Интеллектуалдық ойын Жұлдызды сәт (7 сынып)

Раздел Математика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жұлдызды сәт

Интеллектуалды ойын

7 сынып

№39 ОМГ мұғалімі:

Разакпаева Э.С.

Сыныптан тыс сабақ: «Жұлдызды сәт».

Мақсаты:

математиқалық есеп арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, шапшандылықтарын, ептіліктерін дамыту, ойын арқылы пәнге деген кызығушылықтарын ояту.

Міндеттері:

  1. оқушылардың ой -өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін, есте сақтау, сөйлеу мәнерін дамыту

  2. оқушыларды алғырлаққа, тапқырлыққа, шапшандыққа

тәрбиелеу.

  1. топтық жұмысқа баулу.

Көрнекілігі: компьютер, проектор, компьютерлік презентация.

Түрі: сайыс.

Әдісі: топ бойынша жұмыс.

Сайыстың жоспары:

  1. Таныстыру кезеңі

  2. Математик ғалымдар

  3. Ежелгі математика

  4. Алгебра әлеміне саяхат

  5. Тапқыр достар.

  6. Сен білесің бе?.

  7. Қорытынды кезеңі


Сайыс барысы


7 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Жұлдызды сәт» интеллектуалдық сайысқа қош келдіңіздер!

Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.

Интеллектуалдық ойын Жұлдызды сәт (7 сынып)«Білімді азамат -ел ертеңі», «Білікті бірді, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар- дей отырып сол сайысқа қатысушы азаматтарды ортаға шақырайық.

Білімді ұрпақ - еліміздің тірегі!

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар.

- деген Жүсіп Баласұғын.

Қазір біз, балалар , осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, өнерімізді, білімімізді саралап, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік. Сіздерге Ақ жол тілеймін.

Сайыс кезеңдері

1 - кезең «Таныстыру»

Әр топ өздерін таныстырып өтеді: топ аты, ұраны.

  1. _______________________

  2. _______________________

  3. _______________________

  4. _______________________

Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпақтан-ұрпаққа өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес.

2 - кезең «Математик ғалымдар және ұлы ғұламалардың нақыл сөздері»

  1. Интеллектуалдық ойын Жұлдызды сәт (7 сынып)Әбу Насыр әл-Фараби

  2. К.Гаусс

  3. С.Ковалевская

  4. Пифагор

  5. М.В.Ломоносов

  6. А.Байрон

Сұрақтар:

  1. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін-математика». Кімнің сөзі? (М.В.Ломоносов)


  1. Математик, дәрігер, ақын,музыкант, екінші Аристотель атанған шығыстың ғұламасы кім? (Әбу Насыр әл-Фараби)

Қазақ жерінде, Арыс өзенінің бойындағы Отырар қаласында дүниеге келген болашақ ғалымның толық аты-Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ әл-Фараби ат-Түрки еді.

  1. «Математика-ғылымдардың патшасы, ал арифметика-математика патшасы». Кімнің сөзі?( К.Гаусс)

Бұл ХІХ ғасырдың математигінің дарындылығы 3 жасынан пайда болған. Әкесінің есебінің шешімінен қате тапқаны белгілі. Ал 19 жасында,ғалым математиктердің 2000 жыл шешалмаған, дұрыс жетібұрыш және тоғыз бұрыштардың салу есептерін шешкен. Бұл кішкентай дарынды бала кейін «математика патшасы» данқына ие болған.

  1. Ең алғашқы калькулятордың пайда болуына үлкен үлес қосқан математик. (Ада Лавлейс)

Ада Лавлейс ағылшын жазушының жалғыз қызы. Ол тағы ең алғашқы программист атағын алған.

Интеллектуалдық ойын Жұлдызды сәт (7 сынып)3 - кезең «Ежелгі математика»

  1. Греция

  2. Рим

  3. Египет

  4. Қытай

  5. Үнді

  6. Ресей

Сұрақтар:

  1. Қай жерлердің халқы абак атты санау тақтайшаларымен жұмыс атқарған? (грек, рим)

  2. Қай жерде «половина», «четь», «полчети» деген өлшем бірлігімен пайдаланған? (Ресей)

  3. 1500 жыл бұрын ең бірінші «0» қолданған ел. (Үнді)

  4. Қай жерде ең бірінші теріс сандарды қолданған? (Қытай)

4 - кезең «Тапқыр достар»

Интеллектуалдық ойын Жұлдызды сәт (7 сынып)

Жауабы: 2,3.

Интеллектуалдық ойын Жұлдызды сәт (7 сынып)

Жауабы: 1,3,4.

Интеллектуалдық ойын Жұлдызды сәт (7 сынып)Жауабы: 2.

Интеллектуалдық ойын Жұлдызды сәт (7 сынып)

Жауабы: 2.

Интеллектуалдық ойын Жұлдызды сәт (7 сынып)

Жауабы: 4.



5 - кезең «Сен білесің бе?»

Интеллектуалдық ойын Жұлдызды сәт (7 сынып)

Жауабы: 2.

Интеллектуалдық ойын Жұлдызды сәт (7 сынып)

Жауабы: 4.

6-кезең Финал

Интеллектуалдық ойын Жұлдызды сәт (7 сынып)

Марапаттау

Қорытынды «Күнделікті өмірде математиканы қолдана біл!

© 2010-2022