Геометрияның алғашқы ұғымы тақырыбындағы сабақ жоспары

Раздел Математика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні

Сынып: 7 Пәні: геомертия

Сабақтың атауы

Геометрияның алғашқы ұғымы

Сілтеме

Геометрия оқулығы, сабақ жоспары, интернет мәліметтері

Жалпы мақсаты


Геометрия пәнімен танысу, оның негізгі ұғымдары, нүкте , түзу және кесінді туралы түсінік беру


Міндеттер


  • Оқушылардың өткен сыныпта алған білімдерін жүйелеу

  • Тақырып бойынша ой-қорытындылар жасау

  • Күнделікті өмірде қолдана білу, мәндерін ажырата білу

Мұғалім үшін оқу нәтижелері

  • Оқуға бағыт-бағдар беру;

  • Топта жұмыс істеу арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу;

  • Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;

  • Қарапайым геомертиялық фигуралардың анықтамасын бере отырып, білім негізін қалау

Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері

Жұпта жұмыс істеу, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, өзін-өзі бағалау, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, қорыту

Сабақтың көрнекілігі

үлестірме парақтар плакаттар, бағалау парағы, көңіл-күй дидары

Күтілетін нәтиже

Оқушылар оң сандар мен теріс сандарды ажырата біледі, күнделікті қоршаған ортадан мысалдар келтіре алады. нүкте , түзу және кесіндінің анықтамасын тұжырымдай алады. Өздерін және сыныптастарын бағалай алады.

Ұйымдастыру

кезеңі

Сәлемдесу тренингі

Салем достым! (амандасады)

Сен қалдайсың? (иықтарынан қағады)

Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)

Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)

Сен келдің (қолдарын жаяды)

Жақсы болды (құшақтайды)

1-5 -ке дейін санау арқылы топқа бөлінеді

Бағалау критерийі:

  1. Білімділігі

  2. Ойлау жылдамдығы

  3. Математикалық тілі

  4. Топпен жұмыс жасауы

  5. Жекелей жұмыс жасауы

Сабақтың барысы

2. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ой-қозғау- Геометрия ұғымымен танысу


Оқулық, интернет желісін пайдаланады

Геометрия грек тілінен аударғанда «жер өлшеу» деген мағынаны білдіреді. Геометрия екі бөлімнен тұрады. Планиметрия және стереметрия. Планиметрия жазықтықтағы фигураларды, ал стереометрия кеңістіктегі геометриялық фигураларды қарастырады. Планиметрия курсының ең негізгі элементтері болып нүкте мен түзу, кесінді болып табылады.


Топпен жұмыс-7мин.


1-топ: негізгі геометрия фигураларын анықтап, сызып көрсетеді

2-топ: анықтамасын тұжырымдайды

3- топ: геометрияда негізгі белгілеулерді жазып көрсетеді

4- топ: қарапайым фигураларды пайдаланып, үшбұрыш, шаршы сызып көрсетеді

5- топ: түзу, кесінді, нүктені әріптермен жазылуын көрсетеді


Практикалық тапсырмалар

Оқулықпен және тақтамен жұмыс қатар жүріп отырады.

Сергіту сәті-3мин. Жұмбақтар шешу мақал-мәтел жасыру.



  1. Егіз туған қос жүйрік

Жарыса шауып терлейді

Бірін-бірі көрмейді

Дамылсыз қанша шапса да (Параллель түзу)

2-топ оқушылары мақалдарды жалғастыруды береді

  1. Білікті бірді жығады,....

Білімді мыңды жығады.


  1. Бір кісі қазған құдықтан, ...

Мың кісі су ішеді.


  1. Елу жылда, ...

ел жаңа

Бекіту

3. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Геометрия сөзіне кластер жасайды


Геометрияның алғашқы ұғымы тақырыбындағы сабақ жоспары

Бағалау

4. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қорытындылау

  1. Оқушылар бір- бірінің жауабына баға береді

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тақырыпты оқып, сұрақтарға жауап беру, Геометрияның шығу тарихы жайында мәліметтер даярлау


Рефлексия

6. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға түрлі-түсті парақшалар таратылады.

Оқушылар өз ойларын жазып, көңіл-күй дидарына іледі.


© 2010-2022