Нәрсенің негізгі екі көрінісі бойынша оның үшінші көрінісін табу

Раздел Математика
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:

Нәрсенің негізгі екі көрінісі бойынша оның үшінші негізгі көрінісін салу

Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға нәрсенің негізгі екі көрінісі

бойынша оның үшінші негізгі көрінісін салу жолдарын

түсіндіру Сабақтың дамытушылық мақсаты: Үшінші көрінісін салу сызу пәнінің

басты есептері екендігін ескере отырып, сызба салу

жолдарын талдауға, елестету, логикалық ойлау

қабілеттерін дамыту. Сабақтың тәрбиелілік мақсаты: Оқушыларды тиянақтылыққа, ынталылыққа

ұқыптылыққа, дербестікке, талғампаздыққа тәрбиелеу .

Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, . бұрыштықтар , тақтада сызылған сызбалар, бұйымның макеті.

Сабақтың түрі: аралас сабақ Әдіс, тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, топпен жұмыс жасау, Сабақтың типі. Жаңа сабақты игеру

Пәнаралық байланыс: Геометрия, математика

Сабақтың барысы.

I.Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушыларды түгендеу
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
3. Назарларын сабаққа аудару


ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

1)Өткен тақырып бойынша үй жұмыстарын тексеру.
2) Сұрақ жауап

ІІІ. Жаңа сабақ Нәрсенің негізгі екі көрінісі бойынша оның үшінші негізгі көрінісін салу жолдарын түсіндіру сызу пәнінің есептерінің бірі. Берілген екі көрініс бойынша үшінші көріністі тұрғызу үшін нәрсенің кеңістіктегі пішінін көз алдымызға елестетіп, түсіріп алғанымыз жөн. Басқаша айтқанда, сызбаны оқи білуіміз керек.

Сызбаны оқуда екі әдіс бар: талдау әдісі және толықтыру әдісі.Бұл әдістердің екеуі де геометриялық қарапайым денелердің проекциялары қалай кескінделетінін білуге негізделген талдау әдісі. Талдау әдісі : Бұл әдісті қолданғанда берілген күрделі нәрсені өзімізге белгілі қарапайым геометриялық денелерге ажыратамыз. Қарапайым геометриялық денелерге призма, пирамида, конус, цилиндрді және шарды жатқызамыз. Толықтыру әдісі: Алдыңғы және сол жақ көріністері кескінделген дененің үстіңгі көрінісін салуымыз керек. Берілген сызбаны оқып, заттың геометриялық пішінін түсіру үшін толықтыру әдісін қолданайық.

ІҮ. Сарамандық жұмыс

Нәрсенің негізгі екі көрінісі бойынша оның үшінші негізгі көрінісін салу

Нәрсенің негізгі екі көрінісі бойынша оның үшінші көрінісін табу

Ү. Оқушыларды бағалау

Оқушылардың сызған жұмыстарын бағалату

ҮІ. Үй тапсырмасы: тақырыпты оқу, анықтаманы жаттау, сызбаны аяқтау, Келесі сабақта «Қосымша және жергілікті көріністер» сызамыз.

№ 183 мектептің сызу пәнінің мұғалімі Сериева Сәуле








© 2010-2022