Математика пәнінен оқушылардың ойлау қабілетін дамыту арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КММ «Байет жалпы орта білім беретін мектебі»













Математика пәнінен оқушылардың

ойлау қабілетін дамыту арқылы пәнге деген

қызығушылығын арттыру







БАЯНДАМА











2015 -2016 оқу жылы









Пән мұғалімі : Нуртай Р.

Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі, әрбір оқушыға сапалы терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін, логикалық ойлауға қабілетті болуын талап етеді.

Математика пәні оқушылардың өз ойын қысқа, дәл және дұрыс айтып бере алуы үшін зор мүмкүндіктер туғыза алады. Қазіргі заман талабы әр мұғалімнің алдына шығармашылықпен жұмыс жасап, білім сапасын арттыруды талап етіп отыр. Бұл мақсатқа мұғалім шеберлігін үнемі арттырып, қоғамдық өмірге еніп отырған жаналықтарды тиімді пайдаланып, әр -түрлі инновациялық әдіс -тәсілдерді орынды қолдана білуінде.

Оқушының математикадан білімін көтерудің ең басты шарты -оның пәнге деген қызығушылығын дамыту арқылы ғана жете алады. Пәнге танымдық қызығушылықты дамыту жолының шарттары бар: ол бұрын жария етілген фактілерді жаңаша сипаттау, хабарланып отырған материалға, тарихи бағдар беру, ілімнің практикалық мәнін ашып көрсету, ғылымның соңғы жаңалықтарын жүйелі баяндау. Өз бетінше жұмыс істеудің әр қилы түрлерін, оқытудың проблемалық әдісін меңгеру. Оқушының қабілетін ұштау, мұғалімнің оқушыға көмек беруге дайын тұруы, олардың мүмкіндіктеріне қолдау көрсету қабілеттілігіне көтермелей білу, және өз ара бәсекелестікте көмек көрсете білуі.

Математика сабағында оқушының назарын аударатын әр түрлі қызықты материалдар, тартымды есептер, математикалық софизмдер мен ойындар сабақта өзінің орнын табу керек. Мұндай есептер оқушының математика пәніне деген ынта ықыласын арыттырып,өз бетінше есептерді шығаруға итермелейді және логикалық ой -өрісін дамытады. Бір сарынды есептер шығарудан шаршамас үшін әртүрлі математикалық жарыстар, ойындар ұйымдастырғаны жөн.

Әр мұғалімнің басты мақсаты - білім сапасын арттыру, оқушылардың өз пәніне деген қызығушылығын тудыру. Білім сапасын арттыру әр мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс жасауын талап етеді. Оқушылардың ойлау қабілетін , шығармашылық іс-әрекетін дамыту бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі. Себебі оқушылар өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге , өз бетінше білімді іс жүзінде пайдалануға дағдылануы керек. Сондықтан көп жағдайда олардың өзіне деген сенімін арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту үшін сабақты әр түрлі жан-жақты түрлендіріп өткізу керек. Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру барысында олардың логикалық ойлау қабілеттеріне көп көңіл бөлемін.
Сабақ басталар бұрын бірнеше логикалық есептерді ауызша шешіп олардың қызығушылығын сабаққа тартамын. Логикалық есептерді оқушылар «Неге?» , «Қалай?» деген сұрақтарға жауап сұрай отырып өздерінің пәнге деген қызығушылығын ашады. Мысалы:

1. Бір кісінің 6 жылқысы бар. Ол күніне биеге үш қадақ, құнанға 2 қадақ, ал тайға 1 қадақтан сұлу береді. Сонда күніне барлық жылқысына 10 қадақ сұлы жұмсайды. Оның қанша бие, қанша құнан, қанша тай бар?

2. Бір заттың бағасы 148 теңге еді. Оны әуелі 50% қымбаттатып, содан кейін 50% арзандатты. Сонда оның бағасы қандай?

3. Мына цифрлардың арасына таңбаларды қою арқылы 31 санын шығар.

3 3 3 3 3=31 3 3 3 3 3 3=31 5 5 5 5 5=31

4.226+1 саны 5-ке бөліне ме?

5.Екі будада барлығы 30 дәптер бар. Егер бірінші будадан екінші будаға 2 дәптер салынса, онда бірінші будағы дәптерлердің саны екінші будадағыдан екі есе артық болар еді. Әр будада неше дәптерден бар?

6. Екі оқушы бір-бір қораптан түрлі -түсті қарындаштар сатып алмақшы болды. Оған біреуінің 7 теңгесі ал екіншісінің 2 теңгесі жетпей қалды. Екеуі ақшаларын қосып еді, ол бір қорапқа да жетпей қалды.Сонда бір қорап қарындаш қанша тұрады екен?

7. Күн тәулігінің аяқталу уақыты өткен мерзімінің 4/5 бөлігіне тең болса, қазір уақыт қанша?

8. Егер бір санның жазу құрамында жеті 8 цифрі , тоғыз 1 цифрі және 5 цифрі болса, ол сан 9-ға бөліне ме?

9. 1033 +8 саны 9-ға бөліне ме?

10. 9 күміс теңгелердің біреуі жасанды. Жасанды теңге жеңіл , оны екі рет өлшеп гирсіз таразы арқылы қалай анықтауға болады?
Жауаптары:

1. 2 бие 1 құнан 2 тай
6+2+2=10 қадақ.
2. 148 теңге ғой :))
3. 33 немесе 30 шығады ғой ((((
4. қалдықпен бөлінеді
5. өздеріңіз білесіздерма? )))
6. білмим ?????????
7. қателеспесем сағат 6
8 . жоқ!! 88888881111111115
9. 115,666667
10. 000000000 теңгелер 0000 / 0000 тең болса 0 жасанды 0000 / / 0000 онда салмағы кіші жағын екіге бөлеміз сонда қайсының салмағы кіші соны аламыз да өлшейміз сонда 3 амалмен шықты. Осылай логикалық есептер арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту оқушылардың пәнге деген қызығушылығына жол ашады.
Әр тоқсаннның аяғында «Біз нені үйрендік?» атты интеллектуалдық сайыс өткізу де оқушының пәнге деген қызығушылығын оятады.
Сабақтың тақырыбы: Біз нені үйрендік?
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың математика пәнінен алған білімдерін тереңдету. ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;
Оқушылардың ой-өрісін, қызығушылығын арттыру, қабілеттілігін, белсенділігін дамыту.
Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу. жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге үйрету;
Сабақтың түрі : интеллектуалды сайыс
Көрнеліктер: презентация, слайдтар, қима-қағаздар, кесте ,суреттер
Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі:
Топқа бөліну: 3 топ болады. Әр топта 6 оқушыдан .
Топ басшыларын сайлау
Бағдарламада: Таныстыру, сәлемдесу

  1. «Тапқырлар» сайысы өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беру

  2. Есеп, есеп тағы есеп

  3. Есеп , есеп тағы есеп

  4. Көрермендер сайысы

  5. «Кім жылдам?»

  6. «Тіл өнері»

  1. Тапқырлар сайысы :

  1. Екі санның бөліндісі сол сандардың ......................... (қатынасы)

  2. Екі қатынастың теңдігі ......................... (пропорция)

  3. Пропорцияның негізгі қасиеттері......................( шеткі мүшелерінің көбейтіндісі, ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісіне тең.)

  4. S=πR2 ........................................ дөңгелектің ауданы

  5. Ортақ бөлгіші 1- ге тең сан ....................................өзара жай сандар.

  6. Шеңбер бойындағы кез-келген нүктені центрмен қосатын кесінді.......... радиус

  7. Шеңбердің ұзындығының формуласы ...................... C=πD

  8. Оң және теріс , бүтін және бөлшек сандар қандай сандар? ............. (рационал сандар)

  9. Санақ басы болатын О нүктесі және бірлік кесіндісі таңдап алынған , оң бағыты көрсетілген түзу .......................... (координаталық түзу)


Білімді тексеру

  1. А деңгей

а) ( 2,6 +3,7) •5=

( 18.07 - 6. 03) •8=
0.25• 10- 2.4•0.

2.3+0.7:0.1=

  1. В деңгейі. Сәйкестікті тап.

Х+ 3,7 = 10,4 •3 14,108
19,4 -х =5.82: 20 93,58
y- 105,3= 20,3+ 0,712 27,5
x + ( 60 -25, 72 ) 127, 86 126,312

Ә) дамыту есептері 14- 9,158= ……. • 10….. + 12,18 = …… : 12= …..+ 124,8 =

Көрермендер сайысы :

1 ."Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы"- кімнің сөзі? Карл Гаусс
2. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? 3 кг
3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? 6 бала
4. Мақалды жалғастырыңыз:

"Отыз тістен шыққан сөз, ............" , отыз рулы елге жетеді.
5. 1 2 3 4 5 6 7 8 9 цифрларының орналасу ретін өзгертпей олардың арасына «плюс және минус» таңбаларын, барлығы үш таңба қою керек.Сонда 100 саны шығу керек. Ойланыңыз? 123 -45 -67 +89 = 100
6. Бұл құралды әдебиет пәнінің мұғалімдері ешқашан қажет етпейді.Ал математика пәні мұғалімі екінші сыныптан бастап қолынан тастамайды.Ол өзі бір ерекше зат: Өлшеп-өлшеп алып, түр-түрге бөліп тастайды.Бетіндегі белгілерді ауырып, қызуың қатты көтерілгенде мамаң да, дәрігер де қайта- қайта айтып қоймайды. Бұл не? (сынап)
«Кім жылдам?» сайысы
шеңбер, үшбұрыш, тіктөртбұрыш , квадрат, циркуль, көпбұрыштар.


Тіл өнері сайысы
1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш - линейка - ruler)
2. Алды-артымыз шексіз де
Жете алмайсың біздерге.
Сәулеменен кесілді
Шыққан тегін білсе де. ( түзу - прямая - line)
3. Көк құтанша ақ айдында,
Бір аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда,
Шыр айналып шығады. (циркуль - циркуль - сircle)

4. Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан - натуральное число - natural number)
5. Атадан он баламыз
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз
Көбейіп те аламыз. (цифрлар - цифры - numbers )

Сайыстың қорытындысы
Оқушылар 3 топқа бөлініп, 1 тоқсанда алған білімдерімен сайысты. Нәтижесінде :
І орынға - «Бірлік» тобы топ жетекшісі Сейткулова Дильназдың тобы ,
ІІ орынға - «Алға басар» тобы, топ жетекшісі Бабай Сағыныш,
ІІІ орынға «Атамекен» тобы, топ жетекшісі Сұраубай Айсұлудың тобы иеленді.

Логикалық есептер шығару, ойындар ұйымдастыруда мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.
«Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» [13] деп В.Ф.Сухомлинский айтқандай ойын ақылды, ойды, тапқыр алғырлықты дамытады. Ойынсыз ақыл -ойдын, қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспеттес. Ол арқылы оқушының рухани сезімі, өмірмен ұштасып, өзін қоршаған, дүние туралы түсінік алады.

Математика ойыны- дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан -ойға жетелейтін, адамға қиялмен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл -ой жетекшісі. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой -өрісін, танымдылық белсенділігін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда ойынды үнемі оқу процесіне пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды, сабақ кездерінде нұқсан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс. Ойын -тәрбиелеудің тиімді жолы, нақты өмір жағдайында өзіне тапсырылған міндеті -оқуда, еңбекте, қоршаған ортамен қарым -қатынаста болса, алға қойған мәселелерді дұрыс шешуіне жәрдемдеседі.
Қорыта айтқанда: Осындай логикалық ойындар мен логикалық есептерді тиімді қолдану оқушының пәнге деген қызығушылығына жетелейді.









Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Бияров Т.Н. Молдабекова М.М.

«Элементар математика есептерінің жинағы» Алматы Рауан 1992ж

  1. Меңдіғарина. Р.Ыдырысова

«Математикадан конкурстық есептер жинағы» Алматы Рауан 1985ж

  1. «Математика және физика» ғылыми - әдістемелі журнал №4 2008ж

  2. «Математика және физика» ғылыми - әдістемелі журнал №4 2013 ж

  3. «Математика және физика» ғылыми - әдістемелі журнал №5 2013 ж

  4. http:/ Sabak.kz. /

  5. Логикалық есептер жинағы

  6. Тренажор математика электрондық оқулық

  7. Математика сыныптан тыс ойындар мен есептер жинағы электрондық оқулықтар



© 2010-2022