Ғылыми жұмыс материалы жоспар (10 сынып)

Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ғылыми жұмыс материалы жоспар (10 сынып)Қазақстан Республикасы Білім жіне Ғылым министрлігі

Маңғыстау облысы

Маңғыстау ауданы

Жармыш ауылы

Жармыш орта мектебі

Жұмыстың атауы:Киіз үй сүйегін дайындаудағы математикалық

өлшемдері

Бағыты :Экономикалық және әлеуметтік процестерде математикалық моделдеу

Секция:Математика


Жұмысты орындаған Даражат Зияда

Жетекшісі : математика пәні мұғалімі Издибаева Алтынгүл


Жармыш ауылы 2013 жыл.


Абстракт .

Қазақтың материалдық мәдениетін қалыптастыруының негізі болған қазақтың дәстүрлі қолөнері жөнінде сөз қозғар болсақ, сонау ықылым замандарды басынан кешіріп, қазірге дейін мал шаруашылық аудандарда баспана ретінде қолданылып отырған қазақ киіз үйінен аттап өте алмаймыз.Ата-бабаларымыз таулы өңірде мекенденгендіктен, орман-тоғайдың ен байлығынан мейлінше игіліктенген.Қауымдық қоғам кезіндегі ата-бабаларымыздың алғашқы баспаналары тас үңгір, күрке, жер үй - лопы, балаған, қақыра, қалытқы, саргер, шарбақ үй, т.б. болғаны шындық.Шаруашылықтың шалқуына ілесе тас үй, тасқора, тас үңгірлерді тастап, дөңбек үйлері, дөңбек қоралары, кірпіш үйлері бар тұрақты қоныстар құрып мекенденумен бірге көшпенді тұрмысқа лайықты киізүй қаңқасын, киіз үй жамылшыларын жарыққа шығарған. Демек,киізүй - көшпенді тұрмыстың төл туындысы. Жүйеден, киіз үй көшпенді тұрмыстың жемісі болғандықтан, Орталық және Орта Азианы қоныстанған басқа да мал өсіруші тайпалар қырғыз, тәжік, өзбек, моңғол т.б. ұлттарда «киіз туырлықтылар» атанды.Алайда, әр ұлттың ұлттық салт-сана, діни наным-сенімдеріндегі, тұрмыс мәдениетіндегі өзгешеліктеріне қарай киіз үйлерінде айқын парықтар болды. Ал қазақ киіз үйлерінің уық балағы кереге басынан жоғары отызда елу сантиметірдей сыртқа тебіңкі, доғалана иін жасап керегемен қосылады да, табиғи биіктеп еңселі көрінеді. Қазақ киізүйінің уығының иінделіп жасалуына байланысты үйдің сыртқы пішіні дөңгеленіп, келісті көрінеді. Киіз үйдің пайда болуы қола дәуіріне яғни заманымыздан бұрынғы 3-ші мың жылдыққа саяды. Киіз үй ықылым замандарды басынан кешіргендіктен, оның даму барысын дөп басып айту өте қиын.Осылайша ғасырлардың өтуі бұл баспаналадың көші-қонға лайықталған, берік жималы түрін туындатты. Киіз үйдің тұлғасына архитектуралық шеберлік, сәулет, сұңғат өнері тоғыса біткен. Шынында, киіз үй туындысы ғана емес, «халықтың астрономиялық, метрологиялық , математикалық, физикалық, экономикалық т.б. өмірлік тәжірибесіндегі білімнің айқын көрсеткіші»…







1

2








Мазмұны :



I.Абстракт........................................................................................1

II.Кіріспе................................................................................................3

III.Негізгі бөлім.....................................................................................5

А)Киіз үйдің қалыптасу тарихы..........................................................5

Ә)Киіз үй сүйегінің математикалық өлшем сәйкестігі.....................8

IV.Қорытынды.......................................................................................17

V.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................18
VI.Жетекші пікірі................................................................................... 19





Кіріспе.

Басы бостандықтағы, еркі өзіндегі тәуелсіз Қазақстан Республикасының, жер иесі де, ел иесі де өздері болып тұрған қазақ халқының осы кезеңі - жоғалтқанын жоқтайтын, барын берекелендіретін дәл кезі.

Қазақ халқының ұлттық ерекшелігін айшықтай түсер нәрсесінің ең бастысы - киіз үйі. Қолөнері мен дарыны, дүниетанымы мен сұлулық туралы талғамы киіз үй бойынан айрықша айқын танылады.

Белгілі жазушы-ғалым Ақселеу Сейдімбек: "Көшпелі өмір ... даладағы өндіріс тәсілінің шыңдалуы, өнім қорының молығуы сол дала төсіндегі ел-жұртқа төңірегінен алапат-айбарын асыртып қана қойған жоқ, сонымен бірге күн көрістің ұлы ырғағымен үндес салт-дәстүрді, моральдық-этикалық қарым-қатынасты, өнердің алуан түрін орнықтырды. Осылардың ішінде көшпелілердің сан ғасырлық тәжрибесі, өмірлік қажеттілігі, ой өрісі, талғам-танымы бір ғана киіз үйдің бойына шоғырланғандай. Көшпелілердің сұлулық туралы талғам-түсінігі, дүниені сұлулық заңдылықтарымен игеру мүмкіндігі негізінен осы киіз үй арқылы көрініс тапты" - делінген.

"Қай халықтың болса да рухани әлемі, ең алдымен оның дәстүрлі өнерінен көрінетіні мәлім" - деп, математикалық формула секілді дҽл, дәлел қажет етпейтін аксиома секілді тұжырымды етіп түйіндепті, Өзбекәлі Жәнібеков

Киіз үй қолдан жасалған алғашқы күмбезді ғимрат. Адам баласының қолынан шыққан барлық күмбезді тас ғимраттар (жер асты кеуектер мен үңгірлерді есептемегенде) жас жағынан киіз үймен таласа алмайды.

Киіз үй-Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі.Ол - көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.Көшпенділердің киіз үйі - тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінензардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр."Киіз үйдің көшпелі тұрмысқа бейімділігі жайлы" қазақ жерінде болған жат жұрттық саяхатшылар көп жазған еді.

XYIII ғ. екінші жартысында әскери құрылысшы, капитан И.Г. Андреев "қазақ қолөнерінің басты саласы - киіз үй жасау" - деп жазған еді. Ресей және Рим Ғылым Академиялары мен Корольдік ағылшын ғылыми жиналысының мүшесі П.С.Паллас 1766 және 1769 ж.ж. Батыс Қазақстанда болып, Жайықтың шығыс жағына көшіп бара жатқан қазақтардың тұрмыс-тіршілігіне байланысты "қазақтар киіз үйлерде тұрады, оған жиырма адам еркін сиып отырады", - деп атап өткен еді. Санкт - Петербургтегі американ дипломатиялық миссиясының хатшысы 1873 жылы Самарадан Орта Азияға барар жолда қазақ жерінде болып, кейіннен "қазақ киіз үйі жайлы әсерін" тәпіштеп жазып, баспасөз бетінде жариялаған болатын киіз үй жайлы

3

көптеген авторлар түрлі жазбалар, мақалалар, зерттеулер жазып, киіз үйдің құрылысына таңданыс білдірген еді .
Бір көзбен қарағанда киіз үй-ескіліктің көзі, ал оның жеке бөліктері оңай жасалатындай көрінеді . Алайда киіз үй бізге ғасырлар шегінен жетті және осы уақыт ішінде оның жеке бөліктеріне түрлі өзгертулер мен өзгерістер енгізілген болатын. Тіпті бүгінгі күннің өзінде киіз үй малшылар мен ыстық аймақтағы отбасыларға қажетті тұрғын үй болып табылады. Қазіргі заманда киіз үй жасағаннан, кірпіштен үй тұрғызу жеңіл. Өйткені, киіз үйді жасалу тәсілін ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан арнайы шеберлер ғана арнайы құрал-жабдықтармен жасай алады.
Қазақтар өздерінің киіз үйлерін тұрмысы мен табиғи ортаға ғана бейімдеп қоймай, оған өзіне тән әдемілік те берді. Қазақ қоғамындағы экономикалық теңсіздік әлеуметтік жағдаймен байланыса отырып,тұрғын үйге де әсерін тигізді. Киіз үйдің сыртқы көрінісі мен ішкі жасауы үй иесінің тұрмыс жағдайымен тығыз байланысты болды.
Қарапайым қазақтардың киіз үйі алты қанатты болып келсе, байлардың киіз үйлері сегіз-тоғыз қанатты болып жасалды. Ірі байлар киіз үйлері мен хан ордалары он екі қанатқа дейін жетті. Әрине, олардың ішкі жасауында да соншалықты көп айырмашылық болды.
Осындай ерекшеліктеріне қарамастан киіз үй ғасырлар бойы қазақтардың негізгі тұрғын үйі қызметін атқарып келді. Белгілі шығыстанушы Л.Н.Гумилев киіз үй жайлы: "Тастан немесе саздан жасалған үйдің киіз үйден көп артықшылығы бар деген пікірді әлі ешкім дәлелдеген емес. Киіз үй жылы, әрі кен керек кезінде бір жерден екінші жерге оңай көшіріледі. Тұрмыс тіршілігі тікелей табиғатпен байланысты көшпенділер үшін мұндай үйде тұрудың аса қажеттілігі бар", - деген екен . Көшпенділік тұрмыста киіз үйдің ролін басқа ешқандай тұрғын үй атқара алмайды.









4

II.Негізгі бөлім

Киіз үйдің қалыптасу тарихы.

Қазақ халқының сан ғасырлық ақыл- ойының , өмірлік тәжірибесінің шынайы еңбек пен табиғатты түсіне білуінің, сонымен қоса шын шеберлік және даналық суреткерлерінің құдіретті туындысы киіз үй десек болғандай.Шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі үш ғасыр бұрын уақытты қамтиды.

Қазақтың киіз үйі - әрбір шаңырақ иесінің, әрбір қазақ баласының қоғамдағы орнының, ел ішіндегі беделінің, тұрмыстағы байлығының көрінісі десек, қателесе қоймаспыз. Киіз үй көшпелілер үшін табиғаттай сұлу, кеңістіктей үйлесімді шағын әлем болған десек дәл айтқан болармыз.

Киіз үйдің маңдай алды міндетті түрде шығысқа қаратылып тігілген.

Киіз үй - қазақ үшін адамгершіліктің ұясы, қасиет тұтар орда болған. Ұзатылған қызына да, бөлек шығарған ұлына да қазақ халқы үй көтеріп беретін болған.

Қазақтың киіз үйі - әр қазақ үшін тәуелсіздігі мен бостандығының, байлығы мен барлығының, рухани кісілігі мен қоғам алдындағы міндеттілігінің символы. Үй тігіп беріп шығарылған ұл санаққа кіреді. Өз алдына жеке салық төлеп қоғам байлығына үлес қосады. Киіз үй сәулет өнері тұрғысынан қарағанда керемет үйлесім мен жарасымдылықты танытса, философиялық ойларға әлемдік жаратылыс тұрғысынан жауап бере алады. Кез келген баспана, адам баласы үшін өмір. Ал киіз үй болса, қазақ халқының эстетикалық тәрбиелушісі, қол өнерінің мұражайы ретінде де қымбат. Қазақ киіз үйі өзінің архитектуралық пішімі жағынан да өзіне тең келер нұсқасы жоқ дүние.

Көшпенділерге көшіп қонуға ыңғайлы етіп 4, 5, 6, 7, 8, 10 қанатты және сән-салтанат құру мақсатында 12, 14, 16 қанатты етіп жабдықталатын болған.

Кейбір деректерде, ауыз әңгімелерде 24, тіпті 30 қанатты киіз жасалғаны туралы айтылады. 1253-1255 жылдары Қазақ жерін басып өткен Француз елшісі Рубруктың айтуынша "кейбір киіз үйлерді тарту үшін арбаға 22 өгізге дейін жегіледі екен", - деген сөздері дәлел.

Қазақтың киіз үйлері жоғары лауазымды, мемлекет басқарған адамдардың дәрежесіне сәйкес: Алтын Орда, Ақ Орда, Хан Орда, Орда, деп аталып, сол аттарға лайық жасақталатын болған. Киіз үй иелерінің рулық, тайпалық түсініктегі мансабына байланысты: Үлкен үй, Кішкене үй, Отау, Кіші отау деген аттармен мәртебеленген.

Киіз үй - көші-қонға ыңғайлы етіп жасалған көшпелі елдердің сәулеттік ғимараты.

Қазақ халқы өзінің қасиетті мекеніне жалпы киіз үй деп ат таққанымен, оған қоса ағаш үй, шаңырақ, қара шаңырақ секілді атулармен де атай береді. Алтын Орда, Ақ Орда секілді сөздер мен елеусіздеу ғана үлкен үй, жабасалма, күрке секілді аттар да сол киіз үй аттары. . Баспаналар біртіндеп жақсартылып, жаңғыртылып, өзгертіле беруімен бірге шаңырағы да, уық, керегелері де біріне-бірі сәйкесті, жығып-тігуге қолайлы, жеңіл, ықшам етіліп жасалып, қазақ киіз

5

үйінің тұлғасы сараланып шықты.Мейлі қандай пішінде, қандай сән деңгейінде тігілсе де, киіз үйлер артып жүруге, тігіп-жығуға қолайлы, күн аптабын, ыстық-суық, жауын-шашын өткізбейтін, желге, жер сілкінуге берік, денсаулыққа пайдалы, қауіпсіз баспана болуы сипатымен айрықша даралыққасиетке ие. Әрі әсемдігімен көзге түседі.

Киіз үй негізгі 3 бөліктен тұрады:
1. Үйдің сүйектері (ағаштан тұратын бөліктері)
2. Киіздері (ши де осыған кіреді)
3. Бау шылаулары (баулары мен басқұр арқандары). Киіз үй бөліктерін дайындағанда экологиялық таза, табиғи материалды қолданған, яғни ешқандай денсаулыққа зиян келтіретін синтетикалық қоспалары жоқ.

Киіз үйді тіккенде алдымен керегелерді бір - біріне қосып, оның екі жағын есік босағасына таңғыштар арқылы бекітіледі. Кереге басын бас арқанмен орай тартып, маңдайшаның екі жақ басына мықтап байлайды. Үйдің берік тұруының себебі оның салмағы осы бас арқанға түсетінімен түсіндіреледі. Содан соң бақан арқылы шаңырақ көтеріліп, оның жан - жағынан уық шаншылады. Уық тегіс шаншылып біткеннен кейін, ірге киіз жабылады. Оның биіктігі жарты метрдей, онымен үй айнала орала жабып , түсіп кетпес үшін әр жерінен керегеге байланады. Ірге киіз желді күні шаң, топырақтан, қыста суықтан қорғайды. Осыдан кейін туырлық жабылады да, ол туырлық бау (құр) арқылы уықтан асып, қарсы керегеге байланады. Үй көлеміне қарай туырлық 3,4 бөлік болуы мүмкін. Туырлық екі босаға жақтан бастап жабылып, ол да бау арқылы белдеуге байланады. Ең соңында түндік жабылады. Қазақтың төрт қанатты киіз үйі оның көшпелі өміріне ыңғайлы: орташа көлем мен салмақтағы киіз үйді бір түйеге артуға болады. Ол керегелерден, жіңішке уықтар мен бірнеше киіз жабдықтардан тұрады. Біріншісі үйдің негізі, ал екіншісі суық пен аяздан қорғайды. Киіз үйдің ағаш құрамы үш бөліктен тұрады: кереге, уық және шаңырақ. Төменгі бөлік немесе кереге - түйіскен жерлері қайыспен байланған, көшуге киіз үйді жыққанда жеңіл жиналып, тіккенде керілетін торкөз ағаштар. Киіз үйдің көлемі екіден сегіз керегеге дейін барады, оларды біріктіре байлағанда қанат деп аталады.Уықтар немесе иілген үшкір ағаштар киіз үйдің күмбезін құрайды, олардың төменгі жағы керегеге байланады, ал жоғарғы үшкір жағы киіз үйдің төбесі - шаңырақтың жанынан жасалған тесіктерге енгізіледі.Шаңырақ деп бірнеше доға етіп иіліп, көлденең шыбықтармен бекітілген ағаш дөңгелекті айтады. Ол киіз үйдің жарық кіретін және түтін шығатын тесік қызметін атқарады. Ол қажетінше ашылып немесе қымталып отыратын киіз түндікпен жабылады.Киіз үйдің сыртына жабатын киіздің түрлері әрқалай, сондықтан атаулары да әртүрлі. Керегені жабатын төмендегі киіздер туырлық деп аталады, уықтың үстіне жататын киіздер үзік, ал шаңыраққа жабылатын төртбұрышты киіз түндік деп аталады. Жаңбырлы күні киіз үйден түтін шығу үшін түндікті бақанмен, яғни сырғауылдан жасалған ұзын сырық ағашқа, оның бір бұрышын іштен іліп, желді қалқалап, ық жасап көтереді. Астарына тоқылған ши салынған шағын ұзындау киіз есікті жауып тұрады. Үй жылы болу үшін кереге мен туырлықтың арасына түрлі-түсті

6

жүнмен тоқылған ши ұстайды.Киіз үйді тігу де үлкен өнерді қажет етеді.Дегенмен оны тігу қиын емес: керегені байлап, шаңырақты уықпен көтереді, сыртынан киіз жабады, екі арқанмен бастырып, керегенің шетіне есікті байлайды - бар жұмыс осы.Киіздердің шеті тарқатылып кетпес

үшін жиектеледі, яғни, тоқылған жіппен көмкеріледі, ал үзіктің төменгі шеті ерекше мықты жіппен, кейде мауытымен тігіліп, әр түрлі ою-өрнекпен көмкеріледі, осылармен бірге үзікті киіз үйдің ағашына мықтап бекітетін қызыл жүннен тоқылған басқұр кигізіледі. Кейде есіктің жақтауы екі жағынан сүйектен ойып жасалған бейнелермен немесе қаңылтырға бастырған әшекейлермен өрнектеледі. Бай қайсақтар киіз үйдің ішін ташкенттік жібекпен безендіреді; мұндай таза, әдемі киіз үйлер әдетте ұзатылатын қызға жасау ретінде беріледі, оны отау деп атайды, оларды қыста ыстанып кетпес үшін құрмайды, тек жазда ғана, оның өзінде аса сыйлы қонақтар келгенде көруге болады. Мұндай ерекше киіз үйдің орташа бағасы 200-400 қойға тең. Ақ киіз өзге түстерге қарағанда артық саналады.Кереге, уық, шаңырақ қайнатылған жосамен боялады. Боранды күндері жел жығып кетпес үшін шаңыраққа үйдің ішінен ұзын таяқтар тіреледі. Олар бақан деп аталады.







7

Киіз үй сүйегінің математикалық өлшем сәйкестігі

Киіз үй қаңқасын немесе киіз үй сүйегін атадан балаға мирас болып келе жатқан шеберлік кәсіпті меңгерген, өнер қонған шаңырақтар дайындайды. Ежелгі аты "қаңқа" сөзі болғанымен соңғы атау қазіргі ауызша да, әдеби тілде де көбірек пайдалануына байланысты біз де "киіз үй сүйегі" атауын пайдаландық.

Киіз үй сүйегі арнайы дайындалған ағаш сырықтар мен бұтақтардан дайындалады. Олар желге, жабылатын киіз салмағына, әсіресе кенеттен пайда болатын дала құйынына шыдамды етіп жасалынуы қажет.

Киіз үй формасының дөңгелек түрде алынуы, барлық бөлшектерінің бір-бірімен айналмалы, қозғалмалы (шарнирлі) етіп жалғастырылуы киіз үйді жел екпініне, жер сілкінісіне төзімді етеді және киіз үйдің бұндай қасиеттері кездейсоқ құйын соғып, не қатты дауылға шыдамай құлаған жағдайда үйлерді аз ғана шығынмен қайта тұрғызуға мүмкіндік береді.

Өмірлік тәжірибе құлаған киіз үйдің ең көп зақымданатыны уық қаламдары екенін көрсетіп жүр. Бұндай жағдайға ұшыраған киіз үй сүйектері зақымданған уық қаламдарын сәл ұзартып, қайта қаламдаумен шектеледі де, үй қалпына келтіріледі.

Ғалымдар мен мамандар киіз үйді сәулет өнерінің бірі деген пікірде. Әрине бұл асыра айтқандық емес. Жалпы формасына зер салғанда киіз үйдің күрделі геометриялық беттерден тұратындығына көз жеткізуге болады. Енді соған тоқталайық.Киіз үйдің сүйегі(қаңқасы) біркелкі сәмбі талдан жасалады. Талдың жуандығы 1 тұтам, яғни 1см.Қазіргі жасалып жүрген киіз үйдің үлкен - кішілігі осы кереге басының санына байланысты.Математикалық тұрғысынан қарағанда киіз үй негізгі 3 бөліктен тұрады. (Цилиндр және қиық конустың бірігуінен құралған, шаңырақтың жоғарғы бөлігі айналу параболоиды) 1.Кереге- желісі жанабы екі кубтық парабола тәрізді. Жайылған керегенің жоғарғы және төменгі жақтары гиперболалық параболоид тәрізді де, ортасы эллипсоид бөлігі пішінді болады. Керегенің бір қанатындағы желілер 14 ерісінен, 9 сағанақтан, 9 балашықтан тұрады. Алты қанат үйдің сағанақтары мен балашықтарының саны 108. Керегенің әрбір көздері ромб болып табылады.

2. Уық

Уық шаңырақ пен кереге арасын жалғастыратын, үйге ерекше сҽн беретін, бір шеті иілген ұзын сырық. Уықтың шаңырақ көзіне кіріп тұрар шеті ұзындығы 6-7 см, көлденең қимасының бас жағы 2 см, төменгі жағы 2,5 см. Жобада, Уық қиық пирамида етіліп ұшталады. Оны уықтың қаламы деп атайды. Иілген екінші шеті жалпақтау етіп жасалып, 6-7 см жерінен уық көзі тесіледі. Уықтың керегеге бекітілетін жері "уық алақаны" деп аталады. Уықтың қаламы шаңырақ көзіне кіріп тұрады, ал уық алақаны кереге басына уық бауы арқылы бекітіледі.

Қазіргі тігіп жүрген алты қанатты үйлердің уығының ұзындығы 3 м болса, қазақ киіз үйінің сәулеттік пішінін сақтай жасалған 16 қанатты киіз үй уығының ұзындығы 7м 30 см, ал 30 қанатты киіз үйдікі 12 м болар еді.

8

Киіз үй уықтарының саны керегелер басының саны мен маңдай уықтар санының (5 - 7) қосындысынан шығады. Уық кереге басында бос бас қалдырылмай шаншылады.

Маңдай уықтар .Қанат саны онша кҿп емес үйлердің есігі керегеден биік болады. Соған байланысты маңдайшаға қарының ұзындығы басқа уықтармен бірдей, бірақ иіні қысқалау уықтар қадалады. Ол уықтар "маңдай уықтар" деп аталады. Маңдай уықтар саны 5-7 жобасында болады. Уық- парабола тәрізді . Ұзындығы үйдің көлеміне байланысты.12-16 қарыс мөлшерінде жасалынады (қарыс -ұзындық бірлігі) ,ал саны45-120 болады. Уық саны 45,60,72,90,120.
Бұл сандардың бәріде 360-ты қалдықсыз бөледі.
Ертеде адамдар уақыт өлшемдерін күнге қарап анықтаған. Уықтың арасынан түскен күн сәулесімен былай анықталады. Шаңырақтан түскен күн сәулесі үш уықтың арасын жүріп өтсе «бие сауым» уақыт деген. Басқаша айтсақ , уақытты 1-5 минутқа дейін дәлдікпен өлшейтін күн сағаты. Екі уықтын арасы 5 см-ге тең (уық саны 72 болса, 360/72=5) шамамен күн сәулесі екі уықтың арасын 20, үш уықтың арасын 40 минутта жүріп өтеді. Уықтар конустар жасаушылар. Бүкіл уық қиық конусты құрайды. Төбесіндегі бұрышы 108 градусқа тең.

3.Шаңырақ

Шаңырақтың дөңгелек шеңберін тоғын дейді. Кейбір зерттеушілер еңбектерінде тоғынды бөген деп атау да кездеседі .

Шаңырақ көзі қиық конус формалы бұрғымен (бас жағы 2 см., түп жағы 2,5 см.) ойылады. Шаңырақ көзі остерінің арасы 5-6 см. жобада тесіледі.

Күлдіреуіштер аз қанатты үйлерде төрт, алты, сегіз ағашты болып келсе, көп қанатты үйлерде он алты ағаштан, шаңырақ шеңберінің жазықтығына 45 градус доға етіліп жасалып, төрт (одан да кҿп жерінен) көлденең кепілдіктермен бекітіледі. Кереге саны көбейген сайын шаңырақ диаметрінің де үлкейетініне байланысты, күлдіреуіш шаңбақ түрінен (төрт) алтыға, сегізге дейін көбейтіледі. Бұл шаңырақтың конструкциялық беріктігіне септігін тигізумен қатар түндіктің күмбез қалпын сақтауға, үйге жауын-шашын суларының ақпауын да қамтамасыз етеді. Шаңыраққа екі, үш не төрт желбау және аспа бау тағылады. Шаңырақ маңдайы арнайы белгімен белгіленеді. Шаңырақ маңдайына киіз есіктің бауы оралып маңдайшаға бекітіледі.

Шаңырақ күлдіреуішінің доғасының биіктігі шаңырақ диаметрінің төрттен бірі жобасында иіледі. Бұл жобаны Е.Қанафияұлы: "...киіз үйдің төбесіне жауын-шашын іркіліп қалмауы үшін 45 градус шамасында айқастыра бекітілген ағаштарды күлдіреуіш деп атайды" - деп, дәлелдей түседі.

Т.Арынов "Қазақтың киіз үйлерінің түрлері туралы" (Жұлдыз,№ 11 1993 ж.)

мақаласында уықтың шаңыраққа 75 градустық сүйір бұрыш жасап

түйісетіндігі туралы жазады. Киіз үй уығы қаламдарының сынып, тозып қайта қаламдалуына байланысты ол градус шамасының аз-аздап азая түсетіні байқалады. Шаңырақ көзінің конус тұрінде 2,5 см-ден басталып, 2 см жобада тесілетіні туралы көптеген зерттеушілер пікірі бір-біріне сәйкес келгенімен, шаңырақ көзі төрт бұрышты етіліп ойылады деген қате пікірлер де кездеседі.

9





Тәжірибе жүзінде уық қаламы төрт бұрышты қиық пирамида пішінді болады да, шаңырақ көзі қиық конус пішінді етіліп ойылады Осылай етіп ойылу уық қаламының шаңырақ кҿзіне кіргеннен кейін қалаған жағыңа бұрып бектуіңе мүмкіншілік береді жҽне бұрған кезде уық қаламын сынып кетуден сақтайды. Шаңырақ - шеңбер тәрізді тоғыннан және күлдіреуіштен тұрады. Күлдіруіштерпарабола тәрізді иіледі. Түндік жабылған шаңырақтың пішіні айналу параболоиды. Бұл пішін көптеген күмбездерге тән, көк күмбезінің кішірейтілген бейнесі болып табылады. Шаңырақ диаметрінің ұзындығы бір метрден екі метрге дейін жеткен дейді.

Шаңырақ диаметрінің тұрақты сан емес екендігі, оның кереге қанатының санына байланысты.
Жалпы алғанда ,киіз үйдің дөңгелек пішінді етіп жасалуында көп жағдайлар ескерілген сияқты.: ол қатты жерге орнықты, көшіп қонуға ыңғайлы және т.с.с.Ата-бабаларымыз неге киіз үйді неліктен дөңгелек пішінді етіп жасаған?
Келесі әңгімеміз осы сұрақ төңірегінде болмақ:
Есеп.
Ұзындығы бірдей үш сыммен дөңгелек пішінді , шаршы пішінді ,тең қабырғалы үшбұрыш пішінді учаскелер қоршалған ( 1 сурет). Осылардың ішіндегі қайсысы ең үлкен ауданды қамтиды?





Ғылыми жұмыс материалы жоспар (10 сынып)Ғылыми жұмыс материалы жоспар (10 сынып)Ғылыми жұмыс материалы жоспар (10 сынып)Ғылыми жұмыс материалы жоспар (10 сынып)

Шешуі: Есептеу жұмыстарын жүргізген кезде периметрлері бірдей барлық жазық фигуралар ішінде ең үлкен ауданды қамтитыны дөңгелек екен.
Бабаларымыздың киіз үйді дөңгелек пішінді етіп жасауының тағы бір ғажап сыры осында екеніне көз жеткіземіз.Бабаларымыздың дөңгелектің изоперимерлік қасиетін білгендігін мынадай дәлелдермен келтіруге болады:
А) Қазақы үстеліміздің дөңгелек пішінді болуы- қазақ халқының қонақжайлығы. Себебі,дөңгелек столға көп адам отыруға болады.
Шаңырақ- үйге жарықты көп түсіреді.Міне киелі пана- киіз үйді біз өз шамамыз жеткенше математикалық жағынан түсіндірдік деп ойлаймыз.



10

Шаңырақ өлшемі және «А» саны
Киіз үй сүйектерінің тұрақты бір сан арқылы жасалатыны туралы айтылады. Біздің зерттеуімізде ол сан «Шаңырақ өлшемі» деп аталып, «А» әрпімен белгіленіп 1 м-ге тең деп қабылданады, ал шаңырақ дөңгелегінің сыртқышеңберінің ұзындығы «Ш» әрпімен белгіленді.
Бұл санды (өлшемді) үйшілер өздерінше әртүрлі жобада қабылдауы мүмкін, мысалы 93 см, 95 см шамасында.
Шаңырақтарына өлшеу жүргізілген бірнеше алты қанат үй шаңырағының сыртқы шеңберінің ұзындығы 570 см (570:6 = 95 см) болып кездессе, жеті қанат үй шаңырағының сыртқы шеңберінің ұзындығы 657 см (657:7 = 94 см) болып кездесті. Шаңырақ шеңберінің ұзындығын үйдің қанат санына бөлгенде тұрақты сан шығатыны байқалды. Ол сан бір метрге (93 ~ 95см) жуық шамаға тең болып, теориялық есептерге бір метр деп қабылданды.
Сонымен: Шаңырақ өлшемі «А»=1метр.
Шаңырақ дөңгелегінің сыртқы шеңберінің ұзындығы «Ш»
Киіз үй сүйегінің барлық мүшелерінің сандық мәні шаңырақ дқңгелегінің ұзындығы «Ш» және шаңырақ өлшемі «А» санының көмегі арқылы жасалады. Үйшіге керегі бір сан, ол кереге саны «К».
Қанша қанат үй жасатқысы келсе, ол өзінің «А» санын кереге санына көбейтіп, шаңырақ шеңберінің ұзындығын табады.
Ш= КА
Мысалы: тапсырыс берушіге 16 қанат үй керек болса, үйші 16 санын 1метрге көбейтіп, шаңырақ шеңберінің ұзындығын табады. Біздің мысалымызда16x1=16метр.
16 қанат үй шаңырағының диаметрі (С=пД); Д = 16:3,14 =5,09 м.

Киіз үй шеңберінің ұзындығы «Сүй»
Кереге саны арқылы шаңырақ өлшемін, ал шаңырақ өлшемі арқылы үй

шеңберінің ұзындығын анықтауға болады дедік. Оқушыларға түсінікті болу үшін мысалымызды тағы бір пысықтап өтелік.
Мысалы: 16 қанатты үй жасау керек болды делік.16 санын «А» мәніне көбейтеміз де, шаңырақ шеңберінің ұзындығын анықтаймыз. Біздің қабылдауымызда «А» саны 1 метрге тең. Демек,16 қанатты киіз үйдің шаңырақ шеңберінің ұзындығы16х1=16 м.
Қазақ халқының күнделікті тұрмыстық тәжірбиесінде үйдің бел арқанын ширатқан әйелдер оның ұзындығын шаңырақ шеңберінің ұзындығынан үш есе ұзын етіп өлшеп алып, оның үстіне киіз үй босағасына арқанды байлайтын артықтарын қосып есетіні белгілі.
11

Демек, екі метрдей артық есілсе,16қанат киіз үйдің белдеу арқаны :

(16х3)+2 м=50 м.
Киіз үй шеңберінің ұзындығы шаңырақ шеңберінен үш есе артық.
Сүй= 3Ш + Т
Т тұрақты сан, киіз үй есігінің ені, 130 см
16 анат киіз үй шеңберінің ұзындығы: 6
Сүй= (3х16)+1,30 = 49,30 м.
Кереге саны «К» үй иесінің қалауы бойынша анықталады.
К = Ш:А
«А» саны бірге тең болған жағдайда кереге саны шаңырақтың метрлік өлшем санына тең болады.
Мысалы: Үй иесі шеберге (үйшіге) 16 қанатты үйге сұраныс жасады делік.
Кереге саны 16.
Шебер, шеңберінің ұзындығы 16 м, шаңырақ дайындауға кіріседі.
Шаңырақ диаметрі: (С=пd); d= 16:3,14 =5,09 м.
Үй шеңберінің ұзындығы: Сүй= (3х16)+1,30 = 49,30м
Осылар арқылы киіз үй сүйегінің қалған мүшелерінің өлшемдері анықталады.
Кереге биіктігі .Жайылған кереге биіктігі (һк) шаңырақ шеңберінің ұзындығының (Ш) бестен бір бөлігіне тең.
Һкер= Ш:5
Жайылған кереге ұзындығы(Жкер)
Жайылған кереге ұзындығы үш шаңырақ өлшеміне тең.
Жкер= 3А
Жайылған кереге ұзындығы: Жкер=3 х 1 = 3м.
Жайылған кереге ұзындығын одан әрі ұзарту көші-қон шаруаларына ыңғайсыздық туғызып, әрі кереге сүйегін ауырлатып жібереді. Тәжірибе жүзінде алты, жеті қанатты киіз үй керегелері 290-295 сантиметр шамасында болады.

Уық иінінің бұрышы
Зерттеу тәжірбиелерінің нәтижесінде уық пен еден жазықтығының арасындағы бұрыш 45 градусқа жуық екені байқалды.
Кейбір зерттеу жұмыстарында бұл бұрышты 60 градусқа, 70 градусқа тең деген қате пікірлер кездеседі.Ол бұрыш 45 градустан үлкен болса, үй тым шошайып,сәнсіз болып көрінер еді. Ал бұрышты сол мөлшерден азайту шық-
шылау, жаңбырлы кездерде үйге тамшы таму мүмкіндігін көбейтеді.
Уық ұзындығы «Уұ»
Уық ұзындығы тең қабырғалы тік бұрышты үшбұрыштың гипоенузасы

12

ретінде анықталады.Рүй - үй радиусы.Ршаң - шаңырақ радиусы.
УхУ= 2 (Руйшан)2
Мысалы: 16 қанат киіз үй уығының ұзындығын табалық.
Қанат саны-16
Шаңырақ шеңберінің ұзындығы Ш=16 м
Шаңырақ диаметрі (С=пДш); Дш= 16:3,14= 5,09 м.
Шаңырақ радиусы(Рш) Рш= 5,09 :2 =2,55
Киіз үй шеңберінің ұзындығы Сүй= 3Ш+Т = (3 х 16 ) +1,30 = 49,30 м.
Киіз үй диаметрі Дш= 49,30 :3,14 = 15,70 м.
Киіз үй радиусы Рүй = 15,70 :2 = ?,85 м.
Уық ұзындығы: УхУ = 2 (Рүй - Ршаң)2
УхУ = 2(7,85 - 2,55)2=56,18
У = 7,5 м.
Уық иіні «Уи» кереге биіктігінің үштен біріне тең.
Уи = һкер:3
16 қанатты киіз үй уығының биіктігі кереге биіктігінің үштен біріне тең болатын болса: Уи = 3,20 : 3 = 1,07 м.
Киіз үй биіктігі (һүй)
Киіз үй биіктігі төменде көрсетілген формуламен анықталады. Бұл формуладағы Уи- уық иінінің биіктігі, (Рүй), (Рш) үй мен шаңырақ радиустері.
Һүй= (һкер+ Уи) + (Рүй - Рш) 8
16 қанатты киіз үй биіктігі
һүй= (3,20 + 1,07) + (7,85- 2,55) = 4,27 + 5,30 =9,57 м.
Кереге басы
Жайылған кереге ұзындығы 3 метрге тең болғанда, бір керегеде уық байланатын 16-17-18 бас болғаны тиімді деп есептеледі.
12 қанатты үй керегесінің басы (12х17) = 204 бас.
Уық саны
Керегеге бекітелетін уық саны 12 қанатты үйде - 204.
Маңдайшаға бекітілетін уық саны 5-7
Барлық уық саны 204+ 7= 211

Шаңырақ көзі :
Шаңырақ көзі уық санына тең.
Шаңырақ шеңберінің ұзындығы ( 12 қанатты үйде) 12 м.
Шаңырақ көздерінің арасы 1200:211 = 5,68 см.
Үй мен шаңырақ шеңберінің ұзындығы және кереге мен уық биіктіктері арқылы киіз үй киіздерінің өлшемдерін (үзік, туырлық, түндік, іргелік) анықтау қиындыққа түспейді.
13

Киіз үй сүйегі (қаңқасы) - киіз үйдің үш ҿлшемді кеңістіктік сұлбасын шығарып тұрған шаңырақ, уық, кереге, есік (маңдайша, табалдырық, босаға, сықырлауық) деп аталатын мүшелерінен тұрады.

Киіз үйдің бөліктерін өлшеу жұмыстарын жүргізгенімді айта кетейін.Қазақтың киіз үйінің өзі тұнып өлшем ғой !!

А) биіктігі 135 - 140 см;
В) бас кереге - 1,5 м. 4 кереге (4 қанатты үй де) - 12 ш/м;
С) уық ұзындығы 3 - 5 метрге дейін, 6 - 8 қанатты үйде 100 - 120 шейін уық болған;
Д) Қазақ даласының шиі 2 - 2,5 м болған (үй қанқасын қоршаған);
Е) Бас құр, ояқұр 4 қанатты үйде 9, 9, 5,10 метрге дейін ұзындығы болған;
Ж) Желбеу - шаңырақтан ілініп, жер қазыққа жел, боран болғанда ілінеді. Кіші үйдің желбауының ұзындығы - 5 м;
З) жел - арқан 10 - 15 метрдей;
И) диаметрі - 5 м - ден 20 м - ге дейін.Киіз үйдің бетінің ауданы мен көлемі. Киіз үйдің қазақ өмірі мен әлеуметтік жағдайына үйлесімдігі сондай, оны үлкейтіп, кішірейтіп, тіпті бірі - біріне қосып, 2 - 3 бөлмелі етіп тігуге де болады.Үйдің көлемін табанының ауданын, қалауымызша өзгерте беруімізге болады.Үйдің табаны шеңбер болып келетіндіктен ауданының формуласы бойынша есептеп табуға болады S=п r2, мұндағы r шеңбердің радиусы.Киіз үй екі геометриялық фигурадан құралады - цилиндр және қиық конустан.
Бұлар айналу денелеріне жатады. Осы екі дененің беттері мен көлемдерін табуға болады.Цилиндр дененің ауданын Sбүйір= 2 r h формуласымен , көлемінV= r2 h формуласымен табуға болады, мұндағы - r цилиндр дененің радиусы, һ - цилиндрдің биіктігі .
Қиық конустың ауданы Sбүйір= (r+ r1)l, көлемі V= h (r2+ r21+ r r1),мұндағы r, r1- қиық конустың табандарының радиусы, l -жасаушысы , h - биіктігі.Яғни екі дененің беттерінің аудандары және көлемдерінің радиусы
SКиіз үй беті = Sбүйір(конус) +S бүйір(цилиндр)= 2 r h+ (r+ r1)l,
V Киіз = Vцилиндр+ Vконус= r2 h+ h (r2+ r21+ r r1);Мысалға тек қана бір 6 қанатты үйдің бетінің ауданы мен көлемін есептеуге салдым. 6 қанатты үйдің диаметрі 4 метр екенін өлшедім, яғни радиусы 2 м болады. Формула бойынша есептесем:

Sтабаны =12,56 м2
Sцилиндр = 25,12 м2
Vцилиндр = 25,12 м3
Sбүйір конус = 19,625 м2
14

Vконус = 8,2425 м3
Sжалпы= 44.745 м2
Vконус= 33.3625 м3

Қазақ киіз үйінің сәулеттік формасын сақтай отырып жасаған 30 қанат киіз үй диаметрі отыз метрдей болса, биіктігі 17,76 метрге тең екен.
Өздері шаңырақ көтеріп, үй тіккен адам ондай үйлердің тиімсіздігін, тігу мүмкіншілігінің шектеулі екендігін тәжірибеден білетін болса, тәжірибесі жоқ кісілер кестеде келтірілген сандар арқылы сондай қорытындығы келері сөзсіз.Көшпелі ел ерекшелігін ескере отырып біз 12 қанат үйді пайдалануға, ондай үймен көшіп -қонуға болады деп есептейміз. 16 қанат үйлерді де «Хан Ордасы» ретінде өмірге келтіру мүмкіндігі байқалады.
Киіз үй сүйегінің көз үйренген жалпы пішінін, сәулеттік формасын үйшілер кереге биіктігімен, уық иінінің биіктігі арқылы реттеп отырады. Кереге аласалау жасалынса уық иінін биіктету, немесе аз қанатты үйлерде керегені биіктеу етіп, уық иінін қысқарту арқылы үй еңсесін аласартпайды, сан ғасырлар бойы қалыптасқан сәулеттік пішінін өзгертпейді.





15

Қорытынды

Математика ерте дамыған ғылымның бірі. Ол адам баласы, өзін , қоршаған ортаны, мөлшерлі көрсету керек болғаннан бастап, дүние жүзілігі қоғам мәдениетінің және ой- өрісінің дамуымен қатар қалыптасады. Елбасының «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалмақшы» ерекше атап көрсетуінде де үлкен маңыз бар. Өйткені кез- келген мемлекеттің рухани, әлеуметтік экономикасының дәрежесі сонда өмір сүретін халықтың білім деңгейіне қатысты бағаналар. Ендеше еліміз сеніп отырған жастар, біздер жаңа заман талабына сай, терең білімді пайым -парасаты мол, өрісі кең болуымыз керек.
Егерде киіз үй бітімінің геометриялық,математикалық, сәулеттік үйлесімі күнделікті өмірде көп қолданса, мектеп математикасының маңызы кеңейе түсер еді. Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, құтты-мекен жайы, еншісі баспанасы, мүлкі,мақтанышы деп бағаланады.Шынындада ,арғы -бергі тарихымызбен мәдениетімізді зерделей қарасақ ,киіз үйіміздің атқарған қызметі мен ролі өте зор екеніне көз жеткіземіз. Оған қарап отырсақ ,бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы ата-бабаларымыздың ақыл-ойы , тұрмыс мәдениеті,талғамы еш халықтан кем емес екен . Қазақы үйлер пайдаланылуына , сән-салтанатына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді.Мысалы, қара үй үш қанат, қоңырүй төрт қанат , боз үй бес қанат, ақ үй алты қанат, ақ ала орда сегіз қанат, ақ орда он екі қанат ,ақ шаңқан он сегіз қанат , алтын үзік жиырма төрт қанат, алтын орда отыз қанат деп аталатын түрлері бар.
Осы жобаның жазу барысында киіз үйді жасаудағы математиканың басқа пәндермен байланысының қыр- сырымен таныстым. Менің негізгі мақсатым тұрмыста кездесетін есеп қисаптарды жасай алуға керекті біліммен қарулану. Бұл тұрғыдағы зерттеген еңбегімде пәнге деген қызығушылығым артып, оқулықтарды пайдалана отырып, ізденуімнің арқасында өзімнің білімімді толықтырдым. Бұл зерттеуде жасалған өлшеулер мен зерделеуден туындаған қорытындылар киіз үй сүйегін дайындау заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік берді және зерттеу жұмыстарының қорытындысы киіз үй сүйегінің өлшемдері бір заңдылыққа бағынатындығын байқатты. Ертеректе киіз үй салушы шебер бабаларымыз ең алдымен киіз үйді салмас бұрын,осындай есептеулер жүргізген.


16


Пайдаланған әдебиеттер:

1.Т.Арынов "Қазақтың киіз үйлерінің түрлері туралы" (Жұлдыз,№ 11 1993 ж.)

2.Т. Арынов «Киіз үй атаулары».( Жалын.1987ж.)

3. «Дала мен қала» (27.04.2013)

4. Шаңырақ үй-тұрмыс энциклопедиясы

5. Отарбаев Р. «Киіз үйдің тарихы»(Қазақ әдебиеті ,1988ж.)

6.Тәттіғұлов Ә. «Киіз үй шежіресі» (Парасат, 2003 ж.)

7. С. Назарбекұлы «Қазақтың киіз үйі» (Астана, 2005 ж. )

8. Б. Бозжігітұлы «Өміршең өнер» (Алматы, 2010ж.)



















17

Жетекші пікірі:

Қоғам қашанда дарынды, қабілетті адамдарға мүдделі. Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Қазіргі кезеңде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты ой-қызметін мол шығармашылықты қажет етеді. Қазіргі кезде ғылым мен техникалық даму деңгейі әрбір адамға сапалы терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді.
Егеменді елдің ертеңі оқу білімінің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілетпен қажеттіліктерді толассыз, үздіксіз дамытуды талап етеді.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына жолдауында «Білім беру саласының басты міндеті - 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланы сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту» деп атап көрсетті.Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалы өзгерістер білімді және білімін практика жүзінде қолдана білетін қоғам мүшелерін талап етеді. Ғылыми зерттеу табандылықты, шыдамдылықты, көп ойлануды, сондай-ақ еңбектенуді талап етеді. Оқушының өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқушының ғылымға деген қызығушылығынан және қажеттілігінен туады. Даражат Зияда да дәл сондай оқушы.Зияда «Киіз үй сүйектерінің математикалықөлшемдері»деген тақырыпта ізденіп жүр.Бұл оқушы өз бетімен кітапханамен байланыс жасап , интернет материалдарына талдау жасап,тың мәліметтер жинауда.Ол өз бетімен киіз үй сүйектерінің өлшемдерін алып,олардың ерекшеліктерін табуға талаптанып жүрген оқушы. Көп өлшемдерді есептеп шығармас бұрын көптеген есептерді шығарып онымен сәйкес жерлерін тауып ,салыстырулар жасау үстінде.Зияданың ізденістерімен талпынысын көре отырып,алдағы уақытта тың нәтежелерге қол жеткіземіз деген ойдамыз....

Жетекші : Издибаева А.А


18


© 2010-2022