Математикалық сайыс Сандар әлемінде (9 сынып)

Раздел Математика
Класс 9 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Сандар әлемінде.

Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, математикалық білімді өмірде қолдана білуге үйрету.

Жүрісі:

Математикадан алған білімдеріңді өмірде қолдана біліңдер

1) Топтардың таныстыруы

9 В «Математика» 9 Г Өмір

Математикалық сайыс Сандар әлемінде (9 сынып)Математикалық сайыс Сандар әлемінде (9 сынып)

Математика өмірді сан арқылы бейнелейді. Математиканың негізгі ұғымы - сан ұғымының сан алуан сырын, сандар әлемінің қызық құбылысын ашу, білу.

«Сандар әлемді басқармайды, бірақ қалай басқару керектігін үйретеді» Гете

«Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» Пифагор

2) Үй тапсырмасы ретінде берілген

Математика тобы - «Сандар шеруі»

Өмір тобы - «Сандар, сандар» сандар қасиетін, құпиясын ашады.

3) Сандық ребус

Б І Р Әрбір әріп бір цифрды білдіреді

+Б І Р Бірдей әріптерді бірдей цифрлар алмастырады

Е К І Бір цифр әртүрлі әріптермен белгілене алмайды

Сол жақтағы шеткі әріп нөлге тең болмайды

4) Квадрат теңдеу құру

  • Берілген мақал-мәтелдер, даналық сөзде екі сан есім квадрат теңдеудің түбірі, яғни Виет теоремасына кері теоремасы бойынша квадрат теңдеу құру

  • Бір тал кессең, он тал ек

  • Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім іл

  • Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі жетеді

5) Ойлан, тап

Көктемгі арзандатуда бір дүкенде 3500 теңгелік шарфтар 40%- ке, бір аптадан соң тағы 5%-ке арзандатылды. Басқа дүкенде бағасы осындай шарф бірден 45%-ке арзандатылып сатылды. Шарфты қай дүкеннен сатып алған тиімдірек?

6) Кім жылдам?

  • 29²=

  • 25*31=

  • 25+26+27+28+29+30+31=

7) Тиімділігін анықта

Ұзындығы 100 м торымыз бар. Осы тормен егін егетін қоршау немесе мал қамайтын аула салу керек болсын. Қалай қоршасақ екен?

8) Логикалық сұрақтар

  • Үйдің әр бұрышында бір-бірден мысық отыр. Әр қайсысының алдында 3-тен мысық отырса, Барлығы неше мысық бар?

  • 6 және 1 цифрлары жазылған 2 картты қатарластырып қойып 13-ке бөлетін сан құрастырған. Бұл қалай?

  • Жеті адам бір бірімен қол алысты. Барлығы неше қол алысу болды?

9) Жұмбақтар

1)Егіз туған қос жүйрік,

Жарыса шауып терлейді,

Бірін-бірі көрмейді.

Дамылсыз қанша шапсада,

Бір мәреге келмейді. (Паралель түзулер)

2)Математикалық таңба ол,

Білімің болса ашарсың.

Теріс сан болса астында,

Мағынасы жоқ деп қашасың. (Квадрат түбір)

3) 2 бұрыш ежелден

Көрші болған ең тату

Бірін-бірі толықтырған

Жазыңқыға бар жақын. (Cыбайлас бұрыш)

4) Екі түзу қатар жүріп

үшіншісін қияды

Сонда шыққан бұрыштарды

Кімдер айтып жияды. (айқыш, тұстас, сәйкес)

5) Оң сандарға қол шатырдай,

Қалпақ болған беделі.

Квадраттасаң егер оны,

Жоғалтпассың сен оны. (Квадрат түбір)

10) Бос бөлікті толықтыр

Математикалық сайыс Сандар әлемінде (9 сынып)

Қорытынды:

Алған ұпайларына байланысты сайыс қорытындысы шығарылады.


© 2010-2022