Математика пәнінде функцияналдык сауаттылыкты қалыптастыру

Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1. Ғаламтор арқылы әңгімелесу

Марк (Австралияның Сидней қаласынан), ал Ганс (Германияның Берлин қаласынан) олар ғаламтор арқылы жиі араласып тұрады. Бір-бірімен ғаламтор арқылы сөйлесу үшін бір уақытта шығу керек. Марк әр елдің уақыттары көрсетілген келесі кестені тауып алып, өздеріне қолайлы уақытты белгілеп алды.

Математика пәнінде функцияналдык сауаттылыкты қалыптастыру

Гринвич 24:00 түн Берлин 1:00 Сидней 10:00

1.Сұрақ

Сиднейде сағат 19:00 болса, Берлинде сағат нешені көрсетіп тұр?

2.Сұрақ

Марк пен Ганс өздерінің уақыттарымен сағат 9:00 мен 16:30 аралығында сөйлесе алады, бірақ та бұл аралықта екеуі де мектепте. Ал сағат 23:00 тен 7:00 аралығында ұйқтап жатқандықтан сөйлесе алмайды. Балалардың араласуға қолайлы уақытын кестеде көрсетіңіз.

Қала

Уақыт

Сидней

Берлин

2. Президентті қолдау

Сұрақ.

Зеландияда сайлау алдында Президентті қолдау деңгейі туралы сауалнама алынды. Мемлекет тұрғындарынан президнтті қолдау мақсатында 4 газет өздерінің сауалнамаларын жүргізді. Нәтижесі төмендегідей :

1. Газет: 36,5% ( 6 қаңтар күні кез келген сайлауға құқысы бар 500 адамнан алынды)

2.Газет: 41,1% ( 20 қаңтар күні кез келген сайлауға құқысы бар 500 адамнан алынды)

3. Газет:39,0% ( 20 қаңтар күні кез келген сайлауға құқысы бар 1000 адамнан алынды)

4.Газет: 44,5% (20 қаңтар күні тілшілердің өздері қоңырау шалып сайлауға шақырған 1000 адамнан алынды)

Егер сайлау 25 қаңтарда өтетін болса, қай газеттің жүргізілген сауалнамасы тиімді болады. Сұраққа негіз болатын екі жауапты көрсетіңіз.

1. Сайлауға жақын қалғанда жүргізілген.

2. Кездейсоқ алынған сауалнама

3. Адам санының көптігі

4. Дауыс беруге құқысы бар

3. Ақша айырбастау.

Сингапур студенті Мэй-Лингті 3 айға тәжірибе алмасу үшін Оңтүстік Африкаға оқуға жіберді. Оған Сингапур долларын (SGD) оңтүстік Африка рэндіне ауыстыру керек болды. (ZAR)

1. Сұрақ

Мэй-Линг сингапур долларын оңтүстік Африка рэндіне айырбастау курсы төмендегідей екенін білді.

1 SGD=4,2 ZAR

Мэй-Линг 3000 сингапур долларын көрсетілген курс бойынша оңтүстік Африка рэндіне айырбастады. Мэй-Лингте қанша оңтүстік Африка рэндін алды?

2. Сұрақ

Мэй-Линг 3 айдан кейін Сингапурға оралғанда 3900 рэнді қалған. Ол еліне келген соң курстың төмендегідей екенін біліп, тағыда сингапур долларына айырбастады..

1 SGD=4,0 ZAR

Мэй-Линг қанша сингапур долларына алды.

3. Сұрақ

Осы 3 айдың ішінде ақша айырбастау курсы 1 SGD үшін 4,2 ZAR ден 4,0 ZAR дейін өзгерген. Егер 4,2 ZAR -тің орнына 4,0 ZAR болса Мэй-Линг африкалық рэндтен сингапурлық долларға айырбастағанда пайда көрдіме? Өз жауабыңды түсіндір.



© 2010-2022