Математикалық сандық

"Описание материала: Разработка математического конкурса «Математический сундук» который проводился среди учащихся 7-8 классов, с целью выявления среди учеников математически увлеченных. Была поставлена задача воспитание у учащихся находчивости, умения работать в коллективе, повышение интереса к предмету. Были представлены слова великих писателей и матматиков, таких как К.Гаусс, М.В. Ломоносов. Конкурс проводился в виде групповой-командной работы. Так же представлены критерий оценивания за кажды...
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бозаева К.С.

«39 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Семей қаласы


Математикалық сандық


Мақсаты:

1) оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шындау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру;

2) оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Жоспары

  1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

  2. Бәйге (логикалық есептер)

  3. Математикалық хоккей

  4. Ғажайып алаңы (есептер шығару)

  5. Кім жылдам?

  6. Мини-тест

  7. Жауабын тап (қысқаша көбейту формуласына есептер)

Нақыл сөздер

1. Арифметика математиканың, ал математика - ғылымдардығ патшасы.

(К.Гаусс)

2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін - математика.

(М.В.Ломоносов).

3. Математика - барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.

(Р.Бэкон).

Барысы


Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді көрермендер! «Математикалық сандық» ойынына хош келдіңіздер.

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

Математика сырлары

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға

Шақырамыз сіздерді.

Ортаға «7а - шеңбер», «7б - тіктөртбұрыш», «7в - үшбұрыш» топтарын шақырамыз.

Шеберлікті, білімді

Сараптап сіздер көріңіздер.

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін қазылар алқасын ортаға шақырамыз. (Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады).

Көңілді тапқырлар, білгіштер

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Есептен сайысады үш тобымыз,

Алға озар ең мықтысы осы жолда.

Сұралмақ шығулары жұрт алдына.

1 тур. Таныстыру. (Әр топ өздерін таныстырады)

2 тур. Бәйге. (Әр топ 1 минут ішінде 13 сұраққа жауап беруі керек. Егер жауабын білмесеңіздер «келесі» деп жауап бересіздер.)

I топқа

  1. Өздеріңіз оқып отырған «Алгебра» кітабының авторы. (Баймұханов, Базаров)

  2. 7 майшам жанып тұр, төртеуін сөндірсек неше майшам қалады? (4)

  3. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)

  4. Үш сызықтан пайда болған фигура (үшбұрыш)

  5. 1/10 санының кері саны (10)

  6. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар? (12)

  7. Y=x3 функциясының графигі (кубтық парабола)

  8. Жарты түзу (сәуле)

  9. Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем (аксиома)

  10. Қай ыдыстан тамақ әшуге блмайды? (бос ыдыстан)

  11. Тік бұрыщтан кіші бұрыш (сүйір)

  12. 225 нешенің квадраты? (15)

  13. Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1,5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады? (200)

II топқа

  1. Шаманың 1/100 бөлігі (пайыз)

  2. y=x2 функциясының графигі (парабола)

  3. Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)

  4. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмас бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)

  5. Нанды үш бөлікке бөлу үшін нанды неше рет кесу керек? (2)

  6. Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі (планиметрия)

  7. Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге?

  8. Көпмүшенің барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)

  9. Анықтамасыз қабылданатын ұғымдар. (негізді ұғымдар)

  10. Қабырғалары толықтауыш сәулелер болатын бұрыш (жазыңқы)

  11. 86 санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр. (98)

  12. Ең үлкен хорда (диаметр)

  13. 35-тің квадраты (1225)

III топқа

  1. Екінің алтыншы дәрежесі

  2. Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Олардың әрқайсысына қарама-қарсы 3 мысықтан отыр. Бөлмеде неше мысық отыр.

  3. 45 минут сағаттың қанша бөлігі? (3/4)

  4. Кері сандардың көбейтіндісі (1)

  5. Екі нүктенің арасындағы түзу (кесінді)

  6. Көп мүшенің қалыпты түрі (стандарт)

  7. Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем (теорема)

  8. Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі (ғасыр)

  9. Қай санның квадраты 256-ға тең? (16)

  10. Миллиард санын жазғанда неше нөл қажет? (9)

  11. Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)

  12. Екі қатынастың теңдігі (пропорция)

  13. Қыры 5 дм тең кубтың көлемі (125)

III тур. «Математикалық хоккей»

Әр топқа бірдей есеп беріледі, әр топтан бір-бірден кезекпен оқушылар шығып бір ғана амалды орындап отырады.

(43*19-26928:33)*(16112:53-304)

Ж: 0.

IV тур. «Ғажайып алаңы»


20

20

20

30

30

30

40

40

40

Сол жақтағы 20.

«Түлкі мен қасқыр» (Әзіл есеп)

Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр «Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл» дейді түлкіге. Сонда түлкі «Саған біреу, Маған екеу, саған үшеу, маған төртеу» т.с.с. Ең соңында өзіне жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды?

Қасқыр - 100

Ең көп балықты түлкі алады: 110, 10 балыққа артық.

Ортадағы 20.

«Қу түлкі»

Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып «Кемпіріме жаға болады» деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т.с.с. Бір лақтырғанда 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған?

Жауабы: 127

Оң жақтағы 20.

«Тосап жеу»

Бала 600 г тосапты 6 минут, ал Карлсон 2 есе артық жейді. Олар бірге неше минутта жейді?

Жауабы: 2 минут

Сол жақтағы 30.

Ең алғаш Еуропаға «миллион» сөзін әкелген кім?

Жауабы: Атақты жиһангез Марко Поло (1254-1323)

Ортадағы 30.

Үлкен және кіші белгілерін енгізген ағылшын математигі.

Жауабы: Гарриот

Оң жақтағы 30.

1637 жылы координаталық түзуді енгізіп, теріс және оң сандарға түсінік берген француз математигі.

Жауабы: Рене Декарт

Сол жақтағы 40.

XVIII ғасырда «көбейту» және «бөлу» таңбаларын ұсынған кім?

Жауабы: Лейбниц

Ортадағы 40.

«Парабола» деген атауды енгізген біздің заманымыздан бұрынғы (262-190) жылдарда өмір сүрген грек ғалымы.

Жауабы: Аполлони

Оң жақтағы 40.

«Функция» ұғымын алғаш рет енгізген атақты математик

Жауабы: Лейбниц

V тур. «Кім жылдам?»

Геометриялық фигуралардың атауларын табу.

  1. Апрцетея - трапеция

  2. Еңшбре - шеңбер

  3. Шүбршүы - үшбұрыш

  4. Трұбышрөт - төртбұрыш

  5. Рвадкат - квадрат

VI тур. Мини-тест.

1. Математикалық сандық саны

А) миллион

Б) триллион

С) гугол

2. Осы суреттен жоқ фигураны табу.

Математикалық сандық

А) шеңбер

Б) тіктөртбұрыш

С) үшбұрыш

Д) ромб

Е) бәрі бар

3. Чебурашка дүкеннен 7 бірдей дәптер сатып алды. Неше теңге төледі?

А) 2000 т

Ә) 3070 т

Б) 1540 т

4. «Пропорция» грек тілінен аударғанда нені білдіреді?

А) теңдік

Ә) әдемілік

Б) музыка

5. Ең кіші жай сан

А) 0

Ә) 1

Б) 2

VII тур. «Жауабын тап»

Көбейту формуласына есептер шығару.

1-топ

  1. Математикалық сандық

  2. Математикалық сандық

  3. Математикалық сандық

2-топ

  1. Математикалық сандық

  2. Математикалық сандық

  3. Математикалық сандық

3-топ

  1. Математикалық сандық

  2. Математикалық сандық

  3. Математикалық сандық

Қорытынды.

Қорытынды шығару үшін сөз кезегін қазыларға береміз. Жеңімпаздар марапатталды.




© 2010-2022