Рационал сандарға амалдар қолдану

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітемін»

мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары

_____ ____________


Математика


6 «Ә» сынып

10. 12. 15

Сабақтың тақырыбы

Рационал сандарға амалдар қолдану


Сілтеме

Слайд

Жалпы мақсаты

Оқушыларға рационал сандарға амалдарды қолдануды түпкілікті түсіндіріп, бекіту, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.

Міндеттер


  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту

  • Өткен тақырыптарды оқушылардың бар білімдерін пайдалана отырып жеткізу

  • Амалдарды орындау дағдыларын қалыптастыру

Мұғалім үшін оқу нәтижелері

  • Оқушылардың аталған тақырыпты пысықтау

  • Оқушылардың өзін және топты бағалауға дағдыландыру

  • Есеп шығаруда ережелерді қолдана білу дағдысы қалыптастыру

  • Математикалық тілде сөйлеу қабілеттері.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар рационал сандарға байланысты амалдарды толық орындай алады. Ережелерін біледі, түсінеді. Жұппен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.

Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері

Топпен жұмыс, диалогтық оқыту, сұрақ-жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының «БББ» кестесі

Сабақтың көрнекілігі

слайдтар, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар


І. Ұйымдастыру кезеңі

Уақыты

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті


2 мин

Психологиялық дайындық

«Сабақ алдындағы көңіл күйім»

Оқушылар алдарындағы смайликтермен көңіл күйлерін білдіреді

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

3 мин


№ 632, 634 есептер бойынша оқушылар дайын үлгі жауап бойынша қателерін табады.


Бағалау парақшасы өзін-өзі бағалайды.

ІІІ. Тұсаукесер

5 мин

«Ой қозғау». Оқушыларға есеп беріледі:

Р (6) , А(-10), Ц(-28.8 ), И(6.8) ,О(-3) ,Н(50) , Л(-11.2), С(-2), Д(1.6), Ғ(-2.5), М(5), Қ(-1.2), У(-10.7)

«Рационал сандарға амалдар қолдану» тақырыбын ашу керек. Бүгінгі сабағымызда Қазақстанның асатанасы болған қалаларға саяхаттаймыз. Пойызға міну үшін алдымен билет беремін. Сондағы жазылған сандар бойынша топқа бөлінеміз


Оқушылар берілген есепті шығарып жаңа тақырыпты ашады


Оқушылар жазылған цифр бойынша топқа бөлінеді.

ІV. Жаңа сабақ


5 мин




Ең алғаш 1920-1925 жылдары Орынбор қаласы Қазақстанның астанасы болды.

«Ашық және жабық сұрақтар»

Жабық сұрақ -1 ұпай

Ашық сұрақ - 2 ұпай

  • Рационал сандар

  • Рационал сандарды салыстыру

  • Модул анықтамасы

  • Рационал сандарды қосу, азайту, көбейту және бөлу


Оқушылар интерактивті тақтада көрсетілген дайын жауаптар үлгісі бойынша өзін-өзі бағалайды.


V. Сабақты бекіту

5 мин

Келесі аялдама Қызылорда қаласы. 1925- жылы көктемде мемлекеттік басқару органы Сыр бойына көшірілді. 1929 жылы мамыр айына дейін Қазақ АКСР -і астанасы болды.

«Сиқырлы тізбек». Оқушыларға топтық жұмыс беріледі.

I Рационал сандарға амалдар қолдану

II Рационал сандарға амалдар қолдану

III Рационал сандарға амалдар қолдану

VI Рационал сандарға амалдар қолдану


Оқушылар топтық жұмысты орындайды және дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.

VI. Сергіту сәті

3 мин

Сергіту аялдамасы. Жұмыр қылыш.

Оқушылар билейді

VII.Деңгейлік тапсырма

15 мин

Саяхатымызды жалғастырамыз, пойызбен кезінде астанасы болған Алматы қаласына барамыз. Дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар

1997 жылы 20 қазанда Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғандығын ресми түрде жариялады.

1998 жылы 6 мамыр күні Президент жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып аталды.


Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

Қорытындылау

5 мин

«БББ» кестесін таратып беремін

БІЛЕМІН

БІЛДІМ

БІЛГІМ КЕЛЕДІ




Оқушылар кестені толтырады.

Бағалау.

Үйге тапсырма

2 мин

№ 639, 645, 650, 651

Топтағы оқушылар бірін-бірі бағалайды




© 2010-2022