Математика пәнін деңгейлеп оқыту

Раздел Математика
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика пәнін деңгейлеп оқыту


Бүгінгі таңда білім жүйесінде көп нұсқалы білімнің өміршеңдігі мойындалып отыр. Осыған сәйкес жалпы орта білім беретін оқу орындарында жаңа деңгейлі әдістемелерді қолданып түрлендіріп өткізу заманның басты талабы. Білім алушының дүниетанымын қалыптастыру, өнегелік, эстетикалық және шығармашылық қабілетін дамыту үлкен рөл атқарады. Осындай сабақ өткізудің түрі «Деңгейлеп оқыту». Бұл әдісті міндетті оқу біліміне қарай есептерді оңайынан күрделіге қарай саралаймыз.

1-деңгей - барлық оқушылар үшін меңгеруге міндетті.

2-деңгей - одан күрделілеу білімін тереңдету мақсатында қолданамыз.

3-деңгей-озат, дарынды оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін қажет.

Бұл әдістің бірінші сатысында жаңаны, өзгеше тың дүниені сезіне білу, қарама-қайшылықтарды түсіне білуде сезімталдық, сындарлық, танымдық қызығушылық. Екінші сатысында әдемілікті сезіне білу, сөз тапқырлығы, батылдық, ой қызметінің ерекшелігі. Үшінші сатысында өзіндік сын, дәлелдеме, дәйектемелер ұсына білу формаларына жетелейді.

Бұл әдісте білім алушының ойлауын, елестету және есте сақтау қабілетін, ынтасы мен белсенділігін арттырады. Шаталовтың тірек сигналдарын, математикалық диктантты көптеп қолдануға болады. Бұл әдісте сонымен бірге проблемалық ситуация туғызып, шығармашылығын дамытуға әсері бар.

Осы әдіс арқылы «у=Математика пәнін деңгейлеп оқыту функциясы және оның графигі» тақырыбын деңгейлеп оқыту тәсілімен беруге болады.

Сабақтың тақырыбы: у =Математика пәнін деңгейлеп оқыту функциясы және оның қасиеттері мен графигі.

Сабақ мақсаты: Білім алушыларды у =Математика пәнін деңгейлеп оқыту функциясымен, оның графигі

нің салыну тәсілімен таныстыру; у=Математика пәнін деңгейлеп оқыту функциясының графигін салу, қасиеттерімен таныстыру; есеп шығаруға қолдану.

Сабақ міндеттері: у=Математика пәнін деңгейлеп оқыту функциясының графигін салу арқылы сандарды салыстыра білу, қарапайым теңдеу шешуге қолдану.

Тәрбиелік мақсаты: Білім алушыны графикті тануға үйрету, шығармашылы- ғын дамыту, эстетикалық және ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: Білім алушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, практикамен ұштастыруға үйрету.

Көрнекі құралдар: Кестелер, графиктер, формулалар.

Дайындық сатысы:

І.Ұйымдастыру.

ІІ.Үйге берілген тапсырманы аралай жүріп тексеру, сұрақтар қою арқылы

жауаптар алу.

ІІІ.Білім алушыны жаңа сабаққа даярлау.

Жаңа сабақ тақырыбын тақтаға жазып, білім алушыларға мақсатын хабарлау:

у =Математика пәнін деңгейлеп оқыту функциясының графигін саламыз, қасиетімен танысамыз, есеп шығаруға қолданамыз.

І кезең. Сабақ мақсатын қойған соң, білім алушылармен ауызша есептеу жұмысын жүргіземіз. Есеп шығару барысында, ондық үлеске дейін жуық мәнін алу керектігі ескертіледі.

ІІ кезең: Жаңа сабақты меңгерту:

1. у =Математика пәнін деңгейлеп оқыту функциясының графигін сызу үшін:

а) функциясының анықталу облысын табыңыз

(білім алушыларды осы функция тек оң мәнінде анықталатындығына баса назарын аудару керек)

ә) кестені толтыру

(білім алушылар дәл мәнін тез тауып, жуық мәніне калькуляторды қолданады) .

б) координат жазықтығына кестеде берілген нүктелерді белгілеп графигін сызу:

Математика пәнін деңгейлеп оқытуМатематика пәнін деңгейлеп оқытуМатематика пәнін деңгейлеп оқыту

Қасиеттері.

(Қасиеттерін анықтау үшін білім алушылардың өзіне проблемалық сұрақтар қойылады)

Оқытушы көмегімен бұл функцияның графигі у=х2 функциясының графигіне у=х түзуіне қатысты симметриялы екені айтылады. Соңында Математика пәнін деңгейлеп оқыту>Математика пәнін деңгейлеп оқыту екенін растаймыз.

ІІІ кезең бойынша білім алушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі:

І деңгейлік есептерді білім стандартына сәйкес барлық білім алушылар білуге міндетті.Білім алушының білімін ұпай арқылы бағалаймыз.

І деңгей. (5 ұпай)

№1есеп. у =Математика пәнін деңгейлеп оқыту функциясын пайдаланып мына сандарды салыстыр.

Білім алушыларды сергіту мақсатында осы тақырыпқа сәйкес сөзжұмбақтар шешкізуге болады.

ІІ деңгей. (10 ұпай)

№2 есеп. у =Математика пәнін деңгейлеп оқыту функциясын пайдаланып мына сандарды салыстыр.

№3 есеп. у =Математика пәнін деңгейлеп оқыту функциясының графигін келесі түзулер қия ма? Егер қиятын болса, онда қандай нүктеде қияды?

ІІІ деңгей. (15 ұпай)

№4 есеп. Теңдеуді шешу.

№5 есеп. Графигін сызу

Бекіту: Білім алушылардың білімдерін бағалау қажет. Әрбір білім алушының қолында өз білімін байқау үшін, бақылау параметрі бар.Деңгейлік есептерге және сұрақтарға жауап берген білім алушыға « + » , қате жауап бергкн білім алушыға «-» пен белгілеп отыруға болады.

р/с

Аты-жөні \ сұрақтар

1 деңгей

2 деңгей

3 деңгей

1

2

3

4

1

2

3

4

1

2

3

4

1

+

+

+

+

+

+

+

-

+

-

+

+

2

+

+

+

-

+

-

+

+

+

+

+

-

...





Оқытушы білім алушының білімін үнемі қадағалап отырады да, мониторинг арқылы нәтижесін көрсетіп отырады.

Деңгейлеп оқыту идеясын жүзеге асыру жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Білім алушының ойлауын, елестету мен еске сақтуын, ынтасын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасын дамыту мақсатында деңгейлік тапсырмалар жүйесімен білім алушының қабілетіне, берілген тапсырмаларды жүзеге асыруда жұмыс жасау шапшаңдығына сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді.


Жақия Шайжүнісов атындағы электронды колледжінің

«математика» пәнінің оқытушысы Жомарт Әсел Жомартқызы

© 2010-2022