- Преподавателю
- Математика
- Координаталык жазыктык (математика 6 сынып)
Координаталык жазыктык (математика 6 сынып)
Раздел | Математика |
Класс | 6 класс |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Фазилова А.З. |
Дата | 23.12.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы
Рахат орта мектебінің
математика пән мұғалімі
Фазилова Агдагул Зинеловна
1-санат, 1-деңгей
Сабақтың тақырыбы: Координаталық жазықтық
Сабақтың
кезеңдері
Қолданылатын әдістер
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ресурстар
Уақыт
Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушылармен сәлемдеседі
Сыныпта ынтымақтастық орнатады.
-Бүгінгі сабағымыздың ұраны: «Естігенімді ұмытып қаламын, көргенімді
есте сақтаймын, өз істегенімді меңгеремін»- Конфуций.
Мұғаліммен сәлемдеседі
Әр топ өз ұрандарын қабылдайды
Флипчарт
2мин
Үй тапсырма
сын пысықтау кезеңі
Көшбас
шылық
№1111 №1120 №1121 есептердің шешуін слайдпен көрсетеді,топ басшыларының дәптерлерін тексереді.
Топ басшылары басқа топ мүшелерінің дәптерлерін тексеріп, бағалайды.
Слайд,
бағалау критерийлері
5мин
Қызығушылықты ояту кезеңі
«автор
Орындығы» стратегиясын өткізеді
Интерактив тақтада
төмендегі сөздер тұрады: перпендикуляр, параллел, тік бұрыш, координаталық түзу,оң сандар,теріс сандар,координаталық түзуде нүктенің координатасы,санақ басы,бірлік кесінді.
Әр топтан 1 оқушы автор орындығына отырады,
Басқа топ мүшелері тақтадағы сөздерді қатыстырып сұрақтар береді.
Орындық
Смайлик
тер
5мин
ІІ. Мағынаны тану кезеңі
Мақсат қою сатысы
/Топтық тапсырма/
Слайдта әр топқа сурет көрсетіледі.
1.Түзулер қалай орналасқан?
2.Неше координаталық түзу бар?
3.Координаталық түзулердің бағытын анықта?
Тапсырманы әр топтан бір оқушы шығып қорғайды.
Слайдтар
2мин
Мағынан
ы ажырату сатысы
(жаңа ақпарат)
Диалогтік оқыту
Мұғалім-сынып
Сұрақ жауап әдісі
Нүктенің жазықтықтағы орнын анықтау үшін бір-бірімен санақ басы О нүктесінде қиылысатын өзара перпендикуляр екі координаталық түзуден координаталық жүйе құру қажет.
Бұл жүйе -тік бұрышты координаталар жүйесі деп аталады. Тік бұрышты координаталар жүйесіенгізілген жазықтық координаталық жазықтық деп аталады.Координаталық түзулер осьтер деп аталады
-Горизонталь бағытталған ось не деп аталады?
-Вертикаль бағытталған ості қалай атаймыз?
Слайдтармен көрсетіп, сұрақтар беріп оқушыларға түсіндіреді.
Координаталық жүйенің күнделікті тұрмыста қолданылуына сұрақтар қояды:
-Кеменің орнын қалай анықтауға болады?
-Ұшақты қалай басқарады?
-Театр билетіндегі орыңды қала табасың?
Тік бұрышты координаталар жүйесі туралы мәлімет алады. Координаталық жазықтықпен танысады.
Тік бұрышты координаталар жүйесін сызуды,сандарды қоюды үйренеді.
Абцииссалар осі, ординаталар осін анықтайды.Сұрақтарға жауап беріп,
Нүктенің абциссасы , ординатасы туралы мәлімет алады.
Әр топтан оқушылар шығып жауаптарын айтады.
Слайдтар
5мин
ІІІ. Ой толғаныс
IV. Практикалық жұмыс
V Пысықтау кезеңі
(рефлексия)
-сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру
Топтық жұмыс
«Жеті жұрттың тілін біл»
Жеке жұмыс
Тік бұрышты координаталар жазықтығында нүктенің координатасын анықтау.Слайд арқылы бағыт бағдар береді.
Тік бұрышты координаталар жазықтығында координатасы бойынша нүктені салу
Слайд арқылы бағыт бағдар береді.
Әр топқа карточкалар береді.
Координаталары берілген нүктелерді қосып сурет салу және шыққан суреттің атауын қазақ, орыс, ағылшын тілінде айту тапырылады.
Деңгейлі тапсырмалар беріледі:
А/ тік бұрышты координаталар жүйесін сызу,координатасы берілген нүктені салу/
№1124 есеп
В /Координаталық жазықтықта нүктенің координаталарын табу/
№1128 есеп
С /Ғарыш кемесінің координатасын табу/
№ 1132
Әр топтан бір оқушы шығып тақтадағы координата жазықтығында берілген нүктелердің координаталарын анықтайды.
Әр топтан бір оқушы шығып берілген нүктелерді тақтадағы координата жазықтығына салады.
Координаталары берілген нүктелерді координаталық жазықтықта дұрыс тауып, оларды бірінен соң бірін сынық сызықтармен қосса, белгілі бір сурет салынады.
№1124
№1128
№1132 есептерді шығарады.
.
Слайд
Слайд,
сынып
тақта
Флипчарт
Сызғыш, маркерлер
слайдтар
7 мин
5мин
10 мин
VI Бағалау кезеңі
Критерийлі бағалау
Топ басшыларының дәптерлерін тексеріп,критерийлерге сәйкес ұпай қояды.
Топ басшылары өзге топ мүшелерін
бағалау парағы арқылы критерийлерге сәйкес ұпай қояды.
Оқушылар ұпайларын жинақтап бағалау шкаласы бойынша өздерін өздері бағалайды.
Бағалау парағы
Ашық журнал
5мин
Қорытындылау кезеңі
АКТ
2.«Артығын тап» ойыны
Координата жазықтығы,абцисса,ордината,Санақ басы,
Нүктенің орны, теңсіздік, теңдеу,периметр, тіктөртбұрыш.
Бүгінгі сабақта нелерді үйрендік?
Артығын өшіріп, қалғандары туралы мәлімет береді.
слайд
2мин
Үйге тапсырма беру кезеңі
№ 1124 №1126 №1127
Координаталары бойынша сурет салу - шығармашылық жұмыс.
Үй тапсырмасымен танысады.
оқулық
1мин
Рефлексия
Кері байланыс
Оқушылармен кері байланыс орнатады
Кері байланыс парағын толтырады:
1.Не үйрендің?
2.Не қиын болды?
3.Не қызықтырды?
4.Бағалау шынайы болдыма?
Стикер,
кері байланыс парағы
2мин