Санды теңсіздіктер 6 сынып

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: математика

Сыныбы: 6

Күні: 4.02

Тақырыбы: Санды теңсіздіктер және олардың қасиеттері

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің қасиеттерін түсіндіру Дамытушылық: Есеп шығару дағдыларын қалыптастыру, өз беттерінде еңбектенуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: слайд.

Сабақтың құрылымы:

*Ұйымдастыру кезеңі (1-2 минут)

* Үй тапсырмасын тексеру (5 минут)

* Өткен материалды қайталау (3 минут)

* Жаңа тақырыпты түсіндіру(5-7 минут)

* Есептер шығару (25 минут)

* Сабақты қорытындылау (3 минут)

* Бағалау (2 минут)

* Үйге тапсырма (1 минут)

Сабақтың барысы:

Уақыты

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлем -сөздің атасы

Амандасу;

Түгендеу;

Бүгінгі күннің сабақ жоспарымен таныстыру;

Мұғаліммен сәлемдеседі;

Кезекші сыныпты түгендейді, үйге берілген тапсырманы айтады.

5 минут

Үй тапсырмасын тексеру

Жақсы сөз жанға азық.

Үйге берілген есептің шығару жолын тақтада көрсету.

Үй тапсырмасын қатесіз орындаған оқушыларды мадақтау.

Оқушылар жанындағы жұптарымен дәптерлерін ауыстырып, тақтамен үй тапсырмасын тексереді, әр біреуі үй тапсырмасына қорытынды жасайды.

3 минут

Өткен материалдарды қайталау

Математиканың өз тілі бар, ол - формула.

Санды теңдіктер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің қасиеттерін, теңдеуді шешу, теңдеудің түбірін таба білуді оқушылардан сұрау.

Оқушылар ережелерді, мысал келтіріп есептерді шығарып айтады.

5-7 минут

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Терең білім ізденіспен келеді.

Егер а-в айырмасының мәні оң сан болса, онда а саны в санынан үлкен. Егер а-в айырмасының мәні теріс сан болса, онда а саны в санынан кіші.

Егер а-в>0 болса, онда а>в. Егер а-в<0 болса, онда а<в.

Екі санды өрнектің теңсіздік белгісімен («>» немесе «<») жазылуы санды теңсіздік деп аталады.

Қасиеттері:

Егер а>b, b>c болса, онда a>c.

Егер а>b, a+c>b+c, c - кез келген сан. Егер а>b, с>0 болса, онда aс>bc; Санды теңсіздіктер 6 сынып

Егер а>b, с<0 болса, онда aс<bc; Санды теңсіздіктер 6 сынып

Егер а>b, c>d болса, a+c>b+d.

Егер а>b, c>d болса, a, b, c, d - оң сандар, онда aс>bd

Егер а<b болса, онда Санды теңсіздіктер 6 сынып a>0; b>0.

Оқушылар тақырыпты тыңдайды.

25 минут

Оқулықпен жұмыс

Мақсат ортақ, тілек бір, өз таңдауларыңды жасаңдар.

Ауызша орындалатын:№933

Тақтада орындалатын: №935,№936, №938, №939

Өздігінен орындайтын: №937, 940

Оқушылар тапсырмаларды тақтада және орындарында орындап, тексертеді.

3 минут

Сабақты қорытындылару

Тақырыпқа байланысты қорытынды сұрақтар қойылады.

Оқушылар сұраққа байланысты өз ойларын айтады.

2 минут

Бағалау

Мұғалім бағалайды.

1 минут

Үйге тапсырма

§25 тақырыпты оқу, №935

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

Пайдаланған әдебиет:

Авторлары: Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов

Математика оқыту әдістемесі, 2011ж.

Математика, 6 сынып, 2015ж.




© 2010-2022