, оларды салыстыру;

Жеке ,жұпта, топта бір-біріне сенімділік білдіреді, ұйымшыл болады, бірін-бірі үйретеді ;

Нәтижені бағалау , тексеру :

Еркін сөйлеу арқылы бір таңбалы, екі таңбалы сандар туралы оз ойларын айтады;

Қажетті материалдар, көрнекіліктер : Суреттер , сандар, маркер, қосымша есептер.





Барысы:Ұйымдастыру кезеңі.

Армысың, сұлу күн!

Армысың ашық аспан!

Қайырлы күн баршаға!

Тірек білімдерін жетілдіру.

А) 1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.

Ә) 5-тен 8-ге, 3 -тен 7 -ге, 2 -ден 6 -ға дейін тура және кері санау

Б) Ойын.« Мен қандай санмын?»

Шарты: Таңдап алынған санның қай сан екенін көмекші сөздер арқылы табу.

Жаңа материалды меңгерту.

1) 9 санының көршісі қандай?

2) 9 бірлікке 1 бірлікті қосса 10 бірлік шығады.

3) 9+1=10

4) 10 санының таңбасын баспа және жазбаша түрімен таныстыру.

5) Бір таңбалы және екі таңбалы сандар туралы ұғым беріледі.

Бір және екі таңбалы сандарды оқу.

6) 5, 7, 9 сандарын жазу үшін неше цифр ,10 санын жазу үшін неше цифр қолдандық ?

7) Қортынды жасау. 10 екі таңбалы сан.

Ертегі.Ертеде Сандар патшалығында санның үлкен кішісі болмапты. Сандар сондықтан да кейде бір-бірімен келісе алмай, керісіп қала береді екен. Сонда сандар патшасы барлығының орнын тауып реттей бастайды. 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10. 10-ға келгенде 9 саны оған келіспей, мен 10-нан кейін тұрамаймын,сандардың үлкені боламын деп бүлік шығарды. 10 саны да 9 дан кіші болғысы келмеді.

Сандар патшасы сонда көп ойланып ,жарайды, 9 сен бір таңбалы сандардың ең үлкені боласың,бірақ 10 -нан кейін тұрасың.Ал 10 сен 9-дан үлкен боласың, бірақ екі таңбалы сандардың кішісі боласың деп әділ шешімін тауыпты. Бұл шешімге 9 бен 10 да риза болады.

Дәптермен жұмыс. 10 санын екі қатар жазу

Оқулықпен жұмыс.

№ 1.( жазбаша) Өзара байланысты өрнектер құрастыру.

9+1=10 8+2=10 7+3=10

1+9=10 2+8=10 3+7=10

10-9=1 10-8=2 10-7=3

10-1=9 10-2=8 10-3=7

Сергіту жаттығуы

Оң қолымда бес саусақ ,

Сол қолымда бес саусақ,

Бесті беске қосқанда ,

Болады екен он саусақ.

№4 Сурет бойынша теңсіздіктер құрастыру .

5 > 3 4 >3

Суретте берілген үй жануарлары туралы әңгімелеу .

-Суретте қандай үй жануарлары бар?

-Қандай жабайы аңдарды білесіңдер ?

Сүтқоректілер туралы қысқаша әңгімелеу. Сүтқоректілер жайлы деректі фильм көрсету.

№5 Ойын: « Бірдей суретті тап »

Үлестірмелі карточкалармен жұмыс

Қортындылау. Ойын : « Сандарды ажырат »

Шарты: Бір таңбалы сандарды -қызыл түспен, екі таңбалы сандарды - көк түспен бояу.





© 2010-2022