• Преподавателю
  • Математика
  • «Ұлттық Бірыңғай Тесттілеуге дайындалу барысында жаратылыстану пәндері бойынша АКТ-ны қолданудың тиімді жолдары »

«Ұлттық Бірыңғай Тесттілеуге дайындалу барысында жаратылыстану пәндері бойынша АКТ-ны қолданудың тиімді жолдары »

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«Ұлттық Бірыңғай Тесттілеуге дайындалу барысында жаратылыстану пәндері бойынша АКТ-ны қолданудың тиімді жолдары »




Математика пәнінің мұғалімі А.Г.Ахмединаның аудандық ғылыми конференциясында жасаған баяндамасы


«Ұлттық Бірыңғай Тесттілеуге дайындалу барысында жаратылыстану пәндері бойынша АКТ-ны қолданудың тиімді жолдары »





2014-2015 оқу жылы



«Ұлттық Бірыңғай Тесттілеуге дайындалу барысында жаратылыстану пәндері бойынша АКТ-ны қолданудың тиімді жолдары »

Ахмедина Асемгуль Газизовна



Ақмешіт ауылының №15 орта мектеп ММ

Математика ,физика ,информатика мұғалімі.



«Ұлттық Бірыңғай Тесттілеуге дайындалу барысында жаратылыстану пәндері бойынша АКТ-ны қолданудың тиімді жолдары »

«Әлем өзгергендіктен сіз де өзгересіз және қазіргі сәтте

өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз.

Сіз өзгересіз,себебі сіз білім алғанды,

Білім бергенді жақсы көресіз, тез өзгеретін

әлемде балаға бағыт беріп отыратын,

білім беретін сіз қажетсіз.

Сондықтан сіз де,бала да өзгеруі қажет »
С.Бич.

Қазақ халқының келешегі - бүгінгі мектеп оқушыларында.
Қазіргі заманның негізгі талабы - өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап , кез-келген ортаға тез бейімделетін , белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін,мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастырып тәрбиелеу.
ҰБТ дегеніміз - мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін бүгінгі білім сапасын көтеру және басты бағыт болып табылады.
Қазіргі кезде ҰБТ дайындау мұғалімнің шығармашылығын, жауапкершілігін, ізденушілігін талап етеді
ҰБТ өткізудің қажеттілігі:
- білім беру ұйымдарын объективті бағалау, олардың нақты рейтингісін көрсету, оқушылардың және мұғалімдердің білім алудағы жоғары нәтижелеріне талпынысын тудыруға ынталандыру.
ҰБТ-ның мақсаты:

ҰБТ-дің басты мақсаттарының бірі оқушылардың теориялық мәселелерді түсініп ,іс-жүзінде пайдала білуін дамыту, демек, шығармашылық еңбек ете білуі, терең ойланып, күрделі мәселелерді шеше алатындай болуы қажет.

ҰБТ-ға дайындаудың басты тұлғасы - оқытушы.

Ұлттық бірыңғай тестілеу- жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушылардың қорытынды аттестатталуының бір түрі.Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс-жүзінде қолдана алуы керек. Сондықтан ҰБТ-ға оқушыларды дайындауда тиімді әдістер мен тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет.

ҰБТ-ке дайындалуда тиімді әдістерінің бірі - АКТ технологиясын қолдану.

Ақпараттық технология - қазіргі компьютерлік техника негізінде

ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

АКТ негізгі міндеттері:

  • Сабақта ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану;

  • Практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;

  • Ғылыми ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізу.

Ақпараттық технологиялардың мақсаты:

  • жеке тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық

  • қабілеттерін дамыту;

  • технологиялық құрал арқылы алынатын білімдер мен

  • мәліметтердің түсініктілігі;

  • білім мен тәрбиенің бірізділігі;

  • жалпы компьютерлік сауаттылық;

  • оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы.

Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:

«Ұлттық Бірыңғай Тесттілеуге дайындалу барысында жаратылыстану пәндері бойынша АКТ-ны қолданудың тиімді жолдары »

АКТ тиімділігі:

«Ұлттық Бірыңғай Тесттілеуге дайындалу барысында жаратылыстану пәндері бойынша АКТ-ны қолданудың тиімді жолдары »

Соңғы он жылдың ішінде орта мектеп көлемінде оқылатын жаратылыстану пәндер курсы түбімен өзгеріп, жаңартылды,оның теориялық мазмұны жоғары сатыға көтерілді.Жалпы алғанда, жаңа курстардың әдістемелік жағы да күшейтілді.

Осыған байланысты, мектеп қабырғасында жаратылыстану пәндер курсын оқыту тәсілдерін көрсетіп беретін электрондық оқулықтар мен дидактикалық материалдар жасалды.

Теорияны оқытуда,оның мағынасын терең түсіндіріп , пайдалану жолдарын іздестіруде, оқушыларға жаттығу ретінде сыныпта, үйлерінде өз күшімен түрлі есептерді шығарудың мәні ерекше .Бұл болашақ ғылыми-техникалық мамандыққа дайындалушы оқушының ой-өрісін қалыптастыру үшін аса-қажет.

Жаратылыстану пәндер ішінде алгебра , геометрия , физика , химия, биология және география пәндер бойынша жетілуіне көп мүмкіншіліктер бар. Басқа пәндерге қарағанда жаратылыстану пәндері бойынша тест тапсыру күрделі, себебі бұл жерде әрі теориялық, әрі практикалық біліктілікпен қоса шапшаңдық қажет.Тапсырманы орындаудың тиімді тәсілін меңгерген оқушы тез арада дұрыс жауабын таба алады. Сондықтан сабақтарда және сабақтан тыс уақытта пән мұғалім оқушылармен бірге компьютер мен интербелсенді тақта арқылы электрондық оқулық және электрондық тренажерлармен жұмыс істеуге болады. Оқушыларға математикалық, физикалық және химиядан формулаларды 100% есте сақтауды қамтамасыз ету керек , ол үшін жиі кездесетін формулаларды есте қалу деңгейін тексеру сынақтарын алған дұрыс және сонымен қатар , ережелерді жеңіл есте сақтау тәсілдерін қолдану.Қазіргі кезде оқытушылар мен оқушылар телефон арқылы ғаламтордан электрондық анықтамалар көшіріп алады.

Есепті шығару барысында мынадай кемшіліктер байқалады: арифметикалық есептеулерді калькулятормен есептеп үйренген бала ҰБТ кезінде көп қиналады және уақыттың көп бөлігін есептеуге жұмсайды. Сонымен қатар , өз бетінше есептеуді үнемі қолданып үйренбеген бала ҰБТ кезінде жай есептеулерден қате жіберіп, дұрыс жауап алмауы мүмкін.

Екінші жағынан өз бетімен жазбаша немесе ауызша есептеу баланың ой-өрісін дамытып,ойлау және есте сақтау қабілетін жетілдіреді.

Есептерді жылдам және оңай есептеудің әдістерін ғаламторда іздеп , қолдануға тиімді.Мысалы: skolkobudet.ru/publ/4-1-0-3 «Хитрые приёмчики счета в уме», «Тридцать простых приемов устного счета»

ҰБТ-ға дайындық кезінде есепті уақытымен шығаруға және нәтижесінің өзгеріс мониторингісін бақылауға арнайы электрондық бағдарлама-тренажер «5+» арқылы іске асырылады.

Тест оқушылардың білімін салыстыруға , білім беру жүйесінде оқушылармен бірге жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызады. Бағдарламалық материалдан тыс ауық-ауық өткізіліп отыратын осындай жұмыстар оқушылардың барлық пәндер бойынша сауаттылығын арттыруға біршама септігін тигізеді.
Қорытындылай келе, мынаны айтқым келеді.Әлемдік тәжірибеде тестілеу әдісінен артық тәсіл әзірше жоқ. Сондықтан АКТ технологиясы бүгінгі күні әр ұстаздың біліктілігін дамытатын негізгі құрал болып отыр. Оны игеру арқылы мынадай нәтижелерге қол жеткізуге болады:

  • Пәнге деген қызығушылығы артады

  • Шығармашылықпен жұмыс істейді

  • Қосымша мәліметтер іздейді

  • Өз білімін шыңдауға үйренеді

  • Көру, есту қабілеттері артады

  • Уақытын үнемдейді

  • Көрнекілікті өзі жасай алады

  • Компьютерлік сауаттылығы ашылады

  • Шығармашылық қабілеті арта түседі

  • Білім, біліктілік дағдылары дамиды.

Сондықтан ұстаздар қауымы, қашанда үздіксіз білім бере алатынымызды жадымыздан шығармайық. Ел болашағы - білімді жастардың қолында.Сол себепті білімді ұрпақ, жеке тұлға қалыптастыру - біздің ең басты мақсатымыз болсын!


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. «Алгорифм» физика -математикалық журнал 2014жыл №6

  2. «Математика және физика »журнал 2012жыл №2

  3. Жунусбекова А.Н «ҰБТ-ға тиімді дайындалу»

  4. «Оқыту процесіндегі инновациялық ізденістер» Өмірбаева К. 2001 ж.

  5. Мұғалімнің ақпараттық сауаттылығы мен АКТ құзыреттілігі.

Жалпы орта білім беретін және кәсіби техникалық білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған әдістемелік мақалалар жинағы. Орал 2014ж.,145 бет.


Интернет-ресурстар

  1. «Білімділер сайты».

  2. «45 минут»

  3. «Sabaktap.kz»

  4. «Matematik»


© 2010-2022