Санды теңсіздіктер тақырыбындағы шығармашылық сабақ (6 класс)

Санды теңсіздік туралы мағлұмат беру .Сандарды салыстырып,теңсіздікпен жазуды; қатаң , қатаң емес теңсіздіктерді жазуды,оқуды; таңбалары бірдей, таңбалары қарама – қарсы теңсіздіктерді жазуды,оқуды үйрету. Берілген тақырып бойынша оқушылардың білімін жүйеге келтіру, математикалық тұрғыда сауатты жазып, оқуға дағдыландырып, оқушының  зерделі ойын дамыту .Оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға, ізденуге дағдыландыру.  Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа,жылдамдыққа тәрбиелеу....
Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: ____________ №249 мектеп-лицей директоры К.П.Нақан

А.Сансызбайдың Санды теңсіздіктер тақырыбында 6 «А» сыныбында өткізген сабақ жоспары

Күні: 31.01.2015 ж

Пәні: Математика

Сабақтың тақырыбы: Санды теңсіздіктер.

Сабақтың мақсат-міндеттері:

А) білімділік:

Санды теңсіздік туралы мағлұмат беру .Сандарды салыстырып,теңсіздікпен жазуды; қатаң , қатаң емес теңсіздіктерді жазуды,оқуды; таңбалары бірдей, таңбалары қарама - қарсы теңсіздіктерді жазуды,оқуды үйрету.

Ә) дамытушылық:

Берілген тақырып бойынша оқушылардың білімін жүйеге келтіру, математикалық тұрғыда сауатты жазып, оқуға дағдыландырып, оқушының зерделі ойын дамыту .Оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға, ізденуге дағдыландыру.

Б) тәрбиелік:

Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа,жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Жаңа білімді қалыптастыру сабағы

Сабақтың түрі:

Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, ішінара іздену

Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі:

оқулық, интерактивті тақта, слайд

Сабақтың пәнаралық байланысы:

физика.

Сабақ барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

І. Ұйымдастыру бөлімі

-амандасу;

-түгелдеу;

-оқушының

назарын сабаққа

аудару;

-оқу құралдарының

дайындығын тексеру

-амандасу;

-кезекшілік

міндеттерін

атқару;

-сабаққа

дайындалу;

ІІ. Жаңа материалды қабылдауға дайындық.



Сұрақтар

1.Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атайды?

2.Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?

3.Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер?

4.Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің түбірі қалай табылады?

Оқушылар осы сұрақтарға жауап береді

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру

Бейбітшілік және Келісім ғимараты туралы дерек

Астанадағы 11 қабатты Бейбітшілік және Келісім ғимаратының құрылысына 69 млн доллар бөлінді. Сарайдың жобасын әлемге белгілі ағылшын сәулетшісі Норман Фостер дайындапты. Бейбітшілік пен келісім ғимараты - пирамида тәріздес пішінде болмақ. Оның биіктігі 77 метр, ал жалпы ауданы 25 мың 500 шаршы метрді құрайды

Сәулеті ерекше сарайдың іші көздің жауын алады.Ішкі биіктігі 62 метр, төменгі қырларының ұзындығы да 62 м.болып тұрған Пирамида 25 қабатты үймен бірдей. Оның құрылысына 12 мың шаршы метр гранит тасы, 52 мың метр құрылыс ағашы, 15 мың тонна цемент, 900 шаршы метр шыны жұмсалған. Осынша құрылыс материалын бар-жоғы 13 айдың ішінде сағызша илеп, тамаша ғимарат етіп шығарған түріктің "Сембол-Иншаат" құрылыс компаниясы.

Бейбітшілік және Келісім ғимаратының құрылысына санды теңсіздік құруға болады.

Есеп: Ішкі биіктігі 62 метр сыртқы биіктігі 77 метр.

77 > 62. 77 - 62 = 15 ; 15- оң сан.15>0. Демек Бейбітшілік және Келісім ғимаратының сырқы біиіктігі оның ішкі биіктігінен 15 м артық.

a=77; b=62 болса , a-b>0. Онда а > b

а және b сандарын салыстырғанда a-b айырмасы оң сан болса ,а>b болады.

Координаталық түзуде a саны b санының оң жағында кескінделеді .

  • Санды теңсіздіктер тақырыбындағы шығармашылық сабақ (6 класс)58 62 77

b a

Есеп: Футбол ойынында өз қақпаларынан А командасының ойыншылары 3 рет допты өткізіп алды,ал В командасының ойыншылары 5 рет допты өткізіп алды.Қай команданың өз қақпасынан өткізіп алған доп саны аз?

А және В командалары ойыншыларының өз қақпаларынан өткізіп алған доп сандарын салыстырғанда:3<5. Мұндағы 3<5 - санды теңсіздік.

Демек , А командасы ойыншыларының өз қақпаларынан өткізіп алған доп саны В командасы ойыншыларының өз қақпаларынан өткізіп алған доп санынан аз (кем). Себебі, 3-5=-2;-2 -теріс сан, яғни -2 < 0.

Егер a=3; b=5 болса а - b < 0. Онда a< b

а және b сандарын салыстырғанда a-b айырмасы теріс сан болса ,а<b болады.

> және < белгілері қарама - қарсы теңсіздік белгілері

> және > белгілері бірдей теңсіздік белгілері

< және < белгілері бірдей теңсіздік белгілері деп аталады.

Мысалы :

  • 7>0 және 5 < 9 қарама - қарсы теңсіздік белгілері бар санды теңсіздіктер

  • 7 >5 және 9>2 - бірдей теңсіздік белгілері бар санды теңсіздіктер.

  • < немесе > белгілерімен жазылса, қатаң теңсіздіктер

  • немесе ≥ белгілерімен жазылса ,қатаң емес теңсіздіктер деп аталады.

1) a ≥ 5 теңсіздігі: «а саны 5 - тен артық немесе тең» деп оқылса ,«а саны 5 - тен кем емес» деп те оқылады.

2) b ≤ 4 теңсіздігі:«b саны 4 - тен кем немесе тең» деп оқылса, « b саны 4 - тен артық емес» деп те оқылады.

Сандарды салыстырыңдар:

1) 5 және 3

5 - 3 = 2; 2 > 0 - оң сан, онда 5 >3;

2) -2 және -4

-2 - (-4)= -2+4 = 2, 2 >0, онда -2 > -4;

3) 3 және 6

3 - 6 = -3; -3 < 0, онда 3 < 6.

ІV. Жаңа білімді бекіту

«Оқулықпен жұмыс» А тобы

Санды теңсіздіктер тақырыбындағы шығармашылық сабақ (6 класс)888. Санды теңсіздіктерді салыстырып, жұлдызшаның орнына тиісті теңсіздік белгілерін қойыңдар:

1Санды теңсіздіктер тақырыбындағы шығармашылық сабақ (6 класс)Санды теңсіздіктер тақырыбындағы шығармашылық сабақ (6 класс).1,5 * ; 4 . -2,5 * -2,3 ;

2Санды теңсіздіктер тақырыбындағы шығармашылық сабақ (6 класс). * 0,4; 5. * 1;

6.- 0,3 * 0; 3. * 0,22.

890.Координаталық түзуде А, В және С нүктелері берілген.

1. А нүктесінің координатасы мен В нүктесінің координатасын;

2. В нүктесінің координатасы мен С нүктесінің координатасын салыстырып , теңсіздік түрінде жазыңдар.

Санды теңсіздіктер тақырыбындағы шығармашылық сабақ (6 класс)А В О С

-5 -4 -3 -2 -1 0 1 2 3 4

Санды теңсіздіктер тақырыбындағы шығармашылық сабақ (6 класс)Санды теңсіздіктер тақырыбындағы шығармашылық сабақ (6 класс)Б тобы №896

1Санды теңсіздіктер тақырыбындағы шығармашылық сабақ (6 класс)Санды теңсіздіктер тақырыбындағы шығармашылық сабақ (6 класс). X + және X + ;

3. X + және X + ;

2. Х - 3 және X -4 ;

4. X - 5 және X - 7

897 a және b сандарының айырмасы бойынша a және b сандарын салыстырыңдар.

  1. a- b = -3; a * b

  2. a- b = ; a * b

  3. a - b = 0; a * b

  4. a - b = - 0,5; a * b

5. b - a = 1; b * a

6. b - a = -0,99; b * a .

№ 898

1. 7 <15 және 15 <20;

2. 0,8>0,3 және 0,8 <1;

3.-1 > -5 және -1 < 0

4. m+n < k. K < p + r

С тобы № 905 Мына өрнектердің мәндерін салыстырып,теңсіздік(<,>) белгілерімен жазыңдар:

  1. X + 0.5 және Х-(-1);

  2. y + (- 0,75) және y- ( +0,5);

  3. n:(-7) және n:7;

4) (-n):(-3) және n:(-4).

Шешуі:

1) 1,5 - 1,2 = 0,3 0,3 > 0 1,5 > 1,2

2) 0,25 - 0,4 = - 0,15 -0,15 < 0 0,25 < 0,4





Шешуі:

Х + 0,6 - ( х + 0,8) = х + 0,6 - х - 0,8= - 0,2

- 0,2< 0 х + 0,6 < х + 0,8

Шешуі:

1) а < в -3 < 0



Шешуі:

7 < 15 < 20

Шешуі:

Х + 0,5 - ( х - (-1)) = х + 0,5 - х -1 = - 0,5

- 0,5 < 0 х + 0,5 < х - (-1)

V.Қорытындылау

Бекіту сұрақтары: 1.Санды теңсіздік деген не? 2.a және b сандарының қайсысы үлкен, қайсысы кіші екенін қалай білеміз? 3.Координаталық түзуде үлкен сан кіші санның қай жағында кескінделеді? 4.Қатаң, қатаң емес теңсіздіктер деп қандай теңсіздіктерді атайды?

VІ. Үйге тапсырма.

Cанды теңсіздіктер.оқу № 889 ,№ 891 есеп

VІІ.Бағалау

Оқушылардың алған бағасын ескерту;


© 2010-2022