Тапқырлар эстафетасы

Сынып: 6Сабақтың тақырыбы: «Тапқырлар» эстафета. (Математикалық кеш ) Сабақтың мақсаты:Ауызша тез есептей білуге, тапқырлыққа, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Белсенділікке, ізденімпаздыққа үйрету.Көрнекіліктер:Магнит тақта, қалам, тапсырмалар, интерактивті тақта, нақыл сөздер, спорттық ойындар, спорттық құралдар.Сабақтың барысы:Ұйымдастыру барысы.Сайыс кезеңдері:1 - ойын: Секіртпемен жүгіріп барып, тақтада есеп шығару.2 - ойын: Допты жерге соға жүріп барып, берілген сандарды салыстыру.3 - о...
Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: «Тапқырлар» эстафета. (Математикалық кеш )

Сабақтың мақсаты:

Ауызша тез есептей білуге, тапқырлыққа, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Белсенділікке, ізденімпаздыққа үйрету.

Көрнекіліктер:Магнит тақта, қалам, тапсырмалар, интерактивті тақта, нақыл сөздер, спорттық ойындар, спорттық құралдар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру барысы.

Сайыс кезеңдері:

1 - ойын: Секіртпемен жүгіріп барып, тақтада есеп шығару.

2 - ойын: Допты жерге соға жүріп барып, берілген сандарды салыстыру.

3 - ойын: Шеңберді домалата жүріп барып, берілген сандарды жазу.

4 - ойын: Аяқ арасына шар қыстырып жүріп барып, өлшем бірліктерді дұрыс табу.

5 - ойын: топ басшылар сайысы (10 сұрақ)

Жүргізуші:

Бүгінгі білімді оқушыларды анықтайтын, білімге қызығушылығын арттыратын математикалық эстафета атты танымдылық ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Қош келіпсіздер құрметті оқушылар, қонақтар! Сіздер бүгін математика жайлы көптеген мағлұматтармен танысасыздар. Математика адам ойы арқылы ғана жүзеге асады. Сондықтан математика адам ойын тәртіпке келтіретін ғылым деп саналады. Қазір біз сендердің бойларыңдағы қабілеттеріңді шыңдауға математикалық сайысымызды бастаймыз.

Ойынымызды бастамас бұрын әділқазы алқасымен таныс болайық.

------------------------------

Сайысқа қатысқалы отырған оқушылар, сендерге тек шапшаңдық, ұқыптылық, шыдамдылық талап етіледі. Сіздерге сәттілік тілеймін. Алдарыңызда бүгінгі сайысқа қатысатын "Сұңқарлар" және "Тұлпарлар" тобы, әр топтың алты мүшесі бар және топ басшысы бар.

Екі топтың сәлемдесуі.

Сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар.

1 - ойын: Секіртпемен жүгіріп барып, тақтада есеп шығару.

54+(- 12)=

160 -(- 55)=

80∶(- 0, 4)=

6∶0, 3=

137+163=

302∙0, 2=

- 27+43=

- 156+14=

60∶(- 0, 3)=

5∶0, 5=

127+193=

204∙0, 2=

2 - ойын: Допты жерге соға жүріп барып, берілген сандарды салыстыру.

- 13 *0;

0, 42 *0, 04;

- 5 *0;

96∶12 *72∶9;

100 - 72 *64∶4;

204+408 *712;

18 *(- 20);

(- 0. 45)*(- 0, 54);

0 *(- 4);

3, 6∶0, 9 *4;

40+32 *600∶15;

205+405 *710;

3 - ойын: Шеңберді домалата жүріп барып, берілген сандарды жазу.

Ең кіші төрт таңбалы сан:

Ең үлкен төрт таңбалы сан:

Ең кіші екі таңбалы сан:

Сегізге қарама қарсы сан:

Сегізге кері сан:

Теріс беске қарама қарсы сан:

Ең кіші үш таңбалы сан:

Ең үлкен үш таңбалы сан:

Ең үлкен екі таңбалы сан:

1/4 - ке қарама қарсы сан:

1/4 - ке кері сан:

18 - ге кері сан:

4 - ойын: Аяқ арасына шар қыстырып жүріп барып, өлшем бірліктерді дұрыс табу.

1 кг = г;

1 дм = см;

2 саг 10 мин = мин;

2 м 12 см = см;

4 апта = ай;

1 жыл = күн;

1 м = см;

2 саг = мин;

2 км 10 м = м;

2 дм 15 см = см;

2 апта = ай;

1 гасыр = жыл.

Жанкүйерлерге жұмбақтар мен қанатты сөздер жасыру.

1. Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

Сегіз тұяғы бар,

Иегінде сақалы бар. (Ешкі)

2. Жүз мүйізі бар, үстінде киізі бар. (Киіз үй)

3. Адамға келген он бәленің тоғызы - [тілден]

4. Он мың сөздің түйінін,

Екі айнасы бар, екі найзасы бар,

Төрт сылдырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар.(Сиыр)

5. Жүз сомың болғанша, [жүз досың болсын]

6. Жігітке [жетпіс өнер де аз].

7. Екі елі ауызға, [төрт иелі қақпақ]

8. Ерден ердің несі артық - [бір ауыз әділ ауыз сөзі артық]

5 - ойын: топ басшыларына сұрақ информатика және математика пәні бойынша. (топ басшылар сайысы)

"Сұңқарлар" тобы

  • Бұрыс бөлшек (алымы бөлімінен үлкен бөлшек)

  • Интернет дегеніміз не? (бүкіл әлемдік желі)

  • Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де алтыға тең. Ол қандай сандар? (1, 2, 3)

  • Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (түйеқұстар ұшпайды)

  • Елуді екіден бірге бөліп, үшті қосқанда нәтижесі неге тең?

"Тұлпарлар" тобы

  • Пропорция (екі қатынастың теңдігі)

  • Екі адам төрт сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (төрт сағат)

  • Шанаға қосарланып жегілген үш ат отыз км жүріп өтті. Әр ат неше км жүріп өтті? (отыз км)

  • Дұрыс бөлшек (алымы бөлімінен кіші бөлшек)

  • Ең кіші жай сан? (екі)

Қорытынды сөз:

Осымен сайысымызды аяқтаймыз. Осы кештен көп әсер алды деп ойлаймыз. Ойларыңыз толысып, үлкен жетістіктерге жете беріңіздер. Зейін қойып, ойларыңызбен бөліскендеріңізге рахмет.

© 2010-2022