Конспект на тему Білім сапасын бағалаудың формалары

Білім сапасын бағалаудың формалары мен әдістері немесе педагогикалық білімсіздіктен баланы қорғау (педагогикалық кеңесте оқылған баяндама. Шинтимирова А.К.)     Мұғалім мен оқушылардың біріккен іс-әрекетінің құрамдас бөлігі болып, басқа да сапалы іс-әрекеттікі сияқты бағдарлы, атқарушы және бақылаушы бөліктер саналады. Бақылаушы бөлікте оқушылардың оқу материалын меңгеру сапасын анықтау үшін, олардың білімдері мен білікерін уақытында зерттеп, түзету жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін «мұғалі...
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Конспект на тему Білім сапасын бағалаудың формаларыКонспект на тему Білім сапасын бағалаудың формаларыКонспект на тему Білім сапасын бағалаудың формаларыКонспект на тему Білім сапасын бағалаудың формаларыКонспект на тему Білім сапасын бағалаудың формаларыКонспект на тему Білім сапасын бағалаудың формаларыКонспект на тему Білім сапасын бағалаудың формаларыКонспект на тему Білім сапасын бағалаудың формаларыКонспект на тему Білім сапасын бағалаудың формаларыКонспект на тему Білім сапасын бағалаудың формаларыКонспект на тему Білім сапасын бағалаудың формаларыКонспект на тему Білім сапасын бағалаудың формаларыКонспект на тему Білім сапасын бағалаудың формаларыКонспект на тему Білім сапасын бағалаудың формаларыКонспект на тему Білім сапасын бағалаудың формаларыКонспект на тему Білім сапасын бағалаудың формаларыКонспект на тему Білім сапасын бағалаудың формаларыКонспект на тему Білім сапасын бағалаудың формаларыКонспект на тему Білім сапасын бағалаудың формаларыКонспект на тему Білім сапасын бағалаудың формаларыКонспект на тему Білім сапасын бағалаудың формаларыКонспект на тему Білім сапасын бағалаудың формаларыКонспект на тему Білім сапасын бағалаудың формаларыБілім сапасын бағалаудың формалары мен әдістері

немесе педагогикалық білімсіздіктен баланы қорғау

(педагогикалық кеңесте оқылған баяндама. Шинтимирова А.К.)


Мұғалім мен оқушылардың біріккен іс-әрекетінің құрамдас бөлігі болып, басқа да сапалы іс-әрекеттікі сияқты бағдарлы, атқарушы және бақылаушы бөліктер саналады. Бақылаушы бөлікте оқушылардың оқу материалын меңгеру сапасын анықтау үшін, олардың білімдері мен білікерін уақытында зерттеп, түзету жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін «мұғалім - оқушы» жүйесіндегі кері байланыс қалыптасады. Басқаша айтқанда, бақылау барысында оқушылардың білімдері мен біліктері анықталады және бағаланады, ал бұл өз кезегінде оларды оқытуды, тәрбиелеуді және дамытуды сәтті басқаруға қажетті мәліметтерді алуға және жинақтауға мүмкіндік береді.

Бұл байланыста бақылаудың үш типін айыруға болады: оқушының іс-әрекетін мұғалімнің сырттай бақылауы, оқушылардың өзара бақылауы және өздік бақылау.

Сырттай бақылау білім алушыларды оқу жұмысын тиянақты және жүйелі түрде орындауға баулиды, онан сайын жақсы орындауға пейілдерін оятады, ал мұғалімнің мақсатты бағытталған жұмысында өзара бақылау мен өздік бақылауды дамытуға ықпал жасайды. Өзара бақылау функциясының мәнділігі - оқушылардың өзін өзі бағалаудан гөрі сыныптастарының іс-әрекетін бағалауға неғұрлым жауапкершілікпен қарауының алдын ала анықталуында. Өздік бақылау жүргізу барысында өзінің іс-әрекетінің дұрыс-бұрыстығын сезінеді, оны қатенің алдын алуға немесе жіберген қатені табуға ұмтылуларынан көруге болады.

Ал бұл оқыту процесіндегі ерекше маңызды көрініс және ол мұғалімінің назарынан тыс қалмауы керек. Міне, сондықтан да білім мен білікті игеру процесін сырттай бақылаудан біртіндеп өздік бақылауға өту тұрғысынан қарастыру қажет.

Өздік бақылаудың қалыптасу процесінің жалпы схемасын мына түрде беруге болады:




Өзара бақылау

Сырттай бақылау

Өздік бақылау


Өздік бақылау

  • Өз қателерінің себептерін анықтауы



  • Өзін-өзі тексеру



  • Қателердің алдын алу

  • Мұғалімнің оқу-шы іс-әрекетін тексеруі



  • Оқушылардың өзара бірін-бірі бақылауы



  • Оқушылардың мұғалім іс-әрекетін бақылауы

  • Өздік бақылауға сұраныстарын қалыптастыру



  • Өздік бақылау тәсілдерінің мәнін түсіндіру



  • Өздік бақылауды жүргізу бойынша нұсқау

Өздік бақылауды тікелей дамыту


Оқушыларды өздік бақылауға ояту

Өздік бақылауды жанамалай дамыту

Сырттай бақылауМатематиканы оқыту кезіндегі өздік бақылаудың қалыптасу ерекшелігін ескере отырып осы процестің детальды жүру барысын мына схемамен көрсетуге болады:









Өзін-өзі бақылауға үйрету кезінде басты назарды оқушылардың бақылау әрекеттер тәсілдерімен танысып, оны игерулеріне аудару керек. Мұндағы белгілі қиындықтар математиканы оқыту процесінде осындай тәсілдердің өте көп түрінің болуында. Олардың ішінен дұрыс бағдар алу үшін біздің жүргізген өздік бақылау сараптауларын қолдануға болады, олар:

  • үлгі (жауабы) бойынша салыстыру;

  • есепті қайталап шығару;

  • кері есеп шығару;

  • алынған нәтижені есеп шарты бойынша тексеру;

  • есепті бірнеше тәсілмен шығару;

  • модельдеу;

  • ізделінді нәтижелерді шамалап бағалау;

  • дербес жағдайда тексеру;

  • алынған нәтижелерді жанамалы параметрлер бойынша сынау.

Орындалған сараптама бақылау әрекеттерінің ерекшелігін бөліп көрсету принципіне негізделген. Жеке жағдайда, бұл бақылау әрекеттерін жүргізу кезінде қолданылатын үлгілердің рөлін белгілеуге септігін тигізеді. Шындығында, қайсыбір нәтижені алу кезінде және дайын үлгі (жауап) болған жағдайда салыстыру жолымен (өздік бақылаудың бірінші тәсілін қолдана отырып) алынған нәтиженің жарамдылығын (дұрыстығын) анықтауға болады. Егер салыстыратын үлгі берілмеген болса, өздік бақылаудың басқа бір амалындағы сәйкес тәсілдің көмегімен (қайталап шығару арқылы, немесе дербес жағдайда тексеру т.с.с.) бәрібір соңында үлгі жасалады және тексеру орындалады. Сөйтіп, өздік тексеру кезіндегі түйінді кілт ашылады - дайын немесе жасалған үлгі бойынша салыстыру. Мысалы, егер 5-сыныптың өзінде оқушылардың бір бөлігі орындалып жатқан тапсырманың жауабы бола тұрып, үлгімен салыстыруды орындауды доғарған болса, онда былай деп қорытынды жасауға болады: өздік бақылауды қалыптастыру бойынша жұмысты, яғни белгілі бір дәрежеде, оқылып жатқан материалды оқушылардың ұғынуы бойынша жұмысты мұғалім қолдан шығарып алған.

Бұл арада, біздің зерттеулеріміз байқатқандай, өздік бақылаудың белгіленген типтеріне кіретін өзін-өзі тексерудің әр түрлерін мүмкіндігінше, 5-6 сыныптарда іске асырған дұрыс, Берілген талаптардың жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне толық сәйкес келетінін атап кету өте маңызды. Сол себепті, олардың өздік бақылау жүргізу дағдылары установка қойылмаған жағдайда да бақылау әрекеттері жүйелі жүруімен сипатталытындай деңгейге жеткізу пайдалы. Онда жоғарғы сыныптарда да осы негізде өздік бақылаудың тиіміді жүруі реалды нәрсе болады.

Осы мақсатта оқушылардың өздік бақылауының дамуына математикадан тапсырмалар әзірленді. Бұл тапсырмалардың басқа тапсырмаларға ұқсамайтын ерекшелігі, оларды сабақта орындау кезінде өздік бақылаудың даму және оқушылардың өтіп жатқан материалды ұғыну процестері бір-бірімен өзара байланысты болып шығады. Осындай тапсырмалардың бірінің орындалуын мысал арқылы көрсетейік: « Мына 31,8762; 33,872; 23,562; 32,483 сандарының ішінде 29,2Конспект на тему Білім сапасын бағалаудың формалары көбейтіндісінің дұрыс мәні бар. Сол мәнді дәйектеу арқылы тауып, тексеруді берілген көбейтіндіні есептеп табу арқылы орындаңдар».

Тапсырманы орындау кезінде мынаны анықтаймыз: ізделінді көбейтінді 2 цифрымен аяқталу керек, сондықтан төртінші сан сәйкес келмейді. Сонымен қатар, ол санның ондық таңбалар саны үштен аспау керек, олай болса, бірінші сан да сәйкес келмейді. 29,2 санын 1,16-ға көбейткенде, көбейтінді 29,2 -ден артық болу керек, сол себепті үшінші сан да сәйкес келмейді. Сөйтіп, соңында қалған 33,872 саңын таңдаймыз. Көбейтуді орындау арқылы

29,2 · 1,16 = 33,872

екеніне көз жеткіземіз.

Жалпы айтқанда, бақылау мақсатты бағытталаған, объективті, жан-жақты, үнемі және жеке тұрғыда болу керек. Олардың нәтижесі оқушылардың білім және бліктерінің бағдарлама талаптарына сәйкестік дәрежесін қоюмен сипатталатын бағалау түрінде айқындалады. Бұл сәйкестік баға деп аталатын бағалауды айқындап, бекітудің цифрлық немесе басқа да символикалық формаларына ие бола алады.

Оқыту процесінде бағаның әр түрлі шкалалары қолданылуы мүмкін екенін атап кету керек. Дегенмен, 9 және 11-сыныптардың міндетті қорытынды аттестациялануында олардың білімдері мен біліктері Мемелекеттік стандарттағы бағалар мөлшеріне сәйкес бағаланатынын ескеру керек.

Мысалы, оқушылардың ауызша жауаптарын былайша бағалауға болады. Оқушының жауабын өте жақсы деп мына жағдайларда бағалауға болады:

  • бағдарламада және оқулықта берілген иатериал мазмұны көлемі жағынан толық ашылса;

  • материалды белгілі логикалық ізбен математикалық терминологиялар мен символикаларды дәл қолданып, сауатты түрде мазмұндап шықса;

  • жауаппен қоса жүретін суреттерді, чертеждерді, графиктерді дұрыс орындап шықса;

  • теориялық жәйді нақтылы мысалдармен суреттеу, оларды практикалық жұмысты орындау кездегі жаңа ситуацияда қолдана білу дағдысын көрсетсе;

  • қоса жүретін бұрынғы өтілгендердің игерілуін, жауап кезінде қолданған білім мен біліктің тиянақты қалыптасуын көрсетсе;

  • мұғалімнің дәлдеу сұрақтарынсыз өз бетімен жауап берсе.

Оқушының қосымша сұрақтарға жауап беру кезіндегі мұғалім ескертуімен оңай дұрыстаған бір-екі кемшілігі болуы мүмкін.

Оқушының жауабын егер ол өте жақсы жауап талаптарын қанағаттандыра отырып, бірақ та төмендегі кемшіліктердің бірін жіберген болса, жақсы деп бағалауға болады:

  • мазмұндау кезінде жауаптың математикалық мазмұнын бұзбайтындай кішігірім олқылық жіберсе;

  • жауаптың негізгі мазмұнын ашу кезінде мұғалімнің ескертуімен түзетілген бір-екі кемістігі болса;

  • қосымша сұраққа жауап беру кезінде мұғалімнің ескертуімен оңай түзетілген бір қате немесе екеуден көп кемістік жіберсе.

Қанағаттанарлық баға мына жағдайларда қойылады:

  • материал мазмұны толық ашылмай немесе шашыраңқы болып, бірақ та мәселені жалпы ұғынғанын және бағдарламалық материалды онан әрі игеруге жеткілікті білігін көрсете білсе;

  • ұғымдарды анықтауда, математикалық терминологияны қолдануда қиындық көрсетіп, чертеждер мен түсіндірулерде мұғалімнің бірнеше дәлдеу сұрақтарынан кейін дұрысталған қателер жіберсе;

  • оқушы практикалық тапсырманы орындау кезінде теорияны жаңа ситуацияда қолдана алмай, бірақ та берілген тақырып бойынша күрделілігі міндетті деңгейдегі тапсырманы орындаса;

  • теориялық материал білімінде негізгі білім мен біліктің жеткілікті қалыптаспағандығы анықталса.

Қанағаттанарлықсыз баға мынандай жағдайларда қойылады:

  • оқу материалының негізгі мазмұны ашылмаса;

  • оқу материалының көпшлік бөлігін немесе ең маңызды бөліктерін білмейтіндігі немесе түсінбейтіндігі анықталса;

  • ұғымдарды анықтауда, сурет, чертеж, графиктерде, түсіндірулерде мұғалімнің бірнеше дәлдеу сұрақтарынан кейін де түзетілмеген қателер жіберсе.

Ескерте кетелік, егер қателік оқушының бағдарламада көрсетілген негізгі білім,біліктерді меңгермегендігін көрсететін болса, онда ол қате болып саналады.

Кемістікке негізгі білім мен біліктің жеткіліксіз толық немесе жеткіліксіз берік игерілмегендігін, немесе бағдарламада негізгі болып саналмайтын білімнің жоқтығын куәлайтын қателіктер жатады. Сонымен қатар кемістікке оқушының алған тапсырманың мағынасын немесе оны орындау тәсілінің мағынасын өзгертпейтін қателіктер де, ұқыпсыз орындалған жазулар да, чертеждер де жатады.

Қателер мен кемістіктер арасындағы шекара қайсыбір дәрежеде шартты болып саналады. Бір жағдайларда оқушының жіберген қателігін мұғалім қатеге санаса, ал басқа уақытта және басқа жағдайларда - кемістікке санауы мүмкін.

Бұдан басқа, мұғалім қойылған сұрақтың оқушының жоғары математикалық дамуын куәлайтын өзіндік ерекше жауабына немесе есептің өзіндік ерекше шешіміне; неғұрлым күрделірек есептің шешіміне немесе тапсырманы орындағаннан кейін оқушыға қойылған қосымша күрделірек сұрақтың жауабына бағаны көтеріп қоюына болады.

Екінші жағынан, оқушынының білім, білік деңгейін бағалауды әр тұрғыдан көрсетуге болады, атап айтсақ: қателер бойынша, «өнімділік» бойынша және аралас тұрғыда.

Оқушының білім, білігін қателер бойынша бағалау оның жіберген қателіктерінің саны мен сипатына тәуелді іске асырылады. «Өнімділік» бойынша бағалау дұрыс орындалған жұмыстың көлемі есебінен қалыптасады. Ал аралас тұрғыдан бағалауда қателермен қоса, орындалған жұмыс көлемі де есепке алынады.

Жоғарыда берілген нұсқауларда оқушылардың білім, бліктерін бағалау аралас тұрғыда іске асады. Ал орындалған жұмыс көлеміне тәуелді бағалар критерийін мына нұсқаудан түсініп алуға болады:

Орындалған жұмыс көлемі

50%-тен төмен

50%-тен 70%-ке дейін

70%-тен 90%-ке дейін

90%-тен 100%-ке дейін қоса



Баға




2



3



4



5

Мұндай бағалауды, көбінесе, оқушылардан тест жұмыстарын алған жағдайларда қолдануға болады.

Ал қателер бойынша бағалау - ол өте нәзік құрал десек те болады. Оны оқушыларға қатаң талап қойғанда, мысалы емтиханға дайындық кезінде, бақылау жұмыстарында қолдануға болады. Біздің байқағанымыздай, онда мынадай талаптар қоюға болады: әрбір қатеге бағаны бір баллға кеміту, ал әрбір кемістікке - жарты баллдан кемітіп, кейіннен бірлікке дейін дөңгелектеу.

Қорыта келе, жалпы түрде айтатын болсақ, оқу процесіне сабақтағы бақылау және бағалаудың қалай ұйымдастырылғаны үлкен әсер етеді. Егер де ол өз уақытында болмай және сабақтағы оқушылардың сұраққа берілген жауаптарының нәтижесі өз уақытында бағаланбаса, дайындық деңгейлері әр түрлі оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктері салысырмалы түрде жүретін болса, баға және бағалау оқушыларды қорқыту және жазалау құралы ретінде қолданылатын болса, білім мен біліктерін тексеру балаларды оқытудың неғұрлым аз көрінетін стилімен ассоциаланатын болса, онда осының бәрі оқу процесіне кері әсер ететінін бәріміз де білуге тиіспіз.

Ал оң және жағымды әсер беретін жағдайлар, олар оқушы әрекетіне объективті, уақытында және мағыналы берілетін бағалар, оқушының үлгірімін бұрынғы жетістіктерімен салыстырып отырудың, әрбір баланың қабілеті мен мүмкіндігіне мұғалімнің нанымы мен сенімінің, оқушыларды өздік және өзара тексеріске ұмтылдырудың, білім мен біліктерін тексеруді оқытудың балаларға ұнайтын стилі негізінде іске асырудың мәні ерекше екенін білгеніміз дұрыс.

7


© 2010-2022