Тапқырлар тартысы

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6-7 сыныптарға арналған « Тапқырлар тартысы» атты математикалық сайысымызға қош келдіңіздер.

Математика сырлары

Қызықтырады біздерді

Сайысқа бірге қатысуыға

Шақырамыз сіздерді.

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды аңықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену жалықпау,

Сәт сапар, тілеп бәріңе,

Сайысыты біздер бастайық.

Көрсетіңдер өнерді,

Қалмаңыздар жасқанып

Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

« Тапқырлар тартысы» өту барысы

І. «Іріктеу»

ІІ. «Ойымды жалғастыр».

ІІІ. «Практикалық есеп».

IV. «Тіл өнері»

V. «Құпиясын тап»

VI. «Ғажайып алаң»

Сайыстың құрылымы түсінікті болса , келесі кезекте «Іріктеу» кезеңіне кезек береміз. Бұл кезеңде сұрақтар қойылады. Жылдам тез жауап беру қажет.Дұрыс жауап берген оқушыға жұлдызшалар таратылып отырады.

І. Кезең Іріктеу

  1. Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сан? (1,2,3)

  2. Екеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? (4сағат)

  3. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)

  4. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр? (4)

  5. Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады?(400 кг)

  6. 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? (3мин)

  7. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг? (50 кг)

  8. Адамның 10 қолында неше саусақ бар? (50)

  9. Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма? (Жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады)

10.1, 3, 5, 7,9 қандай сандар дейміз?(тақ)

11.9 дың квадраты?(81)

12.Құрамында әріптері бар өрнек қалай аталады?(әріпті өрнек)

13. Бір тәулікте неше сағат? ( 24)

14.Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш?`(квадрат немесе шаршы)

15.0, 2, 4, 6, 8 қандай сандар дейміз? (жұп)

16.15- тің квадраты?(25)

Басталық ақыл ойдың дара кешін,

Халайық сендер бізге жақын келші.

Математика ғылымына ұмтылғандар,

Ірітеуден өткен оқушылар өздерін таныстырып өтеді

II. Келесі сайыс «Ойымды жалғастыр».Бұл сайыста мақал- мәтелдерді жалғастырады.

1.Жеті жұрттың тілін біл,(жеті түрлі білім біл)

2. Білікті бірді жығар,(білімді мыңды жығар)

3.Білгенің бір тоғыз(білмегенің тоқсан тоғыз)

4.Жеті рет өлшеп (бір рет кес)

5.Бір елу ауызға, (екі елі қақпақ)

6.Жүз сомың болғанша (жүз досың болсың)

7.Отыз тістен шыққан сөз(отыз елге тарайды)

8.Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

9.Бір кісі қазған құдыққа(мың кісі су ішеді)

10.Бір тал ексең,(он тал ек)

11.Айдағаның бес ешкі(ысқырғанын жер жарады)

12.Екі қошқардың басы, (бір қазанға симайды)

13.Бас екеу болмайды,(мал екеу болмайды)

14.Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,(төртеу түгел болса, төбедегі келеді)

15.Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да, (қарызыңнан құтыла алмайсың)

16.Бір жеңнен қол шығар,(бір жағадан бас шығар)

17.Екі жарты-(бір бүтін)

III. Енді әділ қазылар ұпайларыңызды есептегенше ,келесі сайысымыз

«Практикалық есеп» бұл сайыста лентадан көз мөлшермен 20см кесіп алу керек. Ауытқуы ең аз оқушы қосымша бір жұлдызшаға ие болады.

Келесі турға ұпай саны көп 3 оқушы өтеді.

IV. Қиындықтан өткізердей келе келесі кезекте «Тіл өнері» сайысы.Бұл сайысты жұмбақ жасырлады, жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тілдеріне аударыңыздар.

1.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.(сызғыш, линейка,a ruler)

2.Ел құлағы нешеу(елу, пятьдесять, fifty)

3.Отыз тістен шыққан сөз -неше рулы елге тарайды(отыз,трицать,sooty)

4.Қабат -қабат қаттама, ақылын болса аттама(кітап,книга,book)

5.Жиырма төрт батыр бірін -бірі жеп жатыр(дойбы,шашки,astrip)

6.Алды -артымыз шексізде,

Жете алмайсың біздерге

Сәуле мен кесінді

Шыққан тегін білесің бе?(түзу, прямая,straigt)

7.Нәрселерді санағанда ,

Керек біізге ауадай,

Айтындаршы бұл қандай сан

Жан -жағына қарамай(натурал сан,натуральные числа, real)

V.Келесі сайысымыз «Құпиясын тап».Оқушылар адасқан әріптерді құрастырып математикалық мағынасы бар сөздер құрастырады.

анс,үзтү, лельпарал,ларофму, ұбрыш, бешеңр, рвадкат, луеәс, мөлше, еңтуде.

Ең көп сөз құраса сол ойыншы қосымша бір ұпайға ие болады. Ұпайлар саны есептеледі.Финалға 2 оқушы шығады.

VI. «Ғажайып алаң»

Қорытындылау:Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз - дей отырып,

жеңімпазды анықтау үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін берейік.



© 2010-2022