Талап Сұлтанбеков «Ғажайып планета»

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сыныбы: 6 сынып Сабақтың тақырыбы: Талап Сұлтанбеков «Ғажайып планета» Мақсаты:  Білімділік: Талап Сұлтанбековтың өмірбаяны жайлы мәлімет Жамбыл облысы.Байзақ ауданы.Ы.Алтынсарин орта мектебі. Сартаева Алия Асмахановна беру. Фантастика жайлы мағлұмат беру. «Ғажайып планета» әңгімесін оқып түсіндіру.  Дамытушылық:  Өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Тұлғаның жеке қабілетіне әсер ету арқылы іздену әрекетін дамыту.  Тәрбиелік: Өз ойын дұрыс айта білу...
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жамбыл облысы.Байзақ ауданы.Ы.Алтынсарин орта мектебі.

Сартаева Алия Асмахановна қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сыныбы: 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Талап Сұлтанбеков «Ғажайып планета»
Мақсаты:
Білімділік: Талап Сұлтанбековтың өмірбаяны жайлы мәлімет беру. Фантастика жайлы мағлұмат беру. «Ғажайып планета» әңгімесін оқып түсіндіру.
Дамытушылық: Өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Тұлғаның жеке қабілетіне әсер ету арқылы іздену әрекетін дамыту.
Тәрбиелік: Өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу, ұжымшылдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды игер
Сабақтың көрнекілігі: Анимациялық слайдтар, суреттер
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, талдау.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Пайдаланылған әдебиеттер: 6 сынып оқулығы, методикалық құрал,Т.Сұлтанбеков «Шахмат», Қазақ тілі мен әдебиеті журналы, түсіндірмелі сөздік
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих


Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
Түгендеу. Сынып тазалығына қарау. Сабаққа керек заттарды дайындау. Оқушының назарын сабаққа аудару.
- Өтілген сабақты еске түсіру. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру;
- Өтілген сабақ бойынша сұрақтар:
1) «Қызыл жебе» деген не?
2) Неге Тұрар Рысқұлов емес Қырғызбаев болып мектеп бітірді?
3) Жағымсыз кейіпкерлерді атаңыз
4) Тұрар Рысқұлов туралы не білесіз?
5) Аспара деген не?
6) Тұрардың әкесі туралы не білесіз?

Санкт-Петербургтық мұғалім И.Ильин: «Мен түсінген нәрсені мені бірге жұмыс істеген оқушы да түсіне алады».

ІІІ. Жаңа сабақ барысы.
- Сіздер фантастикалық кинолар мен әдебиеттер оқисыздар ма?
- Қандай фантастикалық кітаптар оқыдыңыздар?
- Фантастика дегеніміз не?
Фантастика - көркем бейнені ой елестерінен, қиялдан шығарып, шындықты табиғи қалыптан тыс әсерелеп көрсететін шығарма.
- Фантастика жазатын адамдарды қалай атаймыз?
Фантаст - шығармасын ой елестерінен қиялдан шығарып, шындықты табиғи қалыптан тыс әсірелеп жазатын жазушы.
- Фантастика жазушыларды білеміз бе?
Талап Сұлтанбеков, Шоқан Әлімбаев, Абдул-Хамит Мархабаев
Бүгін біз Талап Сұлтанбековтың «Ғажайып планета» атты әңгімесін оқимыз.
Талап Сұлтанбеков 1930 ж. Алматы облысының Ақсу ауданында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Алғашқы шығармаларын спорт тақырыбына арнаған. Жас өспірімдерге арналған «Көшпелі алтын», «Жүрек тулайды», «Жұлдыз ат», «Лұқпан Хакім», «Тізгін», «Темір еліне саяхат» әңгімелері оқушыны киялға, арманға жетелейді.
Анасы - Дәмеш Берсүгірова үлгілі ұстаз. Ілияс Жансүгіровтың туысқан ініс - Талап Сұлтанбеков. Ол дойбы ойыны жөнінен мастерлік кандидат, дойбыдан және тоғыз құмалақтан Қазақ ССР-нің экс-чемпионы. Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындары бойынша республикалық категориядағы төреші және республикалық федерациясының мүшесі.
Полигон ошағы Семейдегі Абыралы ауданының орталығы Қайнар ауылына жолдамамен мұғалімдік қызметте тұрады.
Талап Қайнарда өткен жылдарын: «Қайнар шын киелі жер, қасиетті ел екен. Менің фантаст жазушы болуыма Абыралының тауы мен тасы себепкер болды. Тау биігі қиялымды шарықтатып, ұшар қанатымды қолдаған-ды. Қайнар мен үшін айтып, сөзбен жеткізе алмастай өміріне бет бұрыс, жаңалық ашқан мекен».
Қайнарда жүргенде денсаулығына радияция сәулесінен дақ түскен Талаптың көп жылдар бойы азап тартып келе жатқанын былайғы жұрт біле бермейді.
1) Планета туралы ұғым беру;
2) Жаңа сөздермен таныстыру;
3) Топтарға бөліп, әр оқушыға бөліп беру. /7 минут оқуға беріледі/;
4) Әр топтан 2-3 оқушыдан түсінгенін айтады.
Шығарманың мазмұнын өздері оқып, оқыған үзінділеріне ат қойып, дәптерлеріне жаза отыратынын ескертемін. Яғни рейтингілік тізбені оқушылар өздері жасайды. Келесі сабақта осы тезистер арқылы әңгіме мазмұны баяндалады.
1) «Байқоңыр - 12» өзіне жүктелген тапсырманы орындап, зулап келеді.
2) Экипажға төнген қауіп
3) Электронды мидың хабары мен көмегі
4) Әлем картасының көрінісі
5) Ең таяу қос жұлдыз шоғырына бұрылу жөніндегі ұйғарым;
6) Шіркін, үстінде өмір бар ма?
7) Орталық ғарыш стансасы бұйрығының сөзсіз орындалуы керектігі
8) Орбитаға қаптаған ұсақ денелер;
9) Биолог Тұрановтың қуанышы;
10) Космос балықтарын қызықтау
11) Турановқа әсер еткен белгісіз күш
12) Кибердің келгені, қондыруы
13) Бөгде планетадағы тіршілік
14) Ғалым Тұрановтың зерттелуі.
15) Сыртқы экспедицияға шығуға дайындық.

ІҮ. Жаңа сабақты қорытындылау.

1/ Қандай фантаст жазушыларды білесіңдер?
2/ Талап Сұтанбековтың қандай еңбектерін білесіздер?

Білемін Білгім келеді Үйрендім
Фантаст жазушылар
Фантастика Талап Сұлтанбеков
«Ғажайып планета» әңгімесі Өмірбаяны, ұстанымы, ұрпақтары. Кибер планета, ғарыш терминдері

Ү. Бағалау. Мадақтау
ҮІ. Үйге тапсырма: Оқып, мазмұндау, жоспар құру.









Жамбыл облысы.Байзақ ауданы.Ы.Алтынсарин орта мектебі.

Сартаева Алия Асмахановна қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: С. Мұратбеков «Қылау» әңгімесіндегі Сатай мен Рабиға бейнелері.

Мақсаты:

Білімділігі «Қылау» әңгімесіндегі негізгі идеяны меңгерту арқылы кейіпкер бейнесін жан-жақты талдау машығын жетілдіру.

Дамытушылығы: Мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы көркем әдебиетке қызығушылығын дамыту, оқушының өзіндік пікірін қалыптастыру, жүйелі сөйлеу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелілігі: Сатай мен Рабиға бейнелері арқылы адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу. Оқушы бойына ерлік батылдық қасиеттерді дәріптеу. Адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік, адалдық қасиеттерді құрметтей отырып, ішкі рухани тазалыққа үндеу.

Сабақтың әдісі: Шығармашылық ізденіс сабақ.

Қолданылатын тех. құрал: Интерактивті тақта, мультимедиа, компьютер.

Сабақ барысы. Ұйымдастыру кезеңі:

Негізгі бөлім.

Жұмбақ

Әуеде ақ мамық

Қалбалақтап ұшады,

Қанаты талып,

Жерді барып құшады.

(қар)

-Біздің бүгінгі әңгімеміздің де қарға қатысы бар ма?

-Иә,қарға қатысты атаумен аталған.

-«Қылау» әңгімесінің басты кейіпкерлері кімдер

-Сатай мен Рабиға.(Суретті көрсету,оқушылар қорғайды)

Кейіпкер дегеніміз не?

Сыртқы түрін, қимыл - әрекетін, мінез-құлқын, басқалармен қарым-қатынасын ойша біліп, көз алдымызға елестетеміз. Шығармадағы адамдардың көркем бейнесін айтамыз.

-Әңгімедегі басты кейіпкер кім ?

-Сатай мен Рабиға.(Сурет енгізу)

-Портрет дегеніміз не?

Көркем шығармада кейіпкердің сырт тұлғасын, бет-әлпетін суреттеуді портрет дейміз.

Кесте 1.

Кейіпкер

Өмірге қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерге баға

Рабиға

Сатай

Сатайдың монологы оқылады

Жанды сөз. 6 сұрақтан тұратын тест.

С. МҰРАТБЕКОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНАН ТЕСТ

  1. С.Мұратбеков «Қылау» әңгімесінен Сатай Рабиғадан қандай кітап алды?

А) қазақ әдебиеті

ә) геометрия

б) Алгебра

в)«Қан мен тер»

  1. Сатай Рабиға кетуге ыңғайланғанда қандай сұрақ қойды?

а) Сен жақсы оқисың ба?

ә) Сен өлімнен қорқасын ба?

б) Қасқырды көргенде қорықтың ба?

в) Сен қай мектепте оқисын?

  1. С.Мұратбековтың шығармаларын ата?

а) «Балықшы әні», «Туған жер»

ә) «Қос шалқар», «Оянған өлке»

б) «Ауыл оты», «Дос іздеп жүрмін»

в) «Әке», «Дерменге»

  1. «Менің басым ауырып тұр» қай кейіпкердің сөзі?

а) Садық

ә) Иманжанов

б) Есікбай

в) Аян

  1. С.Мұратбеков Мәскеудегі М.Горький атындағы институтты қашан бітірді?

а) 1973

ә) 1982

б) 1971

в) 1961

  1. Сайын Мұратбековтың алғаш әңгімесі қай жылы жарияланды?

а)1952

ә) 1973

б) 1954

в) 1964

Сабақты қорытындылау.

А) Кесте 2.

Рет саны

Бөлім аты

Кейіпкер тағдыры

Шығарманың көркемдік әдісі

Сатай мен Рабиға диалог.

Егер сен автор болсаң, шығарманы қалай аяқтар едің?

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма. «Жақсы қасиет - жанға дос» тақырыбына эссе жазып, қорғау.



© 2010-2022