Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмалары

Раздел Математика
Класс 7 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған

тест тапсырмалары


Т Е С Т № 1


Тапсырма

Дұрыс жауабы

Мұғалімнің ескертпесі

1.

Кез келген үш нүкте берілген. Нүктелер арқылы неше түзу жүргізуге болады?

А. Шексіз көп

В. 1

С. 3

2.

Әр түрлі екі түзудің ортақ үш нүктесі болуы мүмкін бе?

А. Мүмкін

В. Мүмкін емес

С. Ортақ бір ғана нүктесі болады

3.

Жазықтықтағы l түзуі b түзуін қияды. Осы түзулердің қиылысу нүктелерінің саны нешеу?

А. 5

В. 1

С. 4

4.

Бір түзу жүргізіп, оның бойынан А,В,С нүктелерін белгілеңдер. Қанша кесінді пайда болды?

А. 2

В. 1

С. 3

5.

АВ түзуінің бойындағы С нүктесі А мен В нүктелерінің арасындағы нүкте болсын. АВ,АС,СА,СВ сәулелерінің қайсылары бағыттас?

А. АВ,ВС

В. АС,СА

С. АВ,ВС

6.

Бір түзудің бойында жатпайтын екі кесіндінің неше ортақ нүктесі болуы мүмкін?

А. 0

В. 1

С. 3

7.

Бір түзуде жатқан екі кесіндінің ортақ екі нүктесі болуы мүмкін бе?

А. Мүмкін

В. Мүмкін емес

С. Шексіз көп ортақ нүктелері бар

8.

Қиылысатын екі түзу жазықтықты неше бөлікке бөледі?

А. 2

В. 4

С. 5

9.

Бір түзудің А.В.С үш нүктесі болсын. Егер АС=10 м, АВ=8 м болса, В нүктесі АС кесіндісінде жата ма?

А. Жатады

В. Жатпайды

С. Дұрыс жауабы жоқ

10.

АВ кесіндісінің ұзындығы 4,2 мм, ВС кесіндісінің ұзындығы 3,3 мм болса, АС кесіндісінің ұзындығы неше мм болады?

А. 0,9 мм

В. 7,5 мм

С. -0,9 мм

11.

А,В,С нүктелері - бір түзудің бойындағы үш нүкте. АВ=25 см, АС=14см, ВС=39 см болса, қай нүкте қалған екеуінің арасында жатады?

А. А нүктесі

В. В нүктесі

С. С нүктесі

12.

Ұзындығы 15 см болатын АВ кесіндісінің бойынан С нүктесі берілген. Мұндағы АС кесіндісі ВС кесіндісінен 3 см ұзын болса, ВС кесіндісінің ұзындығы неге тең?

А. 5 см

В. 3,75 см

С. 6 см

13.

АОВ бұрышы ОС сәулесімен екі бұрышқа бөлінген және Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыАОВ=540, Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыАОС=220. СОВ бұрышының градустық шамасын табыңдар.

А. 76 0

В. 320

С. 300

14.

ОА,ОВ,ОС үш сәулесі берілген. Егер Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыАОВ=1200 , Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыВОС=1100, Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыСОА=1300 болса, осы үш сәуленің біреуі қалған екі сәуле құрған бұрыштың ішкі облысы арқылы өте ме?

А. Өтеді

В. Өтпейді

С. Дұрыс жауабы жоқ

15.

Жазыңқы бұрыш төрт бөлікке бөлінген, олардың біреуі қалғандарынан сәйкес түрде 2, 3, 4 есе кіші. Бұрыштың осы бөліктерінің шамаларын табыңдар.

А. 450, 540, 720, 190

В. 360, 540, 720, 180

С. 300, 600, 850, 50







Т Е С Т № 2

Тапсырма

Дұрыс жауабы

Мұғалімнің ескертпесі

1.

Ешқандай үшеуі бір түзуде жатпайтын төрт нүкте берілген. Осы нүктелер арқылы неше түзу жүргізуге болады?

А. 3

В. 4

С. шексіз көп

2.

Түзуге тиісті А,Н,К, үш нүкте берілген. Түзуді қалай белгілеуге болады?

А. АК түзуі

В. АН түзуі

С. НК түзуі

3.

Бір жазықтықта жататын әр түрлі үш түзудің ең көп дегенде неше қиылысу нүктесі болуы мүмкін?

А. 1

В. 6

С. 3

4.

Бір түзудің бойындағы төрт нүкте неше кесіндіні анықтайды?

А. 4

В. 6

С. 5

5.

С нүктесі АВ кесіндісінде жатады. Осы А,В,С нүктелері қандай кесінділерді анықтайды?

А. АВ,ВС

В. АС,АВ

С. АС,СВ,АВ

6.

Бір түзуде жатқан екі сәуленің ортақ нүктесі болмауы мүмкін бе?

А. мүмкін емес

В. Мүмкін

С. сұрақ дұрыс қойылмаған

7.

Қиылысқан екі түзу неше бұрышты анықтайды?

А. 2

В. 4

С. 1

8.

Берілген А және В нүктелерінің арасындағы нүктені С арқылы белгілейік. Егер АВ=12 см, СВ=8 см болса, АС кесіндісінің ұзындығы неше см болады?

А. 20 см

В. 4 см

С. - 4 см

9.

А,В,С нүктелері бір түзудің бойындағы үш нүкте АВ=25 см, АС=14 см, ВС=11 см болса, қай нүкте қалған екеуінің арасында жатады?

А. В нүктесі

В. А нүктесі

С. С нүктесі

10.

Ұзындығы 15 см болатын АВ кесіндісінің бойынан С нүктесі белгіленген. Егер АС кесіндісі ВС кесіндісінен 2 есе ұзын болса, АС және ВС кесінділерінің ұзындығын табыңдар.

А. 6см, 9см

В. 5см, 10см

С. 11см, 4см

11.

АОВ бұрышы ОС сәулесімен екі бұрышқа бөлінген. Егер Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыАОС=400, Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыСОВ=300 болса, АОВ бұрышының градустық өлшемі қандай болады?

А. 100

В. 700

С. 300

12.

Жазыңқы бұрыш үш бөлікке бөлінген, олардың біреуі қалғандарынан сәйкес түрде 3 есе, 5 есе кіші. Бұрыштың осы бөліктерінің шамаларын табыңдар.

А. 600, 450, 750

В. 220, 630, 950

С.200, 600, 1000

13.

Түзу және осы түзуде жатпайтын А,В,С,D нүктелері берілген. Егер АВ, ВС және СD кесінділері түзуді қиса, онда АD кесіндісі түзуді қия ма?

А. қияды

В. дұрыс жауабы жоқ

С. қимайды

14.

Егер АВ+ВС=АС болса, онда А,В,С нүктелері қалай орналасқан болар еді?

А. А, С, В реті бойынша

В. А, В, С реті бойынша

С. В, С, А реті бойынша

15.

СОА мен СОВ бұрыштары ОС сәулесінің бір жағындағы жарты жазықтықта орналасқан. Егер Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыАОВ+Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыВОС=Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыАОС болса, онда ОВ сәулесі АОС бұрышының ішкі сәулесі бола ала ма?

А. бола алады

В. бола алмайды

С. дұрыс жауабы жоқ



Т Е С Т № 3

Тапсырма

Дұрыс жауабы

Мұғалімнің ескертпесі

1.

Егер Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыlm=1100 болса, онда lm-ге сыбайлас бұрыштарды табыңдар

А. 1100

В. 600

С. 700

2.

Екі сыбайлас бұрыштың бірі доғал болса, онда екіншісі қандай бұрыш болады?

А. доғал

В. тік

С. сүйір

3.

АОС бұрышы СОВ бұрышынан 400 артық болса, онда сыбайлас АОС мен СОВ бұрыштарын табыңдар

А. 1200, 600

В. 1100, 700

С.400, 1400

4.

Бір бұрышпен сыбайлас болатын екі бұрыштың қосындысы 1100-қа тең. Осы бұрыштарды табыңдар

А. 700, 400

В. 800, 300

С. 1000, 100

5.

Сыбайлас бұрыштардың әрқайсысы 900-тан бола ала ма?

А. болады

В. бола алмайды

С. дұрыс жауабы жоқ

6.

Екі бұрыштың бір қабырғасы ортақ және олардың қосындысы 1800-қа тең. Осы бұрыштар сыбайлас болады деген ақиқат па?

А. ақиқат емес

В. ақиқат

С. дұрыс жауабы жоқ

7.

Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштардың біреуі екіншісінен төрт есе үлкен. Осы бұрыштарды табыңдар

А. 1350, 450

В. 1500, 300

С. 1440, 360

8.

Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштардың бірі 600. Қалған бұрыштарды есептеңдер

А. 1400, 1400, 400

В. 1200, 1200, 600

С.1300, 1300, 500

9.

Өзара перпендикуляр а, b түзулері және бұл түзулерде жатпайтын А нүктесі берілген. А нүктесінен a және b түзулеріне неше перпендикуляр түсіруге болады?

А. 1

В. 2

С. 3

10.

М нүктесі арқылы үш түзу өтеді. Пайда болған бұрыштардың біреуі тік. Пайда болған бұрыштардың ішінде осы бұрыштан басқа төбесі М нүктесінде болатын тағы неше тік бұрыш бар?

А. 3

В. 4

С. 2

11.

Мына сөйлем теорема ма, анықтама ма, әлде аксиома ма: «Кез келген екі нүкте арқылы жалғыз ғана түзу жүргізуге болады»

А. аксиома

В. теорема

С. анықтама

12.

Мына сөйлем теорема, анықтама, әлде аксиома бола ма: «Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 1800-қа тең»

А. аксиома

В. теорема

С. анықтама

13.

Нүктеден түзуге дейінгі қашықтық деп...

А. нүктеден түзуге түсірілген перпендикулярдың ұзындығын айтамыз;

В. нүктеден түзуге түсірілген перпендикулярды айтамыз;

С. нүкте мен түзуді қосатын кесіндінің ұзындығын айтамыз.

14.

Түзуде жатқан нүкте арқылы өтетін және осы түзуге перпендикуляр болатын неше түзу жүргізуге болады?

А. 2

В. көп

С. 1

15.

Шамасы 390-қа тең АОВ бұрышы берілген. Оның төбесі арқылы АО қабырғасына перпендикуляр болатын ОD түзуі жүргізілген. О төбесінде пайда болған бұрыштардың әрқайсысының градустық өлшемін анықтаңдар

А. 900, 450

В. 900, 390

С. 900, 630


Т Е С Т № 4

Тапсырма

Дұрыс жауабы

Мұғалімнің ескертпесі

1.

Егер Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыlm=300 болса, онда lm-ге сыбайлас бұрыштарды табыңдар

А. 300

В.1550

С.1500

2.

Егер сыбайлас бұрыштардың біреуі сүйір болса, онда екіншісі қандай бұрыш болады?

А.жазыңқы бұрыш

В. доғал бұрыш

С. тік бұрыш

3.

Айырмасы 600 -қа тең екі сыбалас бұрышты табыңдар.

А. 1800, 1200

В. 1200, 600

С.1400, 800

4.

Тік бұрышқа сыбайлас бұрыш та тік бола ала ма?

А. болмайды

В. дұрыс жауабы жоқ

С. болады

5.

Қосындысы 900-қа тең болатын вертикаль бұрыштар неге тең?

А. 600, 300

В. 450, 450

С.520, 430

6.

Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштардың біреуі екіншісінен үш есе үлкен. Осы бұрыштарды есептеңдер.

А. 1350, 450

В. 1500, 300

С.600, 1200

7.

Егер екі түзу қиылысатын екі түзуге перпендикуляр болса, онда олар өзара қиылыса ма?

А. қиылысады

В. қиылыспайды

С. дұрыс жауабы жоқ

8.

О нүктесінен үш түзу өтеді. Пайда болған бұрыштардың біреуі тік. Осы бұрыштан басқа төбесі О нүктесінде болатын тағы қанша тік бұрыш пайда болған?

А. 2

В. 3

С.4

9.

«Берілген түзуге перпендикуляр болмайтын, бір ұшы берілген түзуде жататын кез келген түзудің кесіндісі көлбеу болады». Бұл не?

А. аксиома

В. теорема

С. анықтама

10.

Мына сөйлем теорема, анықтама немесе аксиома бола ма? «Вертикаль бұрыштар өзара тең»

А. аксиома

В. теорема

С. анықтама

11.

Мына сөйлем теорема, анықтама немесе аксиома бола ма? «Қандай түзу алсақ та, ол түзуде жататын нүктелер де, жатпайтын нүктелер де болады»

А. аксиома

В. теорема

С. анықтама

12.

Шамасы 470 -қа тең DON бұрышы берілген. Оның төбесі арқылы DO қабырғасына перпендикуляр болатын ОК түзуі жүргізілген. О төбесінде пайда болған бұрыштардың әрқайсысының градустық шамасын анықтаңдар.

А. 900, 450

В. 900, 390

С.900, 470

13.

Екі түзудің перпендикулярлығы қалай белгіленеді?

А. «||»

В. «Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмалары»

С. «Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмалары»


14.

Қиылысатын екі түзуден пайда болған бұрыштардың үшеуінің қосындысы 2700 . Осы бұрыштарды есептеңдер.

А. 1200, 600,900

В. 900, 900,900

С.1100, 700,900

15.

Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштардың бірі 530. қалған бұрыштарды есептеңдер.

А. 1550, 1250,1250

В. 530, 1270,1270

С.550, 1300,1300



Т Е С Т № 5

Тапсырма

Дұрыс жауабы

Мұғалімнің ескертпесі

1.

Үшбұрыштардың негізгі элементтері:

А. үш қабырғасы, үш бұрышы, төбелері

В. үш қабырғасы, үш бұрышы , үш төбесі

С. үш қабырғасы, бұрыштары, үш нүктесі

2.

Доғал бұрышты үшбұрыш деп аталады, егер…

А. үшбұрыштың барлық бұрыштары доғал болса;

В. үшбұрыштың бір бұрышы доғал болса;

С. үшбұрыштың екі бұрышы доғал болса.

3.

Егер үшбұрыштың барлық қабырғалары өзара тең болса, онда мұндай үшбұрыш…

А. тең бүйірлі;

В. тік бұрышты;

С. тең қабырғалы үшбұрыш болады.

4.

Мына формула нені білдіреді:

Р=АВ+ВС+СА

А. үшбұрыш қабырғасын

В. үшбұрыш периметрін

С. дұрыс жауабы жоқ

5.

Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтары мынадай: 6 см, 5 см, 4 см. Үшбұрыштың периметрін табыңдар.

А. 16 см

В. 15 см

С. 7,5 см

6.

Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 10 см, ал табаны 8 см. Үшбұрыштың периметрін табыңдар.

А. 24 см

В. 28 см

С. 26 см

7.

Үшбұрыштың периметрі 9,2 см. Оның бір қабырғасы екінші қабырғасынан 3 есе қысқа, ал үшінші қабырғасынан 3,2 см қысқа. Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын табыңдар.

А. 1,2 см, 4,4 см, 3,6 см;

В. 1,2 см, 4,3 см, 3 см;

С. 1,2 см, 4,4 см, 3,8 см.

8.

Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 60 см, ал оның бір қабырғасы екінші қабырғасынан екі есе ұзын. Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын табыңдар.

А. 15 см, 15 см, 30 см;

В. 12 см, 24 см, 24 см;

С.14 см, 16 см, 30 см.

9.

Үшбұрыштың биіктігі деп...

А. үшбұрыштың төбесінен оған қарсы жатқан қабырғаға түсірілген кесіндіні айтамыз.

В. үшбұрыштың төбесінен оған қарсы жатқан қабырғаға түсірілген перпендикуляр кесіндіні айтамыз.

С. үшбұрыштың төбесін оған қарсы жатқан қабырғамен қосатын кесіндіні айтамыз.

10.

МNK үшбұрышының МNK бұрышы 1260, ал NL осы үшбұрыштың биссектрисасы. MNL бұрышының шамасын табыңдар.

А. 600

В. 520

С. 630












Т Е С Т № 6

Тапсырма

Дұрыс жауабы

Мұғалімнің ескертпесі

1.

Үшбұрыштың белгісін көрсетіңдер.

А. Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмалары

В. Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмалары

С. белгісі жоқ

2.

Сүйір бұрышты үшбұрыш деп айтамыз...

А.егер үшбұрыштың қандай да бір бұрышы сүйір болса;

В. егер үшбұрыштың барлық бұрыштары сүйір болса;

С. егер үшбұрыштың екі бұрышы сүйір болса.

3.

Егер үшбұрыштың екі қабырғасы өзара тең болса, онда мұндай үшбұрыш…

А. тең бүйірлі;

В. тік бұрышты;

С. тең қабырғалы үшбұрыш болады.

4.

Үшбұрыштың периметрі дегеніміз не?

А. үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы;

В. үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықта- рының қосындысы;

С. үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтары -ның жарты қосындысы.

5.

Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтары мынадай: 12 см, 15 см, 14 см. Үшбұрыштың периметрін табыңдар.

А. 40 см

В. 41 см2

С. 41 см

6.

Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 8 см, ал табаны 6 см. Үшбұрыштың периметрін табыңдар.

А. 24 см2

В. 24 см

С. 22 см

7.

АВС үбұрышының периметрі 54 см, ВСқабырғасының ұзындығы АВ қабырғасының ұзындығынан 6 см қысқа, ал АС қабырғасының ұзындығы АВ қабырғасының ұзындығынан 2 есе қысқа. Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын табыңдар.

А. 22 , 16,10;

В.24, 18, 12;

С.4, 16, 12.


8.

Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 25 см. Бүйір қабырғасы оның табанынан екі есе ұзын. Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын табыңдар.

А. 8, 8, 9;

В. 10, 10, 5;

С. 5, 10, 10.

9.

Үшбұрыштың медианасы деп...

А. үшбұрыштың төбесінен оған қарсы жатқан қабырғаға түсірілген перпендикуляр кесіндіні айтамыз.

В. үшбұрыштың төбесін оған қарсы жатқан қабырғамен қосатын кесіндіні айтамыз.

С. үшбұрыштың төбесін оған қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын кесіндіні айтамыз.

10.

АВС үшбұрышының АВС бұрышы 1500, ал ВD-осы үшбұрыштың биссектрисасы. АВD бұрышының шамасын табыңдар.

А. 750

В. 600

С. 830










Т Е С Т № 7

Тапсырма

Дұрыс жауабы

Мұғалімнің ескертпесі

1.

Үшбұрыш теңдігінің бірінші белгісі:

А. Егер бір үшбұрыштың екі қабырғасы және олардың арасындағы бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышына тең болса, онда мұндай үшбұрыштар өзара тең болады.

В. Егер бір үшбұрыштың екі қабырғасы және олардың арасындағы бұрышы екінші үшбұрыштың екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышына тең болса, онда мұндай үшбұрыштар өзара тең болады.

С. Егер бір үшбұрыштың екі қабырғасы және бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес екі қабырғасы мен бұрышына тең болса, онда мұндай үшбұрыштар өзара тең болады.

2.

АС мен ОВ кесінділері К нүктесінде қиылысады. К нүктесі осы кесінділерді қақ бөледі. В мен С нүктелері қосылған. Егер Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыАКВ = 600 болса, ОКА бұршының градустық өлшемі қандай болады?

А. 1200

В. 600

С.300

3.

ЕҒК және MNР үшбұрыштарында ЕҒ= NР, ЕК =MN, ЕҒК және MNР үшбұрыштарын салыстырыңдар. ЕҒК үшбұрышында М бұрышына тең болатын бұрышты табыңдар.

А. Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыЕ

В. Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыК

С. Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыҒ

4.

АС мен ВD кесінділері О нүктесінде қиылысады: АО=СО, ВО=DО. А мен В нүктелерін, С мен D нүктелерін қосқанда ВАО және ОDС үшбұрыштары пайда болады. АВ=47 см болса, DС кесіндісінің ұзындығын табыңдар.

А.50 см;

В. 45 см;

С. 47 см.

5.

Үшбұрыштар теңдігінің екінші белгісін жалғастырыңдар. Үшбұрыштар өзара тең болады, егер...

А. қандай да болмасын бір үшбұрыштың бір қабырғасы және оған іргелес жатқан екі бұрышы екінші бір үшбұрыштың бір қабырғасы мен оған іргелес жатқан екі бұрышына тең болса;

В. бір үшбұрыштың қабырғасы мен оған іргелес жатқан екі бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес қабырғасы мен оған іргелес жатқан бұрышына тең болса;

С.бір үшбұрыштың бір қабырғасы мен оған іргелес жатқан бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес қабырғасы мен оған іргелес жатқан бұрышына тең болса.

6.

АВС және СDЕ үшбұрыштарында: Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыВАС=Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмалары СЕD. АС=СD, АВ=6 см, СЕ=3 см, ЕD-ны табыңдар.

А. 9 см, 6 см;

В. 6 см, 6 см;

С. 6 см, 3 см.

7.

Теореманы жалғастырыңдар.

Тең бүйірлі үшбұрыштың табанына жүргізілген медианасы осы үшбұрыштың әрі биссектрисасы, әрі ... болады.

А. медианасы

В. биіктігі

С. биссектрисасы

8.

Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының бірінен оған қарсы жатқан қабырғаға медиана жүргізілсе, биіктік түсірілсе және осы бұрыштың биссектрисасы жүргізілсе, осылардың қайсысы катетпен беттеседі?

А. медиана

В. биікткі

С. биссектриса

9.

Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыүшбұрыштарында АВ=5 см6 ВС=2 см6 АС=4 см.ODK үшбұрышының периметрін табыңдар.?

А. 11 см

В.5,5 см

С. 11 см2

10.

Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 15 см. Үшбұрыштың табаны оның бүйір қабырғасынан 3 см қысқа. Үшбұрыштың табаны мен бүйір қабырғаларының ұзындығын анықтаңдар.

А .4 см, 1 см;

В. 3 см, 2 см;

С. 6 см, 3 см.

11.

Үшбұрыштың үшінші белгісі

А. егер үшбұрыштың екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады.

В. егербір үшбұрыштың қабырғасы екінші үшбұрыштың сәйкес қабырғасына тең болса, онда үшбұрыштар өзара тең болады.

С. егер бір үшбұрыштың бір қабырғасы мен оған іргелес жатқан екі бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес қабырғасы мен оған іргелес жатқан екі бұрышына тең болса, онда мұндай үшбұрыштар тең болады.

12.

АВС және DЕК үшбұрыштары тең. ЕD=5 cм, ЕК=4 см, DК=6 см. АВС үшбұрышының қабырғаларын табыңдар.

А. 6 см, 5 см, 3 см;

В. 6 см, 5 см, 4 см;

С.5 см, 5 см, 4 см.

13.

АВD және DЕҒ үшбұрыштары тең. Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыА=350, Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыВ=600, Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыD=850. DЕҒ үшбұрышының бұрыштарын табыңдар.

А. 300, 600,950

В. 600, 600,600

С.350, 600,850

14.

АВС және DЕК үшбұрыштары тең. ВС қабырғасы 8 см, А бұрышы 450-қа тең. D бұрышы неше градус?

А. 900

В. 450

С.1350

15.

АВD және DЕҒ үшбұрыштары тең. Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыА=Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыD=450,Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыЕ=700, Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыС=650. В мен Ғ бұрыштарын табыңдар.

А. 450, 900;

В. 450, 900

С.700, 650









Т Е С Т № 8

Тапсырма

Дұрыс жауабы

Мұғалімнің ескертпесі

1.

Үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісін жалғасты- рыңдар. Үшбұрыштар өзара тең болады, егер…

А. бір үшбұрыштың екі қабырғасы және бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес екі қабырғасы мен бұрышына тең болса.

В. бір үшбұрыштың екі қабырғасы және олардың арасындағы бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышына тең болса.

С. бір үшбұрыштың екі қабырғасы және олардың арасындағы бұрышы екінші үшбұрыштың екі қабырғасы мен бұрышына тең болса.

2.

АВ және DС кесінділері О нүктесінде қиылысады: АО=ОВ, DО=ОС. А мен D нүктелерін, В мен С нүктелерін қосқанда DАО және ОСВ үшбұрыштары пайда болады. АD=60 см болса, СВ кесіндісінің ұзындығын табыңдар.

А. 70 см

В. 60 см

С. 50 см

3.

Үшбұрыштар теңдігінің екінші белгісі:

А. егер бір үшбұрыштың бір қабырғасы мен оған іргелес жатқан бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес қабырғасы мен оған іргелес жатқан бұрышына тең болса, онда мұндай үшбұрыштар өзара тең болады.

В. егер бір үшбұрыштың қабырғасы мен оған іргелес жатқан бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес қабырғасы мен оған іргелес жатқан бұрышына тең болса, онда мұндай үшбұрыштар өзара тең болады.

С. егер бір үшбұрыштың қабырғасы мен оған іргелес жатқан екі бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес қабырғасы мен оған іргелес жатқан екі бұрышына тең болса, онда мұндай үшбұрыштар өзара тең болады.

4.

Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыАВС - тең бүйірлі үшбұрыш: АВ=АС=12 см, ВD-медиана. АВD бұрышының градустық өлшемі 300.АС қабырғасының ұзындығын есептеп табыңдар.

А. 10 см

В. 12 см

С. 8 см

5.

Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыАВС=Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыА1В1С1 және А1В1=5 см, В1С1=6 см А1С1 =4 см. АВС үшбұрышының периметрін табыңдар.

А. 4 см

В. 15 см

С. 14 см2

6.

Үшбұрыштың екі бұрышы өзара тең. Осы бұрыштардың биссектрисалары өзара тең бола ма?

А. болады

В. болмайды

С. дұрыс жаубы жоқ

7.

Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 15 см. Бүйір қабырғасы табанынан 2 есе ұзын. Үшбұрыштың табанының ұзындығын табыңдар.

А. 3 см

В. 5 см

С. 7 см

8.

Мына теорема үшбұрыштар теңдігінің қай белгісі?

Егер бір үшбұрыштың үш қабырғасы екінші үшбұрыштың сәйкес үш қабырғасына тең болса, онда мұндай үшбұрыштар өзара тең болады.

А. бірінші

В. екінші

С. үшінші

9.

АВС және DЕМ үшбұрыштары өзара тең. ВС қабырғасы 8 см, Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыА=450. ЕМ қабырғасы неше сантиметр?

А. 6 см

В. 8 см

С. 7 см

10.

АВС және МDК үшбұрыштары тең. АВ=5 см, ВС=6 см, АС=7 см. МDК үшбұрышының қабырғаларын табыңдар.

А. 5 см, 6 см, 8 см;

В. 5 см, 7 см, 8 см;

С. 5 см, 6 см, 7 см.






Т Е С Т № 9

Тапсырма

Дұрыс жауабы

Мұғалімнің ескертпесі

1.

Теореманың дұрыс тұжырымдалуын көрсетіңдер:

«Үшінші бір түзуге параллель екі түзу өзара .... болады».

А. перпендикуляр

В. қиылысқан түзулер

С. параллель

2.

Екі түзуді үшінші түзу қиып өткенде неше бұрыш пайда болады?

А. 7

В. 9

С. 8

3.

Екі түзу өзара параллель болады, егер…

А. екі түзуді үшінші түзу түзу қиып өткенде ішкі айқыш бұрыштар тең болса;

В.екі түзуді үшінші түзу қиып өткенде тұстас бұрыштар тең болса;

С. екі түзуді үшінші түзу қиып өткенде сәйкес бұрыштар тең болса.

4.

Берілген екі түзу өзара параллель болады, егер…

А. екі түзуді үшінші түзу түзу қиып өткенде ішкі тұстас бұрыштардың қосындысы 1800-қа тең болса;

В. екі түзуді үшінші түзу қиып өткенде ішкі тұстас бұрыштардың қосындысы1800-қа тең болса;

С. екі түзуді үшінші түзу қиып өткенде сәйкес бұрыштардың қосындысы1800-қа тең болса.

5.

а және b түзулері параллель. с түзуі а түзуін қияды, а түзуі b түзуін қия ма?

А. қияды

В. қимайды

С. дұрыс жауабы жоқ

6.

Екі түзуді үшінші түзу қиып өткенде пайда болған тұстас бұрыштардың 1050 және 850 шамасы бойынша, екі түзу өзара параллель бола ма, жоқ па, анықтаңдар.

А. параллель болады;

В. параллель болмайды;

С. дұрыс жауабы жоқ.

7.

Екі түзуді үшінші түзу қиып өткенде пайда болған сәйкес бұрыштардың 600 және 600 шамасына қарап, екі түзудің өзара параллель болатынын (болмайтынын) анықтаңдар.

А. параллель болады;

В. параллель болмайды;

С. дұрыс жауабы жоқ.

8.

Өзара параллель екі түзуді үшінші түзу қиғанда пайда болған бұрыштардың біреуі 450 . қалған жеті бұрышты табыңдар.

А. үшеуі 450-тан, төртеуі - 1350 -тан;

В. төртеуі - 1350-тан, үшеуі 450-тан;

С. төртеуі - 600-тан, үшеуі 1200-тан.

9.

Е және D нүктелері а түзуінде жатады. А және В нүктелері b түзуінде жатады. АD - қиюшы. ЕDА бұрышы 700-қа тең болса, АD мен b түзуінің арасындағы бір бұрышы 1100-қа тең болса, а және b түзулері параллель бола ма?

А.дұрыс жауабы жоқ;

В. параллель болады;

С. параллель болмайды.

10.

МNK -тең қабырғалы үшбұрыш. Оның бір төбесі арқылы қарсы жатқан қабырғаға параллель түзу жүргізілген. Сонда неше бұрыш пайда болады?

А. 6;

В. 3;

С. 9.









Т Е С Т № 10

Тапсырма

Дұрыс жауабы

Мұғалімнің ескертпесі

1.

Екі түзуді қиюшы қиып өткенде пайда болатын бұрыштар жұбының қате атауын көрсетіңдер.

А. ішкі айқыш бұрыштар, сыртқы айқыш бұрыштар, ішкі тұстас бұрыштар, сыртқы тұстас бұрыштар, сәйкес бұрыштар;

В. ішкі айқыш бұрыштар, сыртқы айқыш бұрыштар, ішкі тұстас бұрыштар, сыртқы тұстас бұрыштар, ішкі сәйкес бұрыштар, сыртқы сәйкес бұрыштар;

С. ішкі айқыш бұрыштар, сыртқы айқыш бұрыштар, ішкі тұстас бұрыштар, сәйкес бұрыштар

2.

Теореманың дұрыс тұжырымдалуын көрсетіңдер.

«Егер берілген екі түзуді үшінші түзу қиып өткенде айқыш бұрыштар тең болса, онда берілген екі түзу өзарар…болады »

А. перпендикуляр;

В. параллель;

С. қиылысқан түзулер.

3.

Мына тұжырым қайсысына жатады?

«Бір түзуге перпендикуляр екі түзу өзарар параллель болады.»

А. теорема;

В. аксиома;

С. салдар.

4.

Берілген екі түзу өзара параллель болады, егер…

А. екі түзуді үшінші түзу түзу қиып өткенде сәйкес бұрыштар тең болса;

В. екі түзуді үшінші түзу қиып өткенде ішкі сәйкес бұрыштар тең болса ;

С. екі түзуді үшінші түзу қиып өткенде тұстас бұрыштар тең болса.

5.

Егер а мен b түзулері өзара параллель, b мен с түзулері өзара параллель болса, а мен с түзулері қалай орналасады?

А. а мен с түзулері қиылысады;

В. а мен с түзулері де өзара параллель;

С. с түзуі а мен b түзулерін қияды.

6.

Екі түзуді үшінші түзу қиып өткенде пайда болған тұстас бұрыштардың шамасы бойынша, екі түзу өзара параллель бола ма, жоқ па, соны анықтаңдар: 300 және 1500..

А. параллель болады;

В. параллель болмайды;

С. дұрыс жауабы жоқ.

7.

Екі түзуді үшінші түзу қиып өткенде пайда болған сәйкес бұрыштардың шамасына қарап, екі түзудің өзара параллель болатынын (болмайтынын) анықтаңдар.630 және 600.

А. параллель болады;

В. параллель болмайды;

С. дұрыс жауабы жоқ.

8.

А және N нүктелері ВD түзуіне қарағанда әр түрлі жарты жазықтықтарда жатады. Егер АВD бұрышының градустық өлшемі 750, ал ВDN бұрышының градустық өлшемі 1300 болса, АВ және DN түзулері өзарар параллель бола ма?

А. болады;

В. болмайды;

С. дұрыс жауабы жоқ.

9.

Өзара параллель екі түзуді үшінші түзу қиғанда пайда болған екі айқыш бұрыштың қосындысы 1500 . пайда болған бұрыштардың шамасын табыңдар.

А. төртеуі 750-тан, төртеуі - 1050 -тан;

В. төртеуі - 750-тан, үшеуі 1050-тан;

С. әрқайсысы 750-қа тең.

10.

Екі параллель түзуді үшінші түзу қиғанда пайда болған бұрыштардың біреуі 950 . Қиюшы түзу берілген параллель түзулермен қандай бұрыштар жасайды?

А. төртеуі 950, төртеуі 850;

В. төртеуі 50, төртеуі 1750;

С. төртеуі 1000, төртеуі800.







Т Е С Т № 11

Тапсырма

Дұрыс жауабы

Мұғалімнің ескертпесі

1.

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неше градусқа тең?

А. 2700

В. 3600

С. 1800

2.

Доғал бұрышты үшбұрышта неше сүйір бұрыш болады?

А. 1;

В. 2;

С. 3.

3.

Үшбұрыштың әрбір төбесінде неше сыртқы бұрышы бар?

А. 3;

В. 1;

С. 2.

4.

АВС үшбұрышында Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыА=320, Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыС=1250 болса, онда В бұрышы неге тең?

А. 1570;

В. 230;

С. 320.

5.

Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрышы доғал бола ма?

А. болады;

В. дұрыс жауабы жоқ;

С. болмайды.

6.

Тең қабырғалы үшбұрыштың сыртқы бұрышыш неге тең?

А. 1200;

В. 1000;

С. 1100.

7.

АВС үбұрышында Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыС=350 , үшбұрыштың В төбесіндегі сыртқы бұрышы 720. оның барлық ішкі бұрыштарын анықтаңдар.

А. 370 , 350,1080;

В. 370 , 350,1100;

С. 360 , 350,1080.

8.

Тең бүйірлі үшбұрыштың төбесіндегі сыртқы бұршы 1500.үшбұрыштың табанындағы бір сыртқы бұрышын табыңдар.

А. 300;

В. 750;

С. 650.

9.

АВС үшбұрышының В төбесінен түсірілген биіктік В бұрышын 400 және 300 болатын екі бұрышқа бөледі. АВС үшбұрышының бұрыштарын табыңдар.

А. 700 , 700, 400;

В. 700 , 500, 600;

С. 700 , 550, 550.

10.

МNK тең бүйірлі үшбұрышының табаны МK. М және К бұрыштары биссектрисаларының қиылысуынан пайда болған МЕК үшбұрышының МЕК бұрышының шамасы 1100 . МNK үшбұрышының бұрыштарының градустық өлшемін табыңдар.

А. 700 , 700, 400;

В. 650 , 650, 500;

С. 750 , 750, 300.











Т Е С Т № 12

Тапсырма

Дұрыс жауабы

Мұғалімнің ескертпесі

1.

Тік бұрышты үшбұрышта неше сүйір бұрыш болады?

А. 1

В. 2

С. 3

2.

Тең қабырғалы үшбұрыштың әрбір бұрышы неше градустан?

А. 450;

В. 900;

С. 600.

3.

Төменгі үш сөйлемнің қайсысы дұрыс:

А. үшбұрыштың сыртқы бұрышы екі ішкі бұрышының қосындысына тең;

В. үшбұрыштың сыртқы бұрышы өзімен сыбайлас емес екі ішкі бұрышының қосындысына тең;

С. үшбұрыштың сыртқы бұрышы үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысына тең .

4.

Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бір бұрышы 700. табанына қарсы жатқан бұрышты табыңдар?

А. 700;

В. 600;

С. 400.

5.

Үшбұрыштың доғал бұрышыш және тік бұрышыш болуы мүмкін бе?

А. мүмкін;

В. мүмкін емес;

С. дұрыс жауабы жоқ.

6.

Тік бұрышты тең бүйірлі үшбұрыштың бұрыштары неге тең?

А. 900 , 400, 500;

В. 900 , 450, 450;

С. 900 , 600,300.

7.

АВD үшбұрышының А және В төбелеріндегі сыртқы бұрышы 980 және 1360. D төбесіндегі сыртқы бұрышын табыңдар.

А. 2340;

В. 1260;

С. 2780.

8.

АВС үбұрышында: Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыС=400 ,В төбесіндегі сыртқы бұрышы 1250. үшбұрыштың А төбесіндегі және В төбесіндегі ішкі бұрыштарын анықтаңдар.

А. 400; 1200;

В. 550; 850;

С. 550, 750.

9.

Тік бұрышты үшбұрыштың сыртқы бұрыштарының бірі 1200.оның сүйір бұрыштарын табыңдар.

А. 300 , 300;

В. 450 , 450;

С. 300 , 600.

10.

Үшбұрыштың сыртқы бұрышы 1120-қа тең. Оның осы бұрышпен сыбайлас емес екі ішкі бұрыштарының бірі екіншісінен 60-қа артық. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарын есептеңдер.

А. 380 , 750, 670;

В. 370 , 740, 690;

С. 680 , 530, 590.











Т Е С Т № 13

Тапсырма

Дұрыс жауабы

Мұғалімнің ескертпесі

1.

Үшбұрыштың үлкен қабырғасына қарсы қандай бұрыш жатады?

А. кіші бұрыш

В. үлкен бұрыш

С. сүйір бұрыш

2.

МNK үшбұрышында: NK> МK > МN. Бұрыштардың қайсысы үлкен?

А. М;

В. N;

С.K.

3.

АВС үшбұрышында АВ=15 см, ВС=10 см, СА=8 см. Осы үшбұрыштың ең үлкен бұрышы қайсы?

А. В;

В. А;

С. С.

4.

Тең қабырғаларға қарсы жатқан бұрыштар тең болады, ал тең бұрыштарға қарсы жатқан қабырғалар ше?

А. тең;

В. үлкен;

С. кіші.

5.

АОD үшбұрышында <А=<О=< D бұрыштары өзара тең. Бұл қандай үшбұрыш?

А. тең бүйірлі;

В. тең қабырғалы;

С. тік бұрышты.

6.

Теореманы жалғастырыңдар.

Үшбұрыштың кез келген қабырғасы қалған екі қабырғасының....

А. қосындысынан үлкен болады;

В. қосындысынан кіші болады;

С. қосындысына тең болады.

7.

Қабырғалары 6 см, 3 см, 3 см үшбұрыш болуы мүмкін бе?

А. мүмкін;

В. мүмкін емес;

С. дұрыс жауабы жоқ.

8.

Тік бұрышты үшбұрыштың қай қабырғасына түсірілген биіктік ең қысқа болады?

А. гипотенузаға;

В. үлкен катетке;

С. кіші катетке.

9.

Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыОАВ - тең бүйірлі үшбұрыш, ОВ=5 см, ОА=8 см. Қабырғалардың қайсысы үшбұрыштың табаны болуы мүмкін?

А. ОА;

В. ОВ;

С. АВ.

10.

Тік бұрышты үшбұрыштың бір сүйір бұрышы екіншісінен 400 кем. Осы тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарын табыңдар .

А. 850 , 450;

В. 620 , 250;

С. 600 , 200.












Т Е С Т № 14

Тапсырма

Дұрыс жауабы

Мұғалімнің ескертпесі

1.

Үшбұрыштыңүлкен бұрышына қарсы қандай қабырға жатады?

А үлкен қабырға;

В. кіші қабырға;

С. орташа қабырға.

2.

АВС үшбұрышында: ВС> АС > АВ. Бұрыштардың қайсысы үлкен?

А. Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыА;

В. Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыВ;

С. Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыС.

3.

АВС үшбұрышында АВ=17 см, ВС=15 см, АС=10 см. Осы үшбұрыштың ең кіші бұрышын көрсетіңдер.

А. Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыС;

В. Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыВ;

С. Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыА.

4.

Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы катеттердің әрқайсысынан … болады.

А. кіші;

В. тең;

С. үлкен.

5.

АDК - доғал бұрышты үшбұрыш. Оның D бұрышы доғал. Осы үшбұрыштың ең үлкен қабырғасын атаңдар.

А. АD;

В. АК;

С. DК.

6.

Тік бұрышты үшбұрыштың 300 - қа тең бұрышына қарсы жатқан катет....

А. гипотенузаға тең;

В. гипотенузаның жартысына тең;

С. үлкен катеттің жартысына тең .

7.

Қабырғалары 5 см, 7 см, 6 см болатын үшбұрыш болуы мүмкін бе?

А. мүмкін;

В. мүмкін емес;

С. дұрыс жауабы жоқ.

8.

М бұрышы 600-қа тең және гипотенузасы МN SMN тік бұрышты үшбұрышының SL биіктігі жүргізілген. LМ=2 см болса, LN неге тең?

А. 7 см;

В. 6 см;

С. 8 см.

9.

Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларыАВС - тең бүйірлі үшбұрыш, АС=6 см, АВ=9 см. Үшбұрыш қабырғаларының қайсысы табаны болады?

А. АВ;

В. ВС;

С. АС.

10.

АВС тік бұрышты үшбұрышының С төбесінен АВ гипотенузасына СD биіктік түсірілген. В бұрышы 500 -қа тең. АСD бұрышын есептеңдер.

А. 400;

В. 500;

С. 450.












Т Е С Т № 15

Тапсырма

Дұрыс жауабы

Мұғалімнің ескертпесі

1.

Шеңбер қандай элементтері бойынша анықталады?

А шеңбердің центрі, радиусы бойынша;

В. шеңбердің центрі, радиусы, диаметрі бойынша;

С. а) және ә) бойынша.

2.

Шеңбер мен түзудің өзара орналасуы қанша түрлі болады?

А. 2;

В. 3;

С. 1.

3.

Шеңберді қиюшы дегеніміз не?

А. шеңбермен екі ортақ нүктесі бар болатын түзуді айтамыз ;

В. шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзуді айтамыз;

С. шеңбермен ортақ нүктелері бар болатын түзуді айтамыз.

4.

Егер h<r болса, онда:

А. шеңбер мен түзудің ортақ нүктесі жоқ;

В. түзу шеңберге жанама;

С. түзу шеңберді екі нүктеде қияды.

5.

Егер d>R+r болса, онда:

А. шеңберлер сырттай жанасады;

В. шеңберлердің ортақ нүктесі жоқ;

С. шеңберлер қиылысады.

6.

Егер d=R+r болса, онда..

А. шеңберлердің ортақ нүктесі жоқ

В. шеңберлер қиылысады.;

С. шеңберлер сырттай жанасады;

7.

Радиусы R=2,6 см болса, шеңбердің диаметрі неге тең?

А. 2,6 см;

В. 5,2 см;

С. 1,3 см.

8.

Диаметрі 48 дм болса, шеңбердің радиусын табыңдар.

А. 24 см;

В. 24 дм;

С. 48 дм.

9.

Екі шеңбердің радиустары сәйкес 3 см және 5 см. Шеңберлер центрлерінің ара қашықтығы 10 см. Шеңберлердің өзара қалай орналасқандығын анықтаңдар.

А. шеңберлер қиылысады;

В. шеңберлер жанасады;

С. шеңберлердің ортақ нүктесі жоқ.

10.

Теореманы жалғастырыңдар.

үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің центрі...

А. үшбұрыш қабырғаларының орталары арқылы жүргізілген перпендикуляр болып табылады;

В. үшбұрыш қабырғаларының орталары арқылы жүргізілген түзулердің қиылысу нүктесі болып табылады;

С. үшбұрыш қабырғаларының орталары арқылы жүргізілген перпендикулярлардың қиылысу нүктесі болып табылады.












Т Е С Т № 16

Тапсырма

Дұрыс жауабы

Мұғалімнің ескертпесі

1.

Шеңбердің радиусы деп…

А шеңбердің нүктесін центрмен қосатын кесіндіні айтамыз;

В. шеңбердің центрі арқылы өтетін кесіндіні айтамыз;

С. бір ұшы шеңбер центрінде жататын кесіндіні айтамыз .

2.

Шеңбердің хордасы деп қандай кесіндіні айтамыз?

А. шеңбердің екі нүктесін қосатын кесіндіні айтамыз;

В. шеңбердің центрі мен нүктесін қосатын кесіндіні айтамыз;

С. берілген екі нүктені қосатын кесіндіні айтамыз.

3.

Егер h>r болса, онда:.

А. түзу шеңберге жанама;

В. шеңбер мен түзудің ортақ нүктесі жоқ;

С.түзу шеңберді екі нүктеде қияды.

4.

Егер h=r болса, онда:.

А. шеңбер мен түзудің ортақ нүктесі жоқ;

В. түзу шеңберді екі нүктеде қияды;

С. түзу мен шеңбердің бір ғана ортақ нүктесі бар.

5.

Екі шеңбердің өзара орналасуы қанша түрлі болады?

А. 3;

В. 2;

С. 4.

6.

Егер d<R+r болса, онда:

А. екі шеңбердің ортақ нүктесі жоқ

В. шеңберлер қиылысады.;

С. шеңберлер сырттай жанасады;

7.

Радиусы R=6 см бойынша шеңбердің диаметрін табыңдар.

А. 6 см;

В. 3 см;

С. 12 см.

8.

Диаметрі 64 мм болатын шеңбердің радиусын табыңдар:

А. 8 мм;

В. 32 мм;

С. 64 мм.

9.

Радиустары мен центрлерінің ара қашықтығы бойынша екі шеңбердің қалай орналасқанын анықтаңдар:

А. шеңберлердің ортақ нүктесі жоқ;

В. шеңберлер сырттай жанасады;

С. шеңберлер қиылысады.

10.

Теореманы жалғастырыңдар.

Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің центрі...

А. осы үшбұрыш биссектрисаларының қиылысу нүктесі болады;

В. үшбұрыш қабырғаларының қиылысу нүктелері болады;

С. үшбұрыш медианаларының қиылысу нүктелері болады.



© 2010-2022