Конспект урока по геометрии в 8 классе Средняя линия трапеции

Раздел Математика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8 «А» сыныбындағы геометрия пәнінен «Трапецияның орта сызығы» тақырыбы бойынша жүргізілген сабақ жоспары

Пән мұғалімі - Айткенова Майра Манаповна

Сабақтың тақырыбы

Трапецияның орта сызығы

Жалпы мақсаты

Трапецияның орта сызығы туралы теорема мен оның дәлелдемесімен танысу. Трапецияның орта сызығының қасиетін есептер шығаруда қолдана білу.

Оқытудың нәтижесі

Трапецияның орта сызығы туралы теореманы, формуласын білетін болады.Формуланы есеп шығаруда тиімді қолданып, білімдерін жетілдіріп, ойлау қабілеттерін дамыта түседі.

Әдіс -тәсілдер

СТО, АКТ

Топтық жұмыс, жеке жұмыс, жалпы сыныптық жұмыс

Сабақта қолданылған материялдар

Интерактивті тақта, маркерлер, А- 2 форматты қағаздар, стикерлер, оқулық

Тапсырмалар

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

1.Топқа бөлу

5 мин

Стикерлер арқылы топқа бөлемін

Топқа бөлініп, топ басшыларын сайлайды.

2. Қайталау

5 мин

1-топқа: Трапеция анықтамасы

2-топқа: Трапецияның элементтері

3-топқа: трапеция түрлері

4-топқа: тең бүйірлі трапецияның қасиеттері

Топтың шешімімен әр топтан бір оқушы жауап береді.

3. Жаңа сабақ

5 мин

Трапецияның орта сызығы туралы теореманы оқушыларға өз беттерінше оқып танысу тапсырылады.

4. Дәлелдеу

Теорема дәлелденеді

Интерактивті тақтадан теореманың дәлелдемесі көрсетіліп, қорытындыланады.

5. Мысалдар

5 мин

Интерактивті тақтадан мысал -- есептердің шығару жолдары көрсетіледі

Сұрақ-жауап арқылы есептің шығарылуы қарастырылады, талданады

6.Есептер шығару

10 мин

Өз беттерінше шығаруға интерактивті тақтада есептер беріледі

1-топқа: Трапецияның орта сызығы 6-ға тең. Табандарының ұзындығын табыңдар.

2-топқа: Теңбүйірлі трапецияның бүйір қабырғалары 3см, орта сызығы 5см. Периметрін табыңдар.

3-топқа: Теңбүйірлі трапецияның орта сызығы 4см, бүйір қабырғаларының қосындысы 5см. Периметрін табыңдар.

Сызбасын сызып, тақтаға есепті әр топтан бір оқушы шығарады.

7. Оқулықпен жұмыс

5 мин

№107,108 есептер

Топтық жұмыс.

8. Қорытындылау

Рефлексия

«Бағдаршам» бойынша қорытынды, рефлексия жасау

9. Бағалау

ОүБ

Стикер түсі арқылы бағаланады.

Өзін- өзі бағалау



© 2010-2022