Урок по математике Екі нүктенің арақашықтықтары8 класс

Раздел Математика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қ. Терібаев атындағы орта мектебінің

математика пәні мұғалімі.

Мұсағкалиев Ермек Жанпейзұлы

Сабақ саны 50

Тақырыбы: Екі нүктенің арақашықтығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға берілген координатасы бойынша жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыларды тікбұрышты координата жүйесінде екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын пайдалана білуге үйрету және өз өмірлерінде пайдаға асыра білу.
Тәрбиелілік: Оқушыларды зеректікке,ұқыптылыққа, тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ - жауап,
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру сабағы.
Сабақтың түрі: Танымдық - теориялық білім беру..
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.
    Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
    II. Үй тапсырмасын тексеру.
    1. Үйге берілген есептерді тексеру
    Есептің дұрыс шешімі мен шығару жолы тақтаға жазу, сол арқылы оқушылар бір - бірін тексереді.
    2. Қайталау сұрақтары:
    1) Пифагор теоремасын жатқа айт;
    2) Кесінді ортасының координатасын табу формуласын айт;
    3) Кесіндінің бір ұшы мен ортасының координатасы берілсе, екінші ұшының координатасы қалай табылады?

    III. Жаңа сабақты түсіндіру.
    Координаталық түзу салып, А(3), В(9) нүктелерін белгілеп, АВ кесіндісінің ұзындығын табамыз: А В ІАВІ=6
    3 9
    Яғни, А(х1), В(х2) болса ІАВІ =Іх2 - х1І
    Ой шақыру:
    Координаталық жазықтықта А(х1; у1) және В(х2; у2) нүктелері берілсін.
    Берілген координаталары бойынша олардың арақашықтығын анықтайық. А және В нүктелерінен координаталық осьтерге параллель түзулер жүргізіп, қиылысуын С нүктесімен белгілеңдер.
    Ой шақыру:
    У А 1) х1≠ х2, у1 ≠ у2 жағдайын қарастырамыз:
    С В А мен С нүктелерінің арақашықтығы Іу2 - у1І мәніне тең, ал
    О х С мен В нүктелерінің арақашықтығы Іх2 - х1І мәніне тең. АВС тікбұрышты үшбұрышын қарастырамыз:
    Нәтижесі:
    Пифагор теоремасы бойынша: АВ2=АС2+ВС2 сонда, АВ2=(х2 - х1) 2+(у2 - у1) 2
    А(1;- 2), В(- 2; 2) болса, А және В нүктелерінің арақашықтығын табайық:
    АВ2= (- 2 - 1) 2+(- 2 - 2) 2=9+16=25, АВ=5
    Есте сақта:
    1) Егер координаталар басы О(0; 0) нүктесі мен Р(х; у) нүктесіне дейінгі қашықтықты табу керек болса: ОР2=х2+у2
    2) Егер екі нүктеде абсцисса осінде жатса: d=Ix2 - x1I
    3) Егер екі нүктеде ордината осінде жатса: d=Iy2 - y1I
    Нәтиже: Жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығы олардың сәйкес координаталарының айырымдарын квадраттап қосып, одан квадраттық түбір тапқанға тең.
    Екі нүктенің арақашықтығының формуласы:
    1 - мысал: А(2; 5), В(- 1;- 3). Шешуі: АВ=
    2 - мысал: Х осінің бойынан (1; 2) және (2; 3) нүктелерінен бірдей қашықтықтағы нүктені табу керек.
    Шешуі: (х: 0) нүктесі - ізделінді нүкте болсын, сонда: (х - 1) 2+(0 - 2) 2= (х - 2) 2+(0 - 3) 2
    Бұдан х=4, ізделінді нүкте: (4; 0)
    Ойын «Ойлан тап»

  2. Есептер шығару
    IV. Бекіту.
    Не білдік? Не үйрендік?

  3. V. Логикалақ тапсырмалар
    VI. Қорытындылау. Тесттік тапсырма.
    VII. Үйге тапсырма: §14. №183 есеп
    VIII. Бағалау.



© 2010-2022