Сызықтық функция және оның графигіне есептер шығару

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ №2

Сабақ өтілетін күн:

Орны: №28 кабинет

Пәні: Математика

Сыныбы: 6

Пән мұғалімі: Қаймолдина Динара

Барлық оқушы саны: 8

Қатысқаны: 8

Сабақ тақырыбы

Сызықтық функция және оның графигіне есептер шығару.

Жалпы мақсаттар

Сызықтық функциялардың графиктері туралы игерген білімдерін ары қарай жетілдіру, ойлау қабілеттерін дамыту, өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.

Сілтемелер

Күнтізбелік жоспар, 6-сынып математика

Түйінді идеялар

Сызықтық функция-түзу сызық графигі

Оқыту нәтижелері

-Сызықтық функция анықтамасын есептер шығаруда қолдана алады;

- Сызықтық функциялардың қасиеттерін біледі.

-Функцияның анықталу аймағын таба алады.

-Түзудің k-коэффициентін табады.

Көрнекіліктер

слайд «Сызықтық функция және оның графигі», сызғыштар, үлестірме материалдар

Дереккөздер

Электронды оқулық-6 сынып, оқулық Математика-6 Алдамұратова Т.А, Байшолпанова Т.С , «Атамұра» 2011ж

Әдіс-тәсілдер

«Тыңдап отырған үштік», «Бірге ойлаймыз», «Аялдама», «Маган көрсет», «Крестиктер-нөлдіктер»

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Формативті бағалау

Ұйымдастыру

(2 мин)

Шаттық шеңбері «Жүректен жүрекке» мұғалім бірінші тілек білдіреді

Оқушылар тілекті бір-біріне жалғастырып,тілек айтады

Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.


Топқа бөлу - суреттер таратады, топ ережесін құрады, тақтаға плакат іліп, оқушылардан: -Топпен жұмыс істеу үшін топ мүшелері қандай ережелерді сақтау керек? т.б. сұрақтар қояды.Алдағы уақыт та осы ережелерді басшылыққа алып,топтық жұмыс жасайтындарын айтады.

Оқушылар ұқсас суреттерді бірігіп 2 топ құрайды, әр топ тапсырма бойынша: топ ережесін топта талқылап, талдап, плакатқа топтар кезектесіп жазады.


Үй тапсырмасын тексеру

(2 мин)

«Тыңдап отырған үштік» бойынша есептерін тексеру.

Оқушылар үшеуден отырады, екеуі бірге оларға қарсы сәл алшақта-бақылайды. Бір-бірінің есептерін тексереді.

№1334 7.20 суреттегі графигі болатын сызықтық функцияларды формуламен жазыңдар.

«Бағалау парағы» бойынша топ басшысы бағалап отырады.

Практикалық тапсырмалар.

«Бірге ойлаймыз» Топқа 4-есеп беріледі, топта талқылап шешімін табады.

Электронды оқулықтар тапсырмалар орындайды.

Смайликтер арқылы бағалау




Сергіту сәті:

«Аялдама» әдісі бойынша оқулықтан топтарға әртүрлі есептер беріледі.

«Көңілді күн» видио арқылы беріледі.

1-топ №1341

  1. у=-х-2 2) у=0,5х-3 3) у=-1,5х+3 4)у=0,2х+1

2-топ №1342

  1. f(8)=19.5

  2. f(-5)=8.5

  3. f(0.3)=6.2

Топ бір бірлерін бағалау.

Сабақты бекіту

«Маған көрсет» тапсырмадағы қателерді табу ұсынылады.

Оқушылар тапсырмадағы топпен бірлесе қателерді тауып көрсетеді.

Мадақтаулар

Қорытынды

«Крестиктер-нөлдіктер» сабақты қорытындылау мақсатында қолданылады. Сұрақтарға дұрыс жауап берсе 0, қате болса х деп белгілейді.

Оқушылар ұяшықтардағы сұрақтармен есептерді ашып жауаптарын айтады.

Бағалау парағына бағалау

Үйге тапсырма

№ 1344, №1345


Рефлексия

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазады.

Стикерлерге жазу

Бағалау

Топ басшылары бағалау парақтары бойынша қорытынды жасайды.




© 2010-2022