Сабақ жоспары «Квадрат теңдеудің түрлеріне есептер шығару» 8 «а» сынып

Раздел Математика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары «Квадрат теңдеудің түрлеріне есептер шығару» 8 «а» сынып

Макаров жалпы орта білім беретін мектебі



Тақырыбы:

«Квадрат теңдеудің түрлеріне

есептер шығару»

8 «а» сынып



Пән мұғалімі: Сабирова А.Б


2014-2015 оқу жылы

Сабақтың мақсаты:

Біліктілік: Оқушыларға квадрат теңдеу және оның түрлерін, коэффициентін айыра білуді, толымсыз квадрат теңдеулердің берілуіне байланысты шығару жолдарын үйрету, есептей білу қабілетін қалыптастыру.


Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, белсенділігін, қиялын дамыту, дәлелді пікір айта білу, жүйелі қорытынды жасай білу қабілеттерін, логикалық ойлауын, сөздік қорын, тез есептеуге машықтану қабілеттерін арттыру.


Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, сауаттылыққа, ұжым намысын жоғары қоя білуге, өз бетінше еңбек етіп, қорытынды жасай білуге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: жалпылау, білімді жүйелеу сабағы.


Сабақта қолданылатын әдістер: сұрақ-жауап, түсіндіру, тест қолдану, деңгейлік тапсырмалар, практикалық есеп шығару.


Қолданылатын көрнекіліктер: тест тапсырмалары, слайд.


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққа қатысуына көңіл бөліп, оқу-құралдарын алғызу, сабақтың барысымен таныстыру.


Үйге берілген тапсырманы ауызша түрде салыстыра отырып тексеру. Өткен материалды қайталау. (слайд).


Қайталау: тест арқылы білімдерін тексеру.


Деңгейлік тапсырмалар:


Кітаппен жұмыс: №260 (1,3), №263 (1,2,3), ), №266 (1,2)


Сабақты қорытындылау, бағалау, үйге тапсырма №260 (2,4), №266 (3,4)















© 2010-2022