Рационал бөлшекті қысқарту (7-сынып)

Сабақтың тақырыбы: Рационал бөлшекті қысқарту  Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: рационал бөлшектерді қысқартуды түсіндіру,формулаларды  қолдануды үйрету, оқушы дағдысына қалыптастыру. 2.Тәрбиелілік: ұйымшылдықпен жұмыс жасай білуге, жылдамдыққа,  ширақтыққа тәрбиелеу.  3.Дамытушылық: оқушылардың ой- өрісін кеңейтіп, қабілеттерін ерекшелеу,  белсенділігін дамыту, Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы Сабақтың әдіс- тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементі,ойын, сұрақ – жауап әдісі,жұп...
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Рационал бөлшекті қысқарту
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: рационал бөлшектерді қысқартуды түсіндіру,формулаларды
қолдануды үйрету, оқушы дағдысына қалыптастыру.
2.Тәрбиелілік: ұйымшылдықпен жұмыс жасай білуге, жылдамдыққа,
ширақтыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың ой- өрісін кеңейтіп, қабілеттерін ерекшелеу,
белсенділігін дамыту,
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементі,ойын,
сұрақ - жауап әдісі,жұппен жұмыс, жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, перфа карта, карточкалар,
сызбалар, флипчарт
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысын тексеру, оқу -құралдарын түгендету.
ІІ. Сабақтың мақсатын ашу.
Баланың зейінін сабаққа аудару.Бүгінгі сабақтың мақсатымен және сабақтың жоспарымен таныстыру.Бүгінгі сабақ бірнеше бөлімдерден тұрады:
1. «Математикалық диктант»
2. «Сен-маған, мен-саған»
3. Жаңа білімді түсіндіру
4. Сергіту сәті
5. «Белгісізді орнына қой»
6. «Қатесін тап»
7. «Кім жылдам?»
8. Үйге тапсырма
9. Рефлексия
ІІІ. Өткен сабақ бойынша теориялық білімдерін тексеру.
«Математикалық диктант» (ұжыммен жұмыс) Дайын перфакарта түрінде таратылады, оқушы өз жауабын жазып болған соң жинап алынады.
1. Бүтін және бөлшек өрнектерді рационал өрнектер деп атайды.
2. Бөлімінде айнымалылары бар бөлшек рационал бөлшектер деп аталады.
3. Рационал бөлшектің негізгі қасиеті: рационал бөлшектің алымы мен бөлімін нөлге тең емес өрнекке көбейтсе, рационал бөлшектің шамасы өзгермейді. A NA
4. Рационал бөлшектің негізгі қасиеті - = -- жазылады.
B NB
ІV.Үй тапсырмасын тексеру «Сен - маған, мен - саған »
(дәптермен жұмыс, жұппен)
1. №240,241,242 есептерді аяқтау,№247есепті шығару
2. Деңгейлік тапсырманың ІV.Шығармашылық деңгейі. Әркім өз бетімен бір есеп құрастырып оны дәптеріне орындап және карточка түрінде дайындап келу тапсырылған. Қатар отырған екі оқушы карточкаларын алмастырып есеп шығарады және бір -бірінің дұрыс жауабын тексереді.
V.Жаңа білімді түсіндіру
Бөлшекті қысқарту дегеніміз- бөлшектің алымы мен бөлімін бірдей көбейткішке бөлу.Рационал бөлшектерді қысқартудың жай бөлшектерді қысқартудан айырмашылығы бар.
Рационал бөлшекті қысқарту кезінде өрнектерді түрлендірудің әр түрлі тәсілдері, оның ішінде, қысқаша көбейту формулалары қолданылады. Бұл жерде бөлу амалын бөлгішке кері өрнекке көбейтумен алмастырған дұрыс.
Қысқаша көбейту формулалары
1. a2-b2=(a-b)(a+b)
2. (a-b)2= a2-2ab+b2
3. (a+b)2= a2+2ab+b2
4. (a-b)3= a3-3a2b+3ab2-b3
5. (a+b)3= a3+3a2b+3ab2+b3
6. a3-b3=(a-b)(a2+ab+b2)
7. a3+b3= (a+b)(a2-ab+b2)
a2- 9
Мысалы: --- өрнегін қарастырамыз.(ауызша)
3a+ 9

a2- 9 (a- 3)(a+ 3) a- 3
--- = ----- = --;
3a+ 9 3(a+ 3) 3

(2 мысалды мұғалім тақтада жазып түсіндіреді)

Сергіту сәті.
Бүгінгі сергіту сәтін кім жүргізгісі келетіні оқушылардан сұралады?Оқушылар дайын болмаса мұғалім өзі жүргізеді.Логикалық есеп: Қолыңды қағаздан алмай бірден сызып шық.







Жақсы орындаған оқушыға сыйлық беріледі.

VІ. Білімді бекіту « Белгісізді орнына қой ».
(Интерактивті тақтада қабілеті төмен оқушымен жұмыс)
Мына есептегі белгісізді тауып орнына қой және бұл есептер қандай түрлендіру арқылы шығарылып тұрғанын айт.

а(в- 2) а с2(х+4) ?
1) ----- = -- 3) ---- = ----
5(в- 2) ? с(х - 4) (х - 4)



5а (в -с) ? 10ав(а - в) 5(а - в)
2) ---- = -- 4) ----- = ----
15а (в- с) 3 14ав(а +в) ?

VІІ. «Қатесін тап, және сәйкестендір ». (уақыт беріледі)

№239
1) 4)
2) 5)
3) 6)
VІІІ. «Кім жылдам? » № 243 есеп тақтаға шығарылып орындалады, шығару жолдары үйретіледі.

№ 243 Бөлшекті қысқарт:
1) 2) 3) 4)
IХ. Үйге тапсырма. №243 аяқтау, №244, №245есептерді шығарып келу

Х.Сабақты қорытындылау ( магнитті тақтада) «Табыс» ағашын отырғызайық. Ағаш діні жаңа сабақта өтілген тақырып, жасыл желек -сыныбымыздағы көңіл-күй, ал ағаштың жемістері - сіздердің білімдеріңіз.
Жасыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.
Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналдым.
Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз.
Оқушылар алмаларға «сабақты менгердім», «қиналамын», «менгерген жоқпын» деп жазып жабыстырады.

ХI.Оқушыларды бағалау.Сабаққа қатысып отырған оқушыларды бағалау

© 2010-2022