Урок математики в 8 классе «Виет теоремасы»

Тақырыбы: Виет теоремасыТипі: жаңа білімді меңгеруМақсаты: Білімділік: Виет теоремасының дәлелдеуін көрсетіп, есептер шығарғанда                      пайдалануға жаттықтыруДамытушылық: ауызша, жазбаша есептеу алгоритмін орындау, квадрат                      теңдеу түбірлері арқылы теңдеу құру дағдыларын дамыту;Тәрбиелік: оқушылардың білімдерін дамыта отырып пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Сабақ түрі: практикалықСабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, оқу...              V.Жаңа білімді меңгеру1)       квадрат теңдеудің түбірлерін қосайық                 2)       квадрат теңдеудің түбірлерін көбейтейік  3)        екендігін көріп тұрмыз.Ендеше мынадай теорема шығады.Теорема: Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы қарама-қарсы таңбамен алынған екінші коэффициентке, ал көбейтіндісі бос мүшеге тең. Егер келтірілген квадрат теңдеудегі  белгілесек, онда                  ,                 . Осы теореманы Виет теоремасы деп аталады. D=0, Ви...
Раздел Математика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок математики в 8 классе «Виет теоремасы»Урок математики в 8 классе «Виет теоремасы»Урок математики в 8 классе «Виет теоремасы»

Тақырыбы: Виет теоремасы

Типі: жаңа білімді меңгеру

Мақсаты:

Білімділік: Виет теоремасының дәлелдеуін көрсетіп, есептер шығарғанда

пайдалануға жаттықтыру

Дамытушылық: ауызша, жазбаша есептеу алгоритмін орындау, квадрат

теңдеу түбірлері арқылы теңдеу құру дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік: оқушылардың білімдерін дамыта отырып пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: практикалық

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, оқулық.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2." Қайталау -оқу анасы" сиқырлы таяқ
1) Теориялық сайыс
2) Практикалық сайыс
3. "Тізбектей" ойыны

4. Кестедегі бос орынды толтыру
4. Жаңа тақырыпты меңгерту
5.Пысықтау

2.Топтармен жұмыс

1) Теориялық сайыс ( әр топқа теория сұрақтары жазылған слайд ашылады)

1 топтың тапсырмасы:

  • 1. Қандай теңдеу квадрат теңдеу деп аталады?

  • 2. Теңдеуді шешу деген не?

  • 3. Квадрат теңдеудің неше түбірі бар?

  • 4. Квадрат теңдеудегі а,в,с сандары қалай аталады?

2 топтың тапсырмасы:

  • 1. Толымсыз квадрат теңдеу деген не?

  • 2. Квадрат теңдеудің түбірлерінің санын қалай анықтаймыз?

  • 3. D>0, D=0, D<0 болса, онда квадраттық теңдеудің неше түбірі болады?

  • 4. Квадрат теңдеуді шешу үшін тағы қандай түрлендіру қолданылады?

3 топтың тапсырмасы:

  • 1. Квадрат теңдеудің формуласын жаз.

  • 2. Дискриминанты қандай әріппен белгілейміз және формуласын жаз.

  • 3. Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласын жаз.

  • 4. Келтірілген квадрат теңдеудің формуласын жаз.

4 топтың тапсырмасы:

  • 1. Келтірілген квадрат теңдеу деген не?

  • 2.в мен с-ның қандай мәндерінде ax²+bx=0 және ax²+c=0 теңдеулерінің түбірлер саны бірдей болады?

  • 3. Толымсыз квадрат теңдеудің формуласын жазу.

  • 4. Толымсыз квадрат теңдеулердің шешу жолдарын жазу.

2) Практикалық сайыс ( әр топқа слайд арқылы есептер беріледі)

Квадрат теңдеулерді шешу.

  1. топтың тапсырмасы

5x²−14x=0



  1. топтың тапсырмасы

-7 y²−4y+11=0

  1. топтың тапсырмасы

9x²−3x+2=0

  1. топтың тапсырмасы

3x²+10x+4=0

ІІІ. «Тізбектей» ойыны (топ мүшелері бірінен соң бірі жауап беру керек)

І топқа ІІ топқа ІІІ топқа

2x²+4x=0 x²+4x−6=0 3x²−5x+19=0

  1. теңдеу түрі 1) теңдеу түрі 1) теңдеу түрі

  2. коэффициенттері 2) коэффициенттері 2) коэффициенттері

  3. түбірін табу жолы 3) түбірін табу жолы 3) түбірін табу жолы

  4. Теңдеу неге олай 4) Теңдеу неге олай 4) Теңдеу неге олай

аталады аталады аталады

ІV топқа

3x²-6=0

  1. теңдеу түрі

  2. коэффициенттері

  3. түбірін табу жолы

  4. Теңдеу неге олай

аталады

ІV. Білімді жүйелеу

Тапсырма: Кестедегі бос орынды толтыр.

ах2 + вх +с =0, а > 0

с=0, в=0

х=

ах2 + вх=0

х ( ) =0

х =0 немесе

ах=

х=

в=0

= - с

х =

х =







V.Жаңа білімді меңгеру

  1. квадрат теңдеудің түбірлерін қосайық

Урок математики в 8 классе «Виет теоремасы»

  1. квадрат теңдеудің түбірлерін көбейтейік

Урок математики в 8 классе «Виет теоремасы»



  1. Урок математики в 8 классе «Виет теоремасы»екендігін көріп тұрмыз.Ендеше мынадай теорема шығады.

Теорема: Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы қарама-қарсы таңбамен алынған екінші коэффициентке, ал көбейтіндісі бос мүшеге тең.

Егер келтірілген квадрат теңдеудегі Урок математики в 8 классе «Виет теоремасы» белгілесек, онда

Урок математики в 8 классе «Виет теоремасы», Урок математики в 8 классе «Виет теоремасы».

Осы теореманы Виет теоремасы деп аталады.

D=0, Виет торемасын қолдануға болады ма?

Урок математики в 8 классе «Виет теоремасы»теңдеуінің D=0 жағдайында өзара тең екі түбірі бар және олардың әрқайсысы Урок математики в 8 классе «Виет теоремасы»-ге тең.

Бұл екі түбірді Урок математики в 8 классе «Виет теоремасы» және Урок математики в 8 классе «Виет теоремасы» формуласынан Урок математики в 8 классе «Виет теоремасы» деп ұйғарып, Урок математики в 8 классе «Виет теоремасы» аламыз. D=0 жағдайы үшін де Виет теоремасы дұрыс. Расында Урок математики в 8 классе «Виет теоремасы»

Виет теоремасына кері теорема да дұрыс.

Теорема. (Виет теоремасына кері теорема). Егер екі санның қосындысы -р-ға, ал олардың көбейтіндісі q-ға тең болса, онда ол сандар Урок математики в 8 классе «Виет теоремасы» теңдеуінің түбірлері болады.

VI.Жаңа материалды меңгергенін тексеру.

(Әр топтағы әр оқушыға номірленген тапсырма беру,барлығы орындап болғанын тексеру.Сосын номірлер бойынша топтап бір-біріне түсіндіру.)

І топ: Урок математики в 8 классе «Виет теоремасы» ІІ топ:Урок математики в 8 классе «Виет теоремасы»

№1 №1

№2Урок математики в 8 классе «Виет теоремасы» №2

№3 №3

№4 №4

ІІІ топ: Урок математики в 8 классе «Виет теоремасы» ІV топ: Урок математики в 8 классе «Виет теоремасы»

№1 №1

№2 №2

№3 №3Урок математики в 8 классе «Виет теоремасы»

№4 Урок математики в 8 классе «Виет теоремасы» №4



VII.Сөзжұмбақ шешеді.

Тапсырма: Егер дұрыс сөздерді тапса, онда француз математигінің фамилиясы шығады.

К

В

А

Д

Р

А

т

Д

И

С

К

Р

И

М

И

Н

А

Н

Т

К

О

Э

Ф

Ф

И

Ц

И

Е

Н

Т

Т

О

Л

Ы

М

С

Ы

З

Сұрақтар:

  1. ах+вх+с=0, (a=0) теңдеуі қалай аталады? (квадрат)

  2. Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласындағы түбір астындағы өрнек? (дискриминант)

  3. Квадрат теңдеудегі а және в. (коэффициент)

  4. Квадрат теңдеудің дербес түрі? (толымсыз)

VIII.Қорытынды .

Виет теоремасы

Кері теорема

Егер Урок математики в 8 классе «Виет теоремасы» теңдеуінің х1 және х2 сандары түбірі болса, онда х12=-р, х12=q болады.

Қандай да бір сан берілсін. Олар: х1, х2, р, q болсын. Онда Урок математики в 8 классе «Виет теоремасы» теңдеуінің х1, х2 сандары түбірі болады.

IX. Бағалау парағы (әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беру керек, соңында жалпы ұпай саны есептеледі)

Оқушы аты

Теория

лық

Практика

лық

«тізбектей»

ойыны

Бос орынды

толтыру

Жаңа тақырыпты меңгерту

Сөз

жұмбақ

Қорытын

ды







Х. Үйге тапсырма беру. № 120,125











Тақырыбы: «Эрудиттер» сайысы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.

Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, білімг қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: «Эрудит - 2010» деген лента, жеңімпазға берілетін сайыстың аты жазылған плакат. «Қызықты деректерге арналған» ұяшықтары бар плакат. Ойыншылар көтеретін номерлер. Оқушылардың сыныбы, аты жазылған алдарына қоятын қағаздар. «Із кесу» ойынына арналған сөз жазылған плакат. «Эрудит» оқушыға берілетін сыйлық.

Барысы:

1. Ойынның мақсатымен таныстыру.

2. Ойынның шартымен таныстыру.

3. Ойыншылармен таныстыру.

4. Жеңімпазды анықтау.

5. жеңімпазды марапаттау.

Ойынның шарты:

1 тур. Сен білесің бе? Математика тарихынан сұрақтар беріледі. Кім бұрын жауап берсе 5 ұпай алады.

2 тур. «Менің сүйікті авторларым» Әр ойыншыға бір сұрақтан қойылады, кітаптың авторын дұрыс тапқан ойыншы 10 ұпай алады. Жауап бере алмаса білетін ойыншы жауабын айтады. Оған 10 ұпай.

3 тур. «Қызықты деректер» Ұяшықтарда сұрақтар бар плакат ілінеді. Ойыншы өзіне ұнаған ұяшықты таңдап алады. Дұрыс жауап 10 ұпай.

4 тур. «Ізгі дәстүр» Әр сайыскер сандарға қатыстыұлағатты ұғымдар айтады. 10 ұпайдан 20 ұпайға дейін беріледі.

5 тур. «Кім көп біледі» «А», «Ш», «П», «С», «К» дыбыстарынан басталатын сөздерді көп білетін ойыншылар жауабына қарай ұпай алады. 5 пен 10 ұпай алады.

Ойыншыларды таныстыру.

Жүргізуші. Біредің жүрегінің түгі бар,

Біреудің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар.

Бәрінен де басты - барлығының,

Қатты істейтін миы бар.

Енді сайыскерлерімізді таныстырып өтейік.

Бүгінгі сайысымыздың әділқазылар алқасымен таныстырайық.

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздердей өренді.

Жеңістің мынау шыңына, - дей келе сайыскерлерімізге сәт - сапар тілейік.

1 тур: «Сен білесің бе?»

Сұрақтар.

1. Қосу және азайту (+,-) белгілерін 489 жылы «Шалтта ырайлы есеп» кітабында алғаш рет пайдаланған ғалым. (Я.Видман).

2. Қазіргі көбейту () бөлу ( таңбаларын ХҮІІІ ғасырда алғаш қолданған неміс ғалымы. (Г.Лейбниц).

3. Теңдік белгісі (=) алғаш қай жылы Р.Ренадтың «Алгебра» кітабына енгізілді (1557).

4. Алғаш мектеп күнделігі қай жылы - Ресейде пайда болды. Ол сол кезде-ақ мектептерде үй тапсырмасын жазу мен баға қою үшін қай жылы енгізілді. (1872).

5. Дж.Непердің логарифмдік таңбасы қай жылы жарияланды. (1614 ж).

6. Музыкалық аспаптың табиғи көлемінің жартысына тең музыкалық ішек кесіндісінің бір октаваға жоғары дыбыс шығаруға мүмкіндік туғызатынын ашқан. Жердің шар тәріздес екенін бірінші болып ұққан және дұрыс үшбұрыштардың әйгілі теоремасын дәлелдеген ғалым. (Пифагор).

7. Әлемге әйгілі бірінші математиктің есімі - Ахмес. Оның математикалық есептерге құрылған еңбегінің ұзындығы 6 метр (20 дут) папирус орамасы қай жылы жазылған? (Бэд.1700 жылы).

8. Қандай елде бірінші рет шеңбер 360о - қа бөлді? (Вавилон).

9. «Функция» термині ең алғаш рет кімнің қолжазбасында кездеседі? (Г.Лейбниц).

10. Геометрияда жаңалық ашқаны үшін Зевес құдайына жүз өгіз сойып құрбан еткен кім? (Пифагор).

2 тур. «Менің сүйікті авторларым».

1. «Эврика» кімнің еңбегі? (Архимед).

2. «Бастамалар» кімнің еңбегі? (Евклид).

3. «Хисаб ал - жабр уа - л - мукабаля» кітабының авторы. (Әл - Хорезми).

4. «Негіздер» кімнің еңбегі? (Евклид).

5. «Арифметика кілті» кімнің еңбегі (Әл - Каши).

6. 5 - 6 сыныптардағы математиканың авторы (Т.А. Алдамұратова).

7. « Білімділер тәжі» кітабының авторы. (Боскара).

8. «Ғылым тарихына кіріспе» кімнің еңбегі. (Сартон).

9. «Ғылымдардың тізбегі» (Әл - Фараби).

10. «Шар және цилиндр туралы. (Архимед).

3 тур. Қызықты деректер.

1. Сандарды бірді -І (таяқша), онды - П (кіпсен), жүзді - С (өлшеуіш жіп), мыңды - Урок математики в 8 классе «Виет теоремасы» (гүл жапырақ) деп белгілеген мемлекет. (Мысыр).

2. Адамның дене мүшелері арқылы 33-ке дейінгі санды өрнектей алатын австралиялық жабай тайпалар мекендейтін бұғаз. ((Торрес).

3. 1-9 дейінгі сандарды алфабиттің бастапқы тоғыз әріпімен белгілеген мемлекет. (Гректер).

4. Атақты Архимед заңын моншада ойлап тауып, қуанғаннан таптым! Таптым! Деп айқайлап, жалаңаш кешеге жүгіріп шыққан кітаптың атауы. (Эврика ).

5. Архимед ғажайып құрал жасап, римдіктердегі теңіздегі флотын өтеп жіберген. Ол, қандай құрал? (Айна, оптика).

6. Өзін шауып өлтіргелі келе жатқан солдатқа: «Сәл кідіре тұр, сызбамды сызып аяқтап алайын» - деп айтқан ғелым. (Архимед).

7. Ұзындық өлшемдер: 1 чп =10 цунь; 1 цунь=10 фэнь; 1фэнь= 10 ли; 1ли=10 фа; 1фа=10хало - ға тең қай мемлекеттікі? (Қытай).

8. Санаудың позициялық жүйесі деп аталатын, қазіргі жэаппай қолданып жүрген он таңбалы сан кімдерден келген? (Үнділіктерден).

9. Философия және жаратылыстану ғылымдары бойынша жүзден аса бағалы еңбек жазған ғалым. (Әл - Фараби).

10. Хорданы олар - «джива» - садақтың кермесі деп ал ған кімдер? (Үнділіктер).

4 тур. Ізгі дәстүр. Әр сайысқа (берілген кеспелер алып) сандарға қатысты ұлағатты ұғымдар айтады.

1.Үш санына қатысты. Үш алыс. Жер мен көк аралығы. Жас пен кәрі арасы. Жақсы мен жаман арасы. Үш із. Бала, Байлық,Бақыт. Үш ортақ. Ой,Күн,Жақсы. Үш бақыт. Халық, Тіл, Отан.

2. Екі санына қатысты. Екі ата, Адамата, Хауана. Екі мәңгілік. Ай мен күн. Екі сезім. Үміт, Сенім. Екі дүние. Бұл дүние - фәни, О дүние - бақи.

3. Төрт санына қатысты. Әлемнің төрт құраушысы. От, Су, Жел, Жер. Төрт ана. Туған жер, Туған тіл, Сал-дәстүр, Туған тарих. Төрт тірек. Иман, Намаз, Білім, Мейірімділік. Төрт кітап. Тәурат - Мұсаның кітабы, Зәбүр - Дәуіттің кітабы, Інжіл - Исаның кітабы, Құран - Мұхаммедтің кітабы.

4. Бес санына қатысты. Бес қару. Садақ, мылтық, Найза, Қылыш, айбалта. Бес мүше. Көз, құлақ, ауыз мұрын, тіл. Бес жақсы. Қара нан, жүйрік ат, қалың кейім, Алмас қылыш, Бұлғын ішік. Бес қатер. От, жау, борыш, ауру, сөз.

5. Алты санына қатысты. Алты ата - анасыз туған. Адамата, Хауана, Әзірет Ысмайыл, Әзірет Шиш, Әзірет Салықтың түйесі, Әзірет Иса. Алты игілік: Денсаулық, қазына, дос, әйел, білім, бала. Алты иман: Алла тағала Иман, Періштелер, Кітаптарға иман, Пайғамбарларға иман, Ақырет күніне иман, жазым мен қазаға иман. Алты асқар: Ақыл, білім, жомарттық, әділдік, шындық, кең пейіл.

6. Жеті санына қатысты. Жеті шәріп: (Жеті Әулие). Мекке, Мәдина, Бұхар, Шам, Қатым, Құддыс, кәләм (Құран). Жеті қазына: Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы (ит). Жеті ғалам: Шығы, батыс, оңтүстік, солтүстік, аспан (жоғары ғалам), жер (орта ғалам), жер асты (төменгі ғалам). Жеті күн: Бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күні, ауыр күні, соңғы күні. Жеті жұт: Құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба «ауру), соғыс, топан су, зілзала (жер сілкіну).

5 тур. Із кесу. Математикалық терминдер.

1. Геометрия терминінің мағынасы. (жер - өлшеу, грек).

2. Нөл - қай елдің не деген сөзі. (латын, Мисса - ешқандай, ештеңе емес).

3. «Градус» қандай сөзден шыққан? (латынның, gradus қадам басқыш).

4. «циркуль» - қандай сөзден шыққан? (циркус, латынша дөңгелек).

5. Цифр сөзінің мағынасы. (цифр, арабша бос орын).

6. Математика - сөзінің мағынасы. (матем, грекше ілім, ғылым).

7. Нтурал сан. (натура, латынша табиғат).

8. Метр - қандай сөзден шыққан? (метрон, грекше өлшем).

9. Фигура - сөзінің мағынасы. (фигура, латынша бейне кескін).

10. Арифметика - сөзінің мағынасы. (арифмос, грекше сан).

6 тур. Кім көп біледі. Ақырғы 3 ойыншы жарысады. А . Ш. П. К. С. Әріптерінен біреуін таңдап алып математикалық сөздерді айтады.

А. Аргумент, арифметика, авсиса, аксиома, айқас.

К. Көбейту, конус, куб, кесінді, көлем, кескін.

С. Синус, сүйір, стереометрия, сектор, сәуле, сегмент, синусайда.

П. Птрамида, планиметрия, параллель, Пифагор, плюс, порабола, паралипипед, перпендикуляр.

Ш.Шеңбер, шаршы, шар, шексіздік,

Қорытынды. Сайыс соңында қазылар алқасы ойын жеңімпазын анықтап, 4белсене қатысқан оқушылар марапатталады.









Тақырыбы: Озық ойлы оқушы

Мақсаты: Дарынды оқушыларды табу, олардың қабілеттерін ашу, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету. Сергектік, зеректіктерін дамыту, есеп шығару арқылы қабілеттерін анықтау.

Көрнекілігі: Әр пәнге мінездеме берілген плакаттар ілу, әр ойынға қатысты карточкалар.

Барысы:

1-жүргізуші: Ал, қанекей қаралық,

Математика тілінде,

Мына жақта жаңалық

Есеп шешіп жарысып,

Бүгінгі кеш төрінде,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Математика еліне

Шабыт тасып шалқысып.

Есеппенен ән салып,

Көңілді кеш жасайық.

Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар сіздерді «Озық ойлы оқушы» атты кешті тамашалауға шақырамыз.

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

Біреуінің күмбірлеген күйі бар, Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.

2 - жүргізуші. Екі топты ортаға шақырамыз.Кешіміздің өтілу тәртібін таныстырайын: Ойын 10 турдан тұрады. Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушылар 1 ұпайдан алады.

1.Таныстыру. 2.Бәйге 3.Кім жылдам? 4.Үй тапсырмасы 5.Полиглот 6.Егер мен... 7. Ойындар 8.Айтыс 9.Оқушылар қойылымы 10. Капитандар сайысы

Әділқазылар алқасымен таныстырамыз.

1-жүргізуші: «Біліп қою аз, сол білгенді істеп, қолдана білуің керек.Ниеттену аз ғана, сол ниетіңді іске асыруың керек» депті неміс жазушысы Гете.

1-тур: Таныстыру

І - топ: «Алғырлар»

ІІ - топ: «Тапқырлар»

2-жүргізуші: Математика пәнінің химия,тарих және география пәндерімен байланысы жайлы сөз етейін.

Қиын пән химия арқа сүйер,

Реакция теңдеуін құрған кезде.

Тарих пен география карталары, Масштабпенн жасалар білгендерге.

2 - тур. «Бәйге»

Шарты: Топтың әр оқушысының білімін тексереміз.Әр дұрыс жауап 1 ұпай.

Алғырлар тобына:

  1. Алманың жартысы неге ұқсас?

Жауап: Екінші жартысына.

  1. 2,5 таяқтың неше ұшы бар?

Жауап: 6 ұшы бар

  1. 60-ты 0,6-ға бөлсең қанша?

Жауап: 100

  1. Бір таңбалы санға дәл сондай санды тіркеп жазса, неше есе өседі?

Жауап: 11 есе

  1. Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу

Жауап: параллель

  1. Тік бұрышты үшбұрыш туралы теорема?

Жауап: Пифагор

  1. Тригонометриялық функция таңбаларын ата?

Жауап: sin, cos, tg, ctg

  1. Екі санның қосындысының квадраты?

Жауап: (а+в)22+2ав+в2

Тапқырлар тобына:

  1. Косинустар теоремасын жаз?

Жауап:

  1. 35 нешеге тең?

Жауап:243

  1. Күн көзі жылына неше рет шығады?

Жауап: 365

  1. Қандай үш таңбалы сандардың қосындысы олардың көбейтіндісіне тең?

Жауап: 1,2,3

  1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш қалады?

Жауап: 5 бұрыш

  1. 7400 қай ширекте орналасқан?

Жауап: 1

  1. Көпбұрыш қабырғаларының қосындысы?

Жауап: Перимаетр

  1. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу?

Жауап: Перпендикуляр

1-жүргізуші: Математика пәнінің физикамен байланысы туралы.

Физика жақын туыс мына бізге, Қозғалыс, энергия, қуат, күште. Біздерсіз есептелу мүмкін емес Жария ғып айтайықшы мұны бізде.

«Білімді біреуден-біреуге ыдыстан - ыдысқа құйғандай құюға болмайды» деп Платон айтыпты.

2-жүргізуші: Математикалық атаулар мен ұғымдар,

Есте болар құрбылар бәріңнің де. Енді бір сәт сол жайлы сұрақ шешсек Артық болмас басталық, Қане, жақсы ұғыңдар.

3-тур: «Кім жылдам?»

1-жүргізуші:

Бір нәрселерді санағанда, Керек бізге ауадай. Айтыңдаршы бұл қандай сан? Жан-жағыңа қарамай.

(Натурал сан)

2-жүргізуші:

Оң сандарға қол шатырдай Қалпақ болған беделі Квадратасаң егер оны, Жоғалтпассың сен оны.

(Квадрат түбірі)

1-жүргізуші:

Бүтін сан, бөлшек сандар. Барлығы да бар онда. Бұл қандай сан айтыңдаршы, Оң, теріс сандар бәрі сонда.

(Рационал сандар)

2-жүргізуші:

Нүктеден екі сәуледен құралған,

Айтшы бұл не екенін?

(бұрыш)

1-жүргізуші:

Екі бұрыш ежелден, Көрші болған ең тату Бірін-бірі толықтырған Жазыңқыға бар жақын?

(Сыбайлас бұрыш)

2-жүргізуші:

Екі түзу қатар жүріп, Үшіншісін қияды, Сонда шыққан бұрыштарды, Кімдер айтып жияды?

(айқыш, сәйкес,тұстас)

1-жүргізуші: Математика пәнінің табиғаттану, биология, әдебиет, пәндерімен байланысы жайлы. Табиғатты тану мен биология, Ауа райын өлшейді күн қызуын, Мақтанбаймын бұған да қатысы Өсімдіктер өседі шашып бүрін. Шабыттанып шалқытқан ақын сөзі. Құлағын сал біздерге нақыл сөзі, Өлең құрау тұрған бір есеп екен Төрт амалға бағынар заңды жүзі.

4-тур. «Үй тапсырмасы»

І-топ. Алғырлар тобы Пифагор туралы, оның еңбегі жөнінде баяндама оқиды, қабырға газеті, сөзжұмбақ, сөз суреттер т.б. шығарады.

ІІ-топ. Тапқырлар тобы Архимед туралы және оның еңбегі жөнінде баяндама оқиды. Қабырға газеті, сөзжұмбақ, сөз суреттерін т.б. көрсетеді.

2-жүргізуші:

Ән әуені тактымен есептелер, Әнді айтып ырғақпен тербелгенде.

Сызу, сурет бұлардың тармақтары Өлшеу салу бұлардың қармақтары, Дене шынықтыру сабағы Жарыс сәтін есептеп салмақтады Иә, шынымен де «Ғылым матетматиканы пайдалану арқылы жетіледі» деп Карл Гаусс бекер айтпаған.

5-тур: «Полиглот»

Шарты: Берілген ойды аяқтап, орысша, ағылшынша шешуін айту керек.

1.Табиғат тілі -математика ......... (Тіл-язык-language)

2.Математика ғылымдардың ...... (Патша-царь-king)

3.Математик.... жанды болуы керек. (Ақын- поэт-poet)

4. Берген сауап- садақа, қасиетті ... (Жұмада - пятница- Friday)

5.... Намаз үйреткен таяқ. (Аюға-медведь-beer)

6.... сүйсең, менше сүй. (Ән - песня-song)

6-тур: «Егер мен....»

1-топ: Темекінің зияны туралы айту. 2-топ: Арақтың кесірі туралы айту.

7-тур: «Айтыс»

Шарты: Екі топ математика пәнінің аптасына 4 сағат болуының пайдасы мен зияны туралы айтысады.

1-жүргізуші. Бүгінгі кеште талай шабыт шыңдалды. Кеш қызығын талай адам тыңдады, Тәрбиелер тәлімі мол, әсерлі Болдса егер көңілі жақын тыңдады.

2-жүргізуші:

Бүгінгі кеш қызықты кеш Көрермендер халайық Ой-түйсікті қозғап небір Көрініске назар салайық.

Оқушылар қойылымы көрсетіледі.

8-тур. «Капитандар сайысы»

Капитандардың күш сынасуы көрсетіледі.

Екі жүргізуші:

Көңіл бөліп бұл кешке

Келгендерге көп рахмет

Шын сезінген көрерменге,

Мың рахмет, мың рахмет.



© 2010-2022