Санды және әріпті өрнектер (5 сынып)

Сабақ № 25Сынып: 5Пән: математика Күні Сабақтың тақырыбы:Санды және әріпті өрнектер олардың мәндері. Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару.Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеруСабақтың мақсаты: Оқушылардысандыөрнекпен , әріпті өрнектермен таныстыру , әріптіңмәнін өрнектегі орнына қоябілугебаулу , өрнектіңмәнінтабабілуге үйрету, өрнектерді мәндерібойынша салыстыра білуге дағдыландыру. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру.Белсенділіктерін ар...
Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ № 25 Сынып: 5 Пән: математика Күні 30.09.13

Сабақтың тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер олардың мәндері. Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды санды өрнекпен , әріпті өрнектермен таныстыру , әріптің мәнін өрнектегі орнына қоя білуге баулу , өрнектің мәнін таба білуге үйрету, өрнектерді мәндері бойынша салыстыра білуге дағдыландыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру.Белсенділіктерін арттыру , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқуға саналы сезімге ,жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.Тез ойлап , тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.

Көрнекілік: тақта, оқулық, Сабаққа қатысты сызбалар , тірек схемалары, дидактикалық ойындар : «Баспалдақ» , «Күн».

Сабақтың барысы:

1 .Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру;

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

2. Жаңа материалды меңгеру.

Амалдар таңбаларынан, жақшалардан және сндардан ғана құрастырылған жазу санды өрнек деп аталады.

Санды өрнектегі көрсетілген барлық малдарды орындау нәтижесінде шыққан сан өрнектің мәні деп аталады. 12+(12-5)=12+7=19 өрнектің мәні.

Құрамында әріптері бар өрнек әріпті өрнек деп аталады.

86+(86+а)

Әріпті өрнектегі әріптің орнына алынатын сан сол әріптің мәндері деп аталады. а=15 болса, 86+(86+а) =86+(86+15) =187. Өрнектің мәні.

Мысалы . Санды өрнектер : 15-6 , 45 -25 =20 6 мұндағы 20 санды өрнектің мәні. 23 + а - әріпті өрнек , ал а=3 болғандағы 23+3=26 . 26 саны әріпті өрнектің мәні .

Санды өрнектер мен әріпті өрнектер - математикалық өрнектер.

7а әріпті өрнегіндегі 7-ні коэффициент деп атайды.

Коэффициент әріп көбейткіштің алдына жазылады. Коэффициент пен әріп көбейткіштің арасына көбейту таңбасы қойылмайды. Егер коэффициент 1-ге тең бола, ол жазылмайды.

Мысалы 12+в, мұндағы в-ның коэффициенті 1-ге тең.

Әріпті өрнектердегі әріп көбейткіштердің арасына және жақша алдына көбейту таңбасы қойылмайды. Мысалдар:

  1. аСанды және әріпті өрнектер (5 сынып) әріпті өрнегі авс түрінде;

  2. 7Санды және әріпті өрнектер (5 сынып)(х+9) әріпті өрнегі 7(х+9) түрінде жазылады.

3. Ауызша тапсырмалар беру :

  • Сандық өрнектерге мысалдар келтір

  • Әріпті өрнектерге мысалдар келтір.

4. Жаңа материалды бекіту.

№1 ауызша

№2. Өрнекті оқы.

А деңгейінің тапсырмалары

№4.

№5 .Өрнектің мәнін табыңдар.

1.146+а , мұндағы а=14

146+14=160

№6. Есептің шығару өрнегін құрастыр, мәнін тап.

№10 . Шалқар қорығында а түрлі құс ьар , ал Аққұм қорығында в түрлі құс бар. Мұндағы а =130 6 в = 60

а+в = 130+60 =190 Шалқар және Аққұм қорығында барлығы 190 құс бар.

а-в = 130 - 60 =70 Шалқар қорығында Аққұм қорығындағыдан 70 артық құс бар.

№ 14 . Өрнектің мәнін тап.

  1. (65-39)*100

  2. (49+68):13

  3. а:в

  4. 2ав

№ 16

А*100+5*10+7

Х*1000+У*10+9

8*1000+В*100+6

№ 17 .Мысықтың массасы (а-в):2 (кг)

В деңгейінің тапсырмалары. №

4. Дидактикалық ойындар . «Блиц турнир» , «Күн» 10 -15 минут

Тапсырмалар үлестірмелі парақтарға жазылады.

Блиц турнир ойнауға оқушыларға 5-6 жаттығу дайындалады.

  1. Асқар бағасы а тенгеден 3 қарандаш сатып алды , оның өзінде 20 тенге қалды. Асқарда алғашында неше тенге болған?

А.20-3а ; В.3а+20; С.20А+3.

2. Бағасы в тенгеден 12 қасық және бағасы с тенгеден 12 стақан сатып алынды. Барлығының құны неше тенге тұрады?

А.(в-с)*12 ; В. 12в+с ; С.12 в + 12с

3. 2 көйлекке в м мата жұмсалады. с метр матадан неше көйлек тігіледі?

А.(в:2)*с ; В. с (в:2) ; С. в :2+с.

4. 1 кг алма х тенге . 5 кг алма неше тенге?

А.5х ; В. х:5 ; С. 5-х

Оқушылар дәптерлеріне тапсырма ретінің тұсына дұрыс деп есептеген жауаптарын жазады.

5. Қорытынды.

6.Үйге тапсырма. № 3, №4 (3 бағаны), №7


© 2010-2022