Ондық бөлшектердің оқылуы және жазылуы

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітемін» «Келісемін» «Қаралды»

Мектеп директоры Оқу ісінің орынбасары Бірлестік жетекшісі

............Р.А.Ермуханова ........... Л.А.Омирходжаева ..............С. Мырзагалиева

Абай атындағы гимназия мектебі МДШО КММ

Тақырыбы:

Ондық бөлшектердің оқылуы және жазылуы

Математика пәні мұғалімі: Сүлейбек Ж.

5 а сынып

2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Ондық бөлшек. Ондық бөлшекті оқу және жазу»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ондық бөлшектер ұғымын енгізу, кейбір бөлімі 10, 100, 1000... т. с. с. болатын жай бөлшектердің бөлімсіз жазылуын. Ондық бөлшек деп аталатын сандармен танысу. Оларды оқу және жазуды үйрену. Бірліктен де кіші разрядтар, олардың атаулары, ондық бөлшектерді оқу және жазудағы маңыздылығын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, өз ойын сауатты түрде жеткізе білуді қалыптастыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге, тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекіліктері: оқулықтар, интерактивты такта
Оқыту әдістері: Түсіндірмелі сұрақ - жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.. Сабаққа қажетті құралдарын түгендеп, дұрыс отыруларына назар аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру.

№1213

Бөлінділерді ондық бөлшек түрінде жазыңдар.

Ондық бөлшектердің оқылуы және жазылуы Ондық бөлшектердің оқылуы және жазылуы
Өтілген тақырыптарды қайталау.
ІІІ . Графикалық диктант:
- иә, - жоқ
1. Санның бөлігін табу үшін, санды осы бөлікке бөлу керек.( жоқ)
2. Бөлігі бойынша санды табу үшін, бөлікке сәйкес санды осы бөлшекке бөлу керек(ия)
3. Алымы бөлімінен кіші бөлек бұрыс бөлшек.(жоқ)
4. бөлшектері қыс қарылмайтын бөлшектер.(ия)
5. Көбейтіндісі 1 - ге тең болатын сандар өзара кері сандар.( ия)
6. Натурал санды бұрыс бөлшек түрінде жазуға болады.(ия)
7. Бөлшек сызығының астында бөлшектің алымы жазылады(жоқ)
8. Бірлік кесіндісі берілген сәуле координаталық сәуле деп аталады.(ия)

Қандай бөлшектер ондық бөлшектер деп аталады?

Ондық бөлшектің жазылуында үтір қайда қойылады?

Ондық бөлшектің жазылуындағы қай цифрлар ондық таңбалар деп аталады?

Бөлімдері 10, 100, 1000 және т.с.с разряд бірліктері болатын жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазу үшін:


ІV. Есептер шығару:

  1. Ондық бөлшектерді оқыңдар

Ондық бөлшектердің оқылуы және жазылуы Ондық бөлшектердің оқылуы және жазылуы Ондық бөлшектердің оқылуы және жазылуы


  1. Ондық бөлшек түрінде жазыңдар:



  1. нөл бүтін оннан бес; 4) нөл бүтін жүзден үш;

  2. нол бүтін жүзден он сегіз; 5) екі бүтін мыңнан жеті;

  3. үш бүтін мыңнан екі жүз он; 6) тоғыз бүтін жүзден тоғыз;

№1220. Ондық бөлшек түрінде жазыңдар.

  1. Ондық бөлшектердің оқылуы және жазылуы

  2. Ондық бөлшектердің оқылуы және жазылуы

  3. Ондық бөлшектердің оқылуы және жазылуы

№1221. Ондық бөлшектерді разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазыңдар.



  1. Ондық бөлшектердің оқылуы және жазылуы

  2. Ондық бөлшектердің оқылуы және жазылуы

№1223. Шамалардың мәндерін ондық бөлшек түрінде жазыңдар.

  1. метрмен: 3м 15см , 2м 7см , 35м 9см ;

  2. киолграммен: 6кг 350г , 4кг 83г , 650г , 49г ;

  3. теңгемен: 5тг 61 ти , 17тг 35ти , 67ти .


V. Бекіту сұрақтары:

  1. Қай разряд бірліктер разриядынан 10 есе кіші?

  2. Қай разряд ондық үлестер разрядынан 10 есе кіші?

  3. Қай разряд жүздік үлестер разрядынан 10 есе кіші?

  4. Қай разряд мыңдық үлестер разрядынан 10 есе кіші?

  5. Қандай бөлшектер ондық бөлшектер деп аталады?

  6. Ондық бөлшектің жазылуында үтір қайда қойылады?

  7. Ондық бөлшектің жазылуындағы қай цифрлар ондық таңбалар деп аталады?

  8. Бөлімдері 10, 100, 1000 және т.с.с разряд бірліктері болатын жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазу үшін:

  9. Ондық таңба деген не?

VІ. Үйге тапсырма §7.1 қайталау ,№1227 .



© 2010-2022