Квадраттық теңдеу (8 сынып)

Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Казанка орта мектебі











Квадраттық теңдеу (8 сынып)

Тақырыбы: Квадраттық теңдеулерді пайдаланып есептер шығару

8- сынып





Өткізген: Аманжол Ардагүл













2014 оқу жылы

Алгебра. 8 сынып.

Тақырыбы: Квадрат теңдеулерді пайдаланып есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Квадрат теңдеулерді шешудің әртүрлі тиімді тәсілдерін үйрету, олардың ерекшеліктерін танытып, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ой-өрістерін кеңейтуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік жасау.

Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, өз бетімен жұмыс жасай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, есептер шығару

Көрнекілігі: Интерактивті тақта

Сабақтың жоспары :

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Ой толғау сәті (сұрақ-жауап)

  3. «Кім тапқыр?»

  4. «Кім шапшаң?»

  5. «Біліміңді тексер»

  6. «Ойлан , тап!»

  7. Қорытындылау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру ( 2 мин)

Сыныпты ретке келтіру, кезекшімен жұмыс

  • "Көтеріңкі көңіл күй"- атты тренинг (Әр бала берілген қасиеттердің ішінде қазіргі уақытта қандай қасиет бойларында бар және жолдастарына бүгінгі сабақта не тілейді?)

Берілген қасиеттер:

Өмірге риза болу Әділдік

Ұқыптылық Ашықтық

Кеңпейілділік Шыншылдық

Өзбетінділік Өзіне сенімділік

Ұжымдық Ақылдылық

Қарапайымдылық Сапалылық

Бауырмалдық Тіл табысушылық

Сыпайылылық Батылдық

Төзімділік Тұрақтылық

Сабырлық Еңбекқорлық

ІІ. Үй жұмысын тексеру ( 8 мин)

Теңдеуді шешу: Жауаптарын дәлелдеп тексеру.

Теңдеу

Теңдеу түбңрлері

1.

х2 + х -12 = 0

3 және -4

2.

х2 - 12х - 45 = 0

-3 және 15

3.

у2+ 8у +15 = 0

-3 және -5

4.

у2- 5у +6 = 0

2 және 3

ІІІ. Жаңа сабақ ( 20 мин)

Балалар біз квадрат теңдеуді шешуді білеміз. Есептер шығару кезінде формулаларды пайдалануды да білеміз. Бүгін біз алдыңғы сабақтардағы алған білімдерімізді көрсетуіміз керек.

1 кезең. Ой толғау сәті (әр сұрақ 1 ұпай)

Қайталауға арналған сұрақтар:

1.Квадрат түбірдің анықтамасы?

2.Қандай теңдеулер толымсыз квадрат теңдеулер деп аталады?

3.Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не ?

4.Виет теоремасын кім айтып, жазады?

2 кезең. «Кім тапқыр?» (әр жауап 2 ұпай)

Квадраттық теңдеу (8 сынып)

3 кезең. «Кім шапшаң?» (әр есеп 5 ұпай)

Оқулықпен жұмыс

№ 363 79 бет ( а-ж)

С деңгей: ( 6 ұпай)

4 кезең. «Ойлан , тап!» Есепті теңдеу құру арқылы шығару

1 қатар

2 қатар

3 қатар

Тікбұрышты үшбұрыштың катеттерінің бірі гипотенузадан 3 см кем, ал екіншісі 6 см кем. Гипотенузаны табыңдар.

Кинотеатрдағы бір қатардағы орындардың саны ондағы қатарлар санынан 8-і артық. Егер кинтеатрда барлығы 884 орын болса, ондағы қатарлар санын табыңдар.

Біреуінің екіншісінен 6 ауы артық екі натурал санның көбейтіндісі 187 тең. Осы санды табыңдар.

Д деңгей:

5 кезең. «Біліміңді тексер» ( 6 ұпай)

Теңдеудің түбірін іріктеп алу тәсілімен шешіңдер.

А) х2 - х - 12=0 Б) х2 + 16х + 63=0 В) х2+2х - 48 =0

ІҮ. Сабақты бекіту. ( 3 мин)

Квадраттық теңдеу (8 сынып)

Ү. Сабақты қорытындылау ( 5 мин)

(Бес жол өлең стратегиясы)

Зат есім: Не? Теңдеу

Сын есім: Қандай? Квадрат теңдеу

Етістік: Не істеді? Квадрат теңдеу шешіледі

Синоним: Белгісізі бар өрнек,теңдеу

Сөйлем: ах2+вх+сКвадраттық теңдеу (8 сынып)0 түріндегі теңдеу квадрат теңдеу болады.

Рефлексия ( 2 мин)

А) Бүгінгі орындалған тапсырмаларға баға берулеріңізді сұраймын. Сабақта саған қалай болды:

-жеңіл;

-бірқалыпты

-қиын.

Ә) Берілген материалды қалай меңгергенінді айт:

-толық меңгердім, қолдана аламын;

-меңгердім, бірақ қолдана алмаймын;

-аздап меңгердім

Б) Бүгінгі сабақта қай кезең ұнады ( кезеңнің атын жазу)

ІҮ. Үй тапсырмасы: № 365 , 80 бет. «Квадрат » сөзіне сөзжұмбақ құрастыру

ҮІІ. Оқушыларды бағалау. Үй тапсырмасын орындаған және сабаққа белсене қатысып практикалық жұмыстарды орындаған ұпайларына байланысты бағаланады.

  1. 6 - 10 ұпай - «3»

  2. 11 -18 ұпай - «4»

  3. 19 - 40 ұпай - «5»


© 2010-2022