Математика Екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдері

Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдері.

Мақсаты: Оқушыларға екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдерін тиянақтауға, теңдеу құрастырып шешімін табуға үйретуге мүмкіндік жасау; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; білімділікке, дәптермен жұмыс жасау барысында тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, есептеу, салыстыру.

Көрнекілігі: жолақшалар, суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушылардың құрал - жабдықтарын түгендеу.

Балалар, бір - біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Балалар, бүгін біз екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдерін қайталаймыз. Екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдерін кім қалай меңгергенін байқап көреміз.

ІІІ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс: 1 - жаттығуда мысалдарды тиімді тәсілмен, әрі тез есептеу.

550+49=599

458 - 59=399

670+99=769

700+599=1299

730+399=1129

760+598=1358

5700+999=6699

5500+499=5999

1005+999=2004

4680 - 598=4082

46800 - 5999=40801

468000 - 59999=408001

2 - жаттығуда екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу, тексеру.

72: 24=3

80: 6=15

90: 18=5

68: 17=4

84: 21=4

64: 16=4

93: 31=3

76: 19=4

70 • 2+х=3500+120

70•2+х=3620

140+х=3620

х=3620 - 140

х=3480

70 • 2+3480=3500+120

3620=3620

х+2400: 60=310+5000

х+2400: 60=5310

х+40=5310

х=5310 - 40

х=5270

5270+2400: 60=310+5000

5310=5310

9000: 30 - х=300 - 130

9000: 30 - х=170

300 - х=170

х=300 - 170

х=130

9000: 30 - 130=300 - 130

170=170

7500 • 2 - х=1250•2

7500 • 2 - х=2500

15000 - х=2500

х=15000 - 2500

х=12500

7500 • 2 - 12500=1250•2

2500=2500

© 2010-2022