Қосу және азайту амалдарының байланысы

Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту амалдарының байланысы. Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Қосу мен азайту арасындағы өзара байланысты балаларға көрсету; Мысалдар төрттігін құрастыруға үйрету. 2.Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабіліеттерін дамыту. 3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ -жауап, ізденушілік Сабақтың көрнекіліктері: сандар, Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі І. Психологиялық дайындық Күнде шат күліп күн, Шаттанамыз бәріміз. Өм...
Раздел Математика
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту амалдарының байланысы.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Қосу мен азайту арасындағы өзара байланысты балаларға көрсету; Мысалдар төрттігін құрастыруға үйрету.

2.Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабіліеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ -жауап, ізденушілік

Сабақтың көрнекіліктері: сандар,

Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі

І. Психологиялық дайындық

Күнде шат күліп күн,

Шаттанамыз бәріміз.

Өміріміз көңілді,

Мәңгілік достықпен,

Мақтанамыз бәріміз.

ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.

Ауызша жұмыс: 50 бет.

«Бір немесе көп затты тап», «Сандарға реті бойынша өз орнын табуға көмектес» .

IІІ. Жаңа материалмен таныстыру

Жаңа материалды оқып - үйрену.

1)3 қызға тағы 2 қыз келіп қосылды. Неше қыз болды?

2) Егер 2 қыз кетіп қалса, неше қыз қалады? Мұны қандай амалмен көрсетуге болады? ( 5-2 =3 ). Ал егер 3 қыз кетіп қалса ше. (5-3 =2).

Оқулықтағы №1 талдау.

№2 -ні дәптерге орындау

3+2 3+1 1см+4см

2+3 1+3 4см + * см

5-3 4-3 5см - * см

V. «Ойлан, тап » ойын

№3 ауызша орындау.

Сандар құрамын айту.

2 3 4 5

Тұрғындардың мекен жайын анықтайтын тапсырмамен №4 оқушылар алғаш рет кездесіп тұр. Тұрғындардың орналасуын дұрыс айтуға үйрету керек- алдымен подъезді, содан соң қабатты анықтайды.

№5 тапсырмадағы сурет бойынша ұжыммен тақтада өрнек құрастыруға болады.

VI.Сергіту сәті.

Қорбандаған аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп -теріп алайық

Қалтамызға салайық

VII.Дәптермен жұмыс 41 бет №1 тапсырма оқулықтағы №1 -ге ұқсас. алдымен 1 суреттегі бос торкөздерді сандармен толтырады. Амал компонент-терінің атауларын пайдалана отырып, өрнектерді оқиды.

Содан кейін балаларға екі түрлі түсті қарындашпен қоршаудың ішіне дөңгелек (үшбұрыш) сызу ұсынылады. Қосу мен алу компоненттерімен өзара байланыс орнатылады.

№ 3 тапсырма орындатылады.

Өздік жұмыс №4 -42 бет. Берілген сандардың құрамын нүктелер арқылы көрсету.

VIIІ.Сабақтың қорытындысы.

ІХ. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау

© 2010-2022