Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция

Раздел Математика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция

Сілтеме: күнтізбелік жоспар, оқулық, формулалар

Жалпы мақсаттар: Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция функциясының графигінің қасиеттерін пайдалана отырып Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция және Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция функцияларының графиктерін салуға үйрету .

Күтілетін нәтижелер: Оқушылардың бірлесіп жұмыс істеуі арқылы өздігінен білім алу дағдылырын қалыптастырып, алған білімдерін тиімді пайдалана білуге үйрете отырып, енжар оқушыларды белсенді оқушыларға айналады.

Түйінді идеялар: - Оқушылар сәтсіздікті, дәрменсіздікті түзетуді сезінеді;

- Әртүрлі жағдайда өзінің топтағы қатысу деңгейіне сын тұрғысымен қарауға дағдыланады;

- Табыстылыққа ұмтылыс, жетістікке деген сенімділік пайда болады;

- Өздігінен іздену дағдыларын қалыптасады;

- Ерекше идея ұсынуға бейімділіктері байқалады, білім алуға ынталанады;

- Проблеманы айқындайды, әдіс-тәсілдерді таңдайды,




Мұғалімнің орындайтын

іс- әрекеті.

Оқушының орындайтын іс- әрекеті

Оқыту әдістері

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындықтарын ұйымдастыру.Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне табыс тілейді.

Сабақтың ұраны:

Біле бер қанша білсең- тағы тіле,

Жетерсің мақсатыңа біле, біле.

Ж. Баласағұн


Ынтымақтастық атмосферасын құру.

ІІ.Оқушыларды топқа бөлу.

Оқушыларды өз қалаулары бойынша «Ойшылдар, Білімділер» болып екі топқа бөлінеді..

Топқа бөлу әдісі қолданылады.

ІІІ. Үй жұмысын тексеру.

Оқушылар топ бойынша квадрат үшмүше, оны көбейткіштерге жіктеу туралы мәліметтерді ортаға салады, бір- біріне сұрақ қояды.

Оқушылар бір-бірін формативті бағалайды.


IV. Өтілген тақырып бойынша білімдерін жан-жақты тексеру.

Анықтама. у = ах2 + вх + с түріндегі функцияны квадраттық функция деп атайды.

Мұндағы а, в, с- нақты сандар және а ≠ 0,

х - тәуелсіз айнымалы

Квадраттық функцияның анықталу облысы барлық нақты сандар жиыны

у =ах2 , мұндағы а ≠ 0, функциясы в = 0 және с = 0 жағдайындағы

у = ах2 + вх + с квадраттық функциясының дербес түрі.

у =ах2 функциясының графигі - парабола. Енді

у = ах2 функциясының графигі арқылы

у = ах2 + n және у = а(х − m)2 функциясының графиктерін салуды қарастырайық.

у = ах2 + n функциясының графигі у = ах2 функциясының графигін ордината осі бойымен n > 0 болғанда |n| бірлікке жоғары немесе n < 0 болғанда, |n| бірлікке төмен жылжыту арқылы алынған парабола

у = а(х - m)2 функциясының графигі у = ах2 функциясының графигін абсцисса осі бойымен m > 0 болғанда оңға қарай немесе m < 0 болғанда, солға қарай |m| бірлікке солға қарай жылжыту арқылы алынған парабола


V. Сергіту сәті.

Логикалық есептер.

Психологиялық тренинг.

VI. Сабақты бекіту.

1) у = х2 - 1 функциясының графигі Оу осі бойымен бір бірлікке төмен, ал

у = (х - 1)2 функциясының графигі Ох осі бойымен бір бірлікке оңға жылжытылған парабола. Неліктен? Жауабын түсіндір

Сын тұрғысынан ойлау.

VII. Үйге тапсырма беру, бағалау, қорытындылау.

- Әр топтың жинаған фигуралардағы сандарын санап, жеңімпаз топты анықтап, білімдерін бағалау.

№ 245(2;4),№246(2;4), №247(2;4), №248(2;4).

Топ арқылы бағалау.

VIII. Рефлексия.

Оқушылар сабақ бойы алған әсерлерімен бөліседі.

Рефлексия:

Өзің үшін қандай жаңа білім алдың?

Нені білгің келеді?

Нені білдің ?

Не қиын болды?

Тілек айту арқылы.


© 2010-2022