Екі амалмен шығарылатын есеп

Раздел Математика
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Екі амалмен шығарылатын есеп.

Сабақ мақсаты: Екі амалмен шығарылатын есептің шығарылу тәсілін

меңгерту.

Сабақ міндеттері:

Білімділік: Екі амалмен шығарылған есепті шығаруға төселдіру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру, танымдық

қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды саналылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ

Сабақ әдіс-тәсілдері: түсіндіру,ауызша есептеу, сұрақ - жауап,талдау,іздендіру, дәлелдеу, өз бетінше жұмыс, көрнекілік әдістері.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

Санамақ.

Бір дегенім - бесік,

Шықтық содан өсіп.

Екі дегенім - елім,

Далам , тауым, көлім.

Үш дегенім - үміт,

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім - төзім,

Төзе білем өзім.

Бес дегенім - бақыт,

Бағалайтын уақыт.

Оқулықпен жұмыс.

№1. Есептерді шығару. Салыстыру.

а)

Жүр еді - 12бала

Кетті - 2 ұл

Сырғанап жүр -? Бала

Шешуі: 12 - 2 = 10

Жауабы: 10 бала

ә)

Жүр еді -10 бала

Келді - 5 қыз бала

Барлығы - ? бала

Шешуі: 10+5 = 15

Жауабы: 15 бала

б)

Жур еді - 12

Кетті -2 ұл

Келді -5 қыз

Сырғанап жүр - ? бала

Шешуі: (12 - 2) + 5= 15

Жауабы: 15 бала сырғанап жүр.

№2.

Сатып әкелді - 6 және 4 шөлмек сусын

Ішілді - 7 шөлмек сусын

Қалды - ? шөлмек сусын

(6+4) - 7 = 3

Жауабы: 3 шөлмек сусын қалды

№3.

Өрнекті жазу және оның мәнін табу.

а - 2 , мұндағы а = 32; 59; 11.

32 - 2= 30 59 - 2 = 57 11 - 2= 9

№4 Өрнекті оқу және оның мәнін табу.

(7+2) +40=49

79 - (6+3)=70

(6+3)+50=59

(5+4)+30=39

97 - (4+3)=90

86 - (2+4)=80

№5. Өрнектеп көрсету.

90 мин = 1 сағ 30 мин 1сағ 10 мин = 70 мин

100 мин = 1 сағ 40 мин 1сағ 20мин = 80 мин

1 тәул. 1 сағ = 25 сағ 1сағ 9мин = 69 мин

№6. Өз бетімен жұмыс.

11 - 2 = 9 9 + 2 = 11

21 - 2= 19 19 + 2 =21

31 - 2 =29 29 + 2= 31

Үйге тапсырма: №4 2,3 -бағандар 69- бет.

Қорытындылау. Сұрақ - жауап.

Бағалау.



© 2010-2022