9 сынып квадрат теңсіздік

Раздел Математика
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңсіздікті графиктік тәсіл арқылы шешуге есептер шығару

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Квадрат теңсіздікті графиктік тәсіл арқылы шешуге есептер шығаруда білімдерін есептер шығару барысында тексеру

Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, алған білімдерін дамыту, сана сезіміне сіңіру,өз беттерімен жұмыстануды дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың теориялық білімдерін практикалық шеберлікпен ұштастыру арқылы ұйымшылдыққа, жинақылыққа, еңбекқорлыққа баулу.

Сабақтың әдісі: саралап - деңгейлеп оқыту

Сабақ барысы:

I кезең

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Оқулық бойынша есептер шығарту

4. Бекіту

5. Үйге тапсырма беру

6. Сабақты қорытындылау

Оқулықпен жұмыс: № 286,287, 288, 291

А - деңгейі:

№ 280

-2 ; 0 ; 1 ; 3 сандарының қайсысы теңсіздіктің шешімі болады:

1) х2 - 1 ≥ 0

2) 2 х2 - х + 5 > 0

3) 0,8 х2 - х - 7 < 0

4) х2 - 1,5 х - 11 ≤ 0?

283 теңсіздікті шешіңдер

  1. - х2 + 2 ≥ 0

  2. - х 2 - 9 > 0

  3. х2 - 27 ≤ 0

  4. х2 - 8 ≥ 0

В - деңгейі : № 285, 288 (1-2) .

Квадраттық функцияның графигін қолданып теңсіздікті шешіңдер:

№ 285

  1. х2 - 6х + 9 > 0

  2. - 4 + 4 х - х2 ≤ 0

  3. - х2 - 3 х - 2 ≥ 0

  4. - 2 х2 + х - 1 < 0

286 теңсіздікті шешіңдер

  1. х2 - 4х > - 4

  2. 9 x2 + 4 < 12 x

  3. 4 x2 < 25

  4. 16 x2 < 8 x

288 анықталу облысын табыңдар

  1. 9 сынып квадрат теңсіздік

  2. 9 сынып квадрат теңсіздік

  3. 9 сынып квадрат теңсіздік

  4. 9 сынып квадрат теңсіздік

С - деңгейі:

№ 291

х -тің кез келген мәнінде 1) х2 + 3х + 200 квадрат үшмүшесі оң мәндерді:

2) - х2 + 22 х - 125 квадрат үшмүшесі теріс мәндерді қабылдайтынын дәлелдеңдер.

5. Үй тапсырмасын беру: В. №287, № 289, С. №290 (4)

6. Бағалау

7. Қорытындылау.

1. Қандай теңсіздік квадрат теңсіздік деп аталады?

2. Квадрат теңсіздікті шешу кезінде қолданылатын ұғымдарды атаңдар.

3. Квадрат теңсіздікті парабола әдісімен шығарудың мағынасы неде?

4. Квадрат теңсіздіктердің қасиетін атаңдар.

Критерий

Жетістік

Дескрипторлар

А

(max 5)

Білу

0

Тапсырма бойынша берілген критерийлерді орындай алмады

1

Квадраттық теңсіздіктердің коэффициенттерін анықтай алады

2

Квадраттық теңсіздіктердің қанша түбірі болатынын анықтай алады

3

Берілген сандардың теңсіздіктің шешімі болатынын таба алады

4

Квадраттық функцияның графигін қолданып теңсіздікті шешеді


5

Квадраттық теңсіздіктердің шешімін жаза алады

В

(max 6)

Түсіну

0

Тапсырма бойынша берілген критерийлерді орындай алмады

1

Квадраттық теңсіздіктердің ерекшелігін анықтай алады

2

Квадраттық теңсіздіктердің түрлеріне сипаттама бере алады

3

Квадраттық теңсіздіктердің формулаларына түсініктеме беріп, айырмашылығын көрсетеді

4

Айнымалының мүмкін болатын мәндер жиынан таба алады

5

Квадрат теңсіздіктерді шешуде графиктік тәсіл арқылы шешудің тәсілдерін қолдана алады.

6

Квадраттық теңсіздіктердің қасиеттерін пайдалана отырып теңсіздікті шеше алады

С

(max 5 )

Қолдану

0

Тапсырма бойынша берілген критерийлерді орындай алмады

1

Квадрат теңсіздіктерді шешудің әдістерін есептер шығаруда қолдана алады

2

Квадрат теңсіздіктің айнымалының кез-келген мәнінде теңсіздікті тура теңсіздікке айналатынын дәлелдей алады.

3

Айнымалының кез келген мәнінде квадрат үшмүшенің оң немесе теріс мәндерді қабылдайтынын анықтай алады

4

Теңсіздікті шешуде тиімді тәсілдерді қолдана отырып, өрнектерді ықшамдау арқылы теңсіздіктің шешімін анықтай алады.

5

Теңсіздіктің шешімін графиктік тәсіл арқылы жаза біледі

Бағалау шкаласы:

14 - 16 88 % - 100 % «5»

11 - 13 69 % - 87 % «4»

8 - 10 50 % - 86 % «3»

0 - 7 50 % - төмен «2»

© 2010-2022