Геометрия Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар 8-сынып

Раздел Математика
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Бекітемін:

Сыныбы

8

Пәні

Геометрия

Күні

24.10.2014

Сабақтың тақырыбы

Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар

Мақсаты

Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар туралы тереңірек меңгеру және оны өмірмен байланыстыра білу


А.Төртбұрыштар туралы біледі және айтады.

В.төртбұрыштардың ұқсастығы мен айырмашылығын ажырата алады және есептер шығарады.

С. Төртбұрыштар туралы есептерді дәлелдейді, өмірде пайдалану мүмкіндігін пайымдайды.

Керекті жабдықтар

АКТ. Презентация. Постер. Бағалау парағы. «Менің бүгінгі сабақта алған орыным" Бағдар картасы. Кеңейтілген тапсырма.

Тапсырма

Топтық тапсырмалар. Интернет желісімен жұмыс. Жеке тапсырмалар

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


5 минут

Оқушылармен амандасу

Оқушыларды геометриялық фигуралар бойынша топқа бөлу.

Презентация сұрақ -жауап арқылы тексеріледі.

Оқушылар амандасады. Үй тапсырмасына жауап береді. Геометриялық фигуларды суырып, топ жасақталады. Түсіне қарай топқа бөлінеді. Әр оқушы өздерінің таңдаған фигуралары туралы мәлімет береді.

1 топ «Квадрат»

2- топ «Ромб»

Тұсаукесер


3 минут

Интернет желісінен алған ақпараттарды тыңдау.

Интернет желісінен алған ақпараттарын сыныптастарымен талдайды.

Негізгі бөлім


20 минут



10 минут


«Біз және бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар» 1-топ Постер жасақтау. 2- топ Эссе жазу


Бағдар картасы /мүмкіндігі шектеулі жеке оқушыларға/

Бастапқы нүктеден соңғы нүктеге дейін» Кеңейтілген тапсырма / дарынды оқушыларға /

«Ойлан, бірік, бөліс» топтық тапсырмалар беріледі. Берілген сызбаларды салыстыру ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау. Берілген фигураны өлшеп периметрін табу.


Постермен оқушылар жұмыстанады. Оқушылар бүгінгі төртбұрыштар тақырыбын топпен талдап, постерді қорғайды. Екінші топта оқушылар эссе жазады. Өзара талдайды. Үздік эссе ортада тыңдалады. Қалған топ оқушылары тыңдайды және «Екі жұлдыз бір ұсыныспен» бағалайды.

Бағдар картасы және «Бастапқы нүктеден соңғы нүктеге дейін» кеңейтілген тапсырманы жекелеген оқушылар орындайды. Бағалау критерийлері бойынша өздерін бағалайды.

Жеке тапсырма берілген оқушылардан басқасы «Ойлан, бірік, бөліс» тәсілі бойынша топтық тапсырма орындалады. Берілген сызбаларды салыстыру ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды. Берілген фигураны өлшеп периметрін табады және тақтада орындайды.

Қорытынды


3 минут

Кері байланыс:

«Менің бүгінгі сабақта алған орыным"

Үйге тапсырма : §1-3 қайталау. Есептер жинағынан есеп беріледі.

Кері байланыс:

«Менің бүгінгі сабақта алған орыным" Оқушылар өз көңіл күйлері мен бүгінгі сабақтағы өз деңгейлерін белгілейді.

Сабақтың талдауы




Сабақ бойынша өзгертулер





© 2010-2022