Математикалық кеш Математика өмірде

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математикалық кеш

«Математика өмірде»

1-бастаушы: Сәлеметсіздер ме,жиналған қауым? (басын иеді)

2- бастаушы: Кешті ұйымдастырушылар атынан жалынды сәлем!

1- бастаушы: Сіздер бұл кеште әдеби-монтаж,қызықты есеп,фокустардың куәсі боласыздар

2- бастаушы: Сіздер тек тыңдаушы,көруші ғана емес,кешке белсене қатысушы болсаңыздар біз еселеп қуанамыз

1- бастаушы: Бірігіп бас қостық осында,

Ойланып,көңілді көтеріп.

Бір есеп жүрсе егер басыңда,

Оны да шешіп бір кетейік.

2- бастаушы: Бұл жерден тыңдармыз талайды,

Есеппен сап басып не шуды,

Сол есеп әрқашан қалайды

Өз мәнін қатесіз табуды.

1- бастаушы: Есептің қызығын көретін

Боламыз десеңдер білімгер

Ең дұрыс шешімін беретін

Жауапты дәл таба біліңдер

2- бастаушы: Енді «Математика өмірде» атты әдеби-монтаж тыңдаңыздар

1.Сан мен таңба тұр сап түзеп,

Орындап формула әмірін

Кім айтсын ән-жырдан жақсы деп

Есептің қоңырқай өмірін.

2.Болмашы ойға алаң,сәл сабыр,

Мен айтсам ағымнан жарылам,

Сенің бар айналаң,өмірің,

Есептің заңына бағынған.

3. Заводтар салынып нуларда

Шын оттар жанар ма жалынсыз?!

Тепловоз рельспен зулар ма,

Математиканың заңынсыз

4. Ұшқыштар дыбыспен қоса өрлеп,

Ғарыштық сапарды мықтадық

Осының бәрін біз жасар ма ек

Алдымен есептеп шықпасақ

( Ән орындалады)

1-бастаушы: Енді, достар, «Математикалық пойызбен» саяхатқа шығуға қалай қарайсыздар? 1- аялдама «Ойшыл» деп аталады

( Слайд.Интерактивті тақтадан пойыздың суреті көрсетіледі)

2- бастаушы: Мен сіздерге логикалық есеп айтып ойлау қабілеттеріңізді байқап көрейін.

( Слайд.Интерактивті тақтадан тапсырмалар көрсетіледі)

1- бастаушы: Ендігі аялдама «Балықшы». Балық аулап біраз көңіл көтерейік.

(Слайд. Балықтарға «жазылған» ребустарды шешу)

2- бастаушы: Келесі аялдама «Өнер». Бұл аялдамада сіздер сиқыршының өнерін тамашалайсыздар. (Математикалық фокустар «Лезде қосу», «Белгісіз сандардың қосындысын табу»)

(Ән орындалады)

1- бастаушы: Осымен кешіміз аяқталды. Ат салысып қатысқандарыңызға көп рахмет!

2- бастаушы: «Математикалық пойызда» келесі кездескенше сау болыңыздар.

Пән мұғалімі: Турашова Б.К



© 2010-2022