Урок по математике на тему Екі нүктенің арақашықтығы (6 сынып)

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспар.

Сыныбы: 6

Пәні: математика

Сабақтың
тақырыбы

3.6.т. Координаталық түзудегі

екі нүктенің арақашықтығы.

Жалпы
мақсаттар:

Координаталық түзудегі екі нүктенің арақашықтығы формуласымен танысып, есептер шығарып үйрену;
ұғымдардың байланысын аша білу және есептер шығарғанда тиімді пайдалана білу машықтарын дамыту;
Бағамдау-бағалау әрекетіне сыни көзқарастарын қалыптастыру.

Ресурстар:

Оқулық Математика 6 - сынып, І бөлім , Алдамұратова Т.А. т.б., проектор және ноутбук, сабаққа қажетті ресурстар, бағалау парақтары.


Әдіс - тәсілдер

Тәсілі : жеке, жұппен, топпен

Әдісі: АКТ, СТО,диалог, дарынды және талантты балалармен жұмыс.

Оқыту нәтижесі:

Есеп шығарудың тиімді жолдарын үйренеді, нәтижеге жету үшін жұмыс істейді. Оқушылар жекелеме,жұппен,топпен жұмыс істей отырып идея бөліседі, өнім жасалады, талдайды,жинақтайды, қортындылайды, бағалайды.

Түйінді идеялар

координаталық түзу, нүктелердің орналасуы, олардың арақашықтығы

Дерек көздер

Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер,интерактивті тақта, үлестірмелер.

Сабақтың кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру
кезеңі

2 минут

«Шаттық шеңбер», «ыстық алақан» құру арқылы оқушылардың ұжымдық жауапкершілігін қалыптастыру

Оқушылар біртіндеп алақандарын ұстап, қолын ұстаған оқушыға сәтілік тілейді

1 минут

"түрлі түсті конфеттер» таратып, 2 топқа бөлу өзін-өзі реттеу, жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру

Оқушылар берілген заттың түсі бойынша топтасады, өздерінің тобының атауына математикалық термин атауын алады.

Білу

5 минут

«Ыстық орындық» әдісімен бірнеше оқушыны шығарып, оқушылардың координаталық түзу бойынша білімін еске түсіру.

«ыстық орындықтағы» оқушыға сұрақ қояды,

оқушылар өткен тақырыптар бойынша өз беттерімен пысықтау сұрақтарын береді.

Түсіну

10 минут

Оқулық бойынша жаңа сабақ мазмұнын топтасып меңгеру бойынша бағыттайды.

Топтық жұмысты орындап, ережелерді жазады, мысалдарды талдап постер толтырады, қорғайды,

қарсы топтың жұмысын бағалайды.

Талдау

12 минут

Есептер шығару барысында логикалық ой-өрісін дамыту үшін « кубизм» әдісі бойынша есептер беріледі. № 550-552, 556-557 .

Оқушылар есептерді шешіп, қорғайды

Сергіту сәті

3 минут

Жасырын сөздер беріледі. «Бәйге» және « Поезд»

Әр топ қимылмен жасырын сөз бойынша топ болып мағынасын көрсетеді,

Қолдану

4 минут

Координаталық түзу бойынша нүктелерді әріппен және координаталармен белгілеу бойынша тапсырма беру

1 - топ. А(1), Е(-3), Д(-5), К(-1), Р(3), Т (5) нүктелерін түзудегі орналасу ретімен қойса әріптерден қандай сөз шығады ?

2 - топ. Координаталық түзуде Р(1596) және Д( 1650) нүктелерінің арақашықтығы қандай ?

Оқушылар әркім өз бетерімен тапсырма орындайды.

жауабына анықтама береді

1 - топ. Декарт

2 - топ. ( 1596- 1650). Рене Декарт 54 жыл өмір сүрген

Жинақтау

3 минут

Өзіндік жұмыс. Математикалық диктант

1. Екі нүктенің арақашықтығын табу үшін ..............

2. А(2015) және В( 2050) . АВ═

3. Алматы - Астана аралығы 950 км. Олардың арасында Шу бекеті бар. Алматы - Шу аралығы 345 км болса, Шу - Астана аралығы .................. км болады.

Тапсырмаларды орындап, тақтадан жауаптарын тексереді.

Рефлексия бағалау,

3 минут

Оқушылардың жауаптары бойынша жиынтық бағасын шығарады.

БББ кестесін және бағалау парақтарын толтырады.

Үй жұмысын беру.

2 минут

3.6.т. Координаталық түзудегі


екі нүктенің арақашықтығы.

№ 553-555

Күнделіктеріне үй жұмысын жазады

Алматы облысы Ақсу ауданы Қаракөз ауылы

Бижарас Садырбайұлы атындағы орта мектебінің

математика пәнінің мұғалімі Мухамадиев Тәңірберген Жұмаділұлы


© 2010-2022