Сабақ жоспары виет теоремасы

Раздел Математика
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Виет теоремасы.

Сабақтың мақсаты:

1) Оқушылардың квадрат теңдеулерді Виет теоремасы арқылы шешу дағдыларын жетілдіру.

2) Оқушылардың ойларын жеткізе білуін қалыптастыру және ой-өрісін дамыту.

3) Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу.

Сабақтың өту әдісі: Деңгейлеп, саралап оқыту.

Сабақтың түрі: Біліктілік пен дағдыны игеру және қалыптастыру сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Плакатта жазылған есептер, карточкалар, кестелер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.№149

х1 + х2 = - p,

х1 х2 = q

Виет теоремасын қолдану арқылы квадрат теңдеуді х2 + pх + q = 0

түрінде жаздық.

ІІ. Сабақтың құрылымы:

Бірінші деңгей: (ауызша сұрақтар)

  1. Квадрат теңдеудің анықтамасын кім айтады?

  2. Қандай теңдеулер толымсыз квадрат теңдеулер деп аталады?

  3. Қандай теңдеулер келтірілген квадрат теңдеулер деп аталады?

  4. Квадрат теңдеулерді шешудің формуласы қалай жазылады?

  5. Дискриминантты табудың үш жағдайы

  6. Виет теоремасы қалай жазылады?

Екінші деңгей: ( тест)

Мақалдардың жалғасын тап.

а) х2 - 8х + 7 = 0

х1 + х2 = 8, х1 х2 = 7

х1 = 1, х2 = 7

Жеті рет өлшеп, ( бір рет кес)

ә) х2 - 11х + 10 = 0

х1 + х2 = 11, х1 х2 = 10

х1 = 1, х2 = 10

Бір тал кессең, ( он тал ек)

б) х2 - 9х + 8 = 0

х1 + х2 = 9, х1 х2 = 8

х1 = 1, х2 = 8

Жігіт бір сырлы, ( сегіз қырлы)

в) х2 - 70х + 1200 = 0

х1 + х2 = 70, х1х2 = 1200

х1 = 30, х2 = 40

Ұлға 30 үйден, (қызға 40 үйден) тыю.

Үшінші деңгей: Әр есептің жауабын таңдау.

А) х2 - 2х - 35 = 0 1) х1 = 1, х2 = 7

Ә) х2 + 4х + 3 = 0 2) х1 = -5, х2 = 3

Б) х2 - 8х + 7 = 0 3) х1 = -1, х2 = -3

В) х2 + 10х - 11 = 0 4) х1 = -5, х2 = 7

Г) х2 + 2х - 15 = 0 5) х1 = -11, х2 = 1

Жауабы: А - 4, Ә - 3, Б - 1, В - 5, Г - 2.

Төртінші деңгей: Кітеппен жұмыс №148

1)х2 - 5х + 6 = 0 5) х2 - Сабақ жоспары виет теоремасых + Сабақ жоспары виет теоремасы = 0 9)х2 -2х + 1 = 0

2)х2 - 8х + 12 = 0 6) х2 - 0,6х + 0,08 = 0 10) х2 - 5х = 0

3) х2 - 8х + 15 = 0 7) х2 - 4х + Сабақ жоспары виет теоремасы = 0 11) х2 - х = 0

4)х2 - 3х + 2 = 0 8) х2 - Сабақ жоспары виет теоремасых + Сабақ жоспары виет теоремасы = 0 12) х2 - 10х + 25 = 0

Ү. Сабақты қорытындылау.

Квадрат теңдеуді шешудің әр түрлі әдістеріне тоқталу.

ҮІ. Үйге тапсырма беру: № 150

ҮІІ. Оқушылар білімін бағалау.



© 2010-2022