Көпмүшені бірмүшеге көбейту. (7 сынып)

Раздел Математика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Көпмүшені бірмүшеге көбейту.(7 сынып)Көпмүшені бірмүшеге көбейту.(7 сынып)Көпмүшені бірмүшеге көбейту.(7 сынып)Көпмүшені бірмүшеге көбейту.(7 сынып)Көпмүшені бірмүшеге көбейту.(7 сынып)Көпмүшені бірмүшеге көбейту.(7 сынып)Көпмүшені бірмүшеге көбейту.(7 сынып)Көпмүшені бірмүшеге көбейту.(7 сынып)Көпмүшені бірмүшеге көбейту.(7 сынып)Көпмүшені бірмүшеге көбейту.(7 сынып)Көпмүшені бірмүшеге көбейту.(7 сынып)Көпмүшені бірмүшеге көбейту.(7 сынып)7 сынып Алгебра

Сабақтың тақырыбы:

Көпмүшені бірмүшеге көбейту.

Сабақтың білімдік мақсаты:

Оқушыларды көпмүшені бірмүшеге көбейте білуге үйрету.

Тәрбиелік мақсаты:

Оқушылардың ойлау, еңбек ету қабілеттерін жетілдіру, шыдамдылыққа, байқағыштыққа, жинақылыққа тєрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты:

Алған білімдерін есеп шығаруда, жаңа білімді бекітуде қолдана білу, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, экономикалық сауаттылығын арттыру.

Сабақтың типі:

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың түрі:

«Математик - кәсіпкер» ойыны

Сабақтың көрнекілігі:

Ойын тәртібі жазылған плакат, тақырыпқа қажетті сызбалар, теңгелер, касса.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастырудан кейін үй тапсырмасы тақтаға жазылып тексеріледі. Үйге көбейтудің (V - VI) үлестірімділік қасиетін пайдаланып есептер шығаруға берілген.

Бірмүшелерді көбейту ережесін еске түсіру мақсатында ауызша есептер шығарылады.

Көпмүшені бірмүшеге көбейтуді схема түрінде де көрсетуге болады.

а + в - с 3х + 2у - 4

m 7x

am + bm - cm 21x2 + 14xy - 28x

«Бүгінгі сабақты «Математик - кәсіпкер» атты ойыны түрінде өткіземіз». Ойын тәртібі түсіндіріледі.

І - қатар «Бірмүше» банкі.

ІІ - қатар «Көпмүше» банкі.

ІІІ - қатар Акционерлер.

Сендер - Банксіңдер - яғни, қаржы - несиелік мекемесіңдер. Сендердің мақсаттарың ақшаға, түсім, табысқа байланысты экономикалық сұрақтарды шешу, сол арқылы капиталдарыңды өсіру. Бүгінгі сабақта сендердің капиталдарыңның өсуі - есепті сатып алып, шығару арқылы жүзеге асады.

Есептердің сатылу бағасы.

№ 179 (1,2,3,4) - 50 теңгеден.

№ 180 (1,2,34) - 50 теңгеден схема түрінде орындарында шығарылып тексеріледі. Бұл жерде капиталдарынды бірнеше есе өсіру мүмкіндігі бар.

№ 182 (1,2) - 100 теңгеден.

№ 183 (1,2,3,4) - 100 теңгеден.

№ 186 - 200 теңгеден.

№ 188 - 200 теңгеден.

«Математик - кәсіпкер» ойынының тәртібі:


  1. Банк басқарушысын сайлап алу керек. Ол есеп тандап отыруға құқылы.

  2. Банктың бастапқы капиталы 500 тг.

Әрбір банк кезекпен 50 - 200 тг тапсырмаларды орындайды.

  1. Егер есепті дұрыс шығарса, сонша бағаға капиталы өседі.

  2. Егер есепті шығара алмаса, есеп екінші банктегілерге беріледі де, сонша капиталы кемиді.

  3. Егер ол банктегілер де шығара алмаса, тек капиталының 50% кемиді.

  4. Банктер өзара келісім бойынша есепті сатуына болады.

  5. Әрбір акционер бір банкке өз капиталын қоса алады.

  6. Қай банктің ақшасы көп, сол банк жеңіске жетеді.

Әрбір есептің құнына байланысты ақшасы беріліп отырады.

Әрбір банк капиталы есептеледі. Есеп шығаруға қатысқан оқушылар бағаланады. Қорытындысы шығарылады.




© 2010-2022