Презентация по математику Үлестер

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Презентация по математику ҮлестерПрезентация по математику ҮлестерПрезентация по математику ҮлестерПрезентация по математику ҮлестерПрезентация по математику ҮлестерПрезентация по математику ҮлестерПрезентация по математику ҮлестерПрезентация по математику ҮлестерПрезентация по математику ҮлестерПрезентация по математику ҮлестерПрезентация по математику ҮлестерПрезентация по математику ҮлестерПрезентация по математику ҮлестерПрезентация по математику ҮлестерПрезентация по математику ҮлестерПрезентация по математику ҮлестерПрезентация по математику ҮлестерПрезентация по математику ҮлестерПрезентация по математику Үлестер

Үлестер. Жай бөлшектер.

Сабақтың тақырыбы: Үлестер.Жай бөлшектер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Натурал сандардан басқа бөлшек сандардың бар екенін білу,үлестерге бөлуді үйрену, бөлшектің алымы және бөлімімен танысу.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, математикаға деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Тез ойлап, тез қорытуға, бөлшектерді дұрыс оқуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру, ойын,аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі,сұрақ-жауап

Көрнекілік:схема,дөңгелек, плакаттар, слайд

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру: топқа бөлу,оқушыларды түгендеу

ІІ.Өткен сабақты қорытындылау

1.Қосындының және көбейтіндінің бөлінгіштік белгілері қалай айтылады?

(125+75):25 және (81*10):9 аяқтаңдар.

2.Жай сандар және құрама сандар деген не?

11,17,23,55,521,625,757,123,61 сандарынан:

Жай сандарды және құрама сандарды айтыңдар.

3.Кестені толтырыңдар:

2-ге бөлінетін сандар

5-ке және 10-ға бөлінетін сандар

3-ке және 9-ға бөлінетін сандар

74*

27*

49*

4.Кестені толтырыңдар:

сандар

а*в

ЕҮОБ(а;в)

ЕКОЕ(а;в)

ЕҮОБ(а;в)*ЕКОЕ(а;в)

а=6 в=8


а=9 в=12


а=15 в=18


а=24 в=60


ІІІ. Жаңа тақырыпқа әдістемелік нұсқау

А С В

АВ кесіндісі неше бөлікке бөлінген? АС кесіндісі оның неше бөлігіне тең екенін айтыңдар.

ІV.Жаңа сабақты түсіндіру

Дөңгелекті бірлік (бір бүтін) ретінде қабылдап,оны тең 2 бөлікке, тең 4 бөлікке, тең 8 бөлікке бөлейік.

Презентация по математику ҮлестерПрезентация по математику ҮлестерПрезентация по математику Үлестер

Бүтіннің бірнеше тең бөліктерінің әрқайсысы үлестер деп аталады.

  1. Бірінші дөңгелек тең 2 бөлікке бөлініп,оның бір бөлігі боялса, дөңгелектің екіден бір үлесі боялған. Екіден бірдің жазылуы: Презентация по математику Үлестер

  2. Екінші дөңгелек тең 4 бөлікке бөлініп, оның бір бөлігі болған болса,дөңгелектің төрттен бірі боялған. Төрттен бірдің жазылуы: Презентация по математику Үлестер

  3. Үшінші дөңгелек тең 8 бөлікке бөлінген. Оның 3 бөлігі боялған болса, дөңгелектің сегізден үш бөлігі боялған. Сегізден үштің жазылуы: Презентация по математику Үлестер

Мұндағы Презентация по математику Үлестер - жай бөлшектер.Жай бөлшектердің жазылуындағы сызықша (--) бөлшек сызығы деп аталады.

Бір үлес немесе бірдей бірнеше үлестердің қосындысы жай бөлшек түрінде жазылады. Мысалы, Презентация по математику Үлестер жай бөлшегі әрқайсысы Презентация по математику Үлестер үлеске тең 3 үлестің қосындысына тең. Үлестер тең бөліктер болғандықтан, «үлес» дегенді «бөлік» деп те атайды.

Бір бүтіннің Презентация по математику Үлестер бөлігі «жарты» деп аталса, Презентация по математику Үлестер бөлігі «ширек » деп аталады.

Бөлшек сызығының астындағы сан бір бүтіннің неше үлеске бөлінгенін көрсетеді. Оны бөлщектің бөлімі деп атайды. Бөлшек сызығының үстіндегі сан неше үлестің алынғанын көрсетедң. Оны бөлшектің алымы деп атайды.

Жай бөлшек - Презентация по математику Үлестер, мұндағы а - алымы, в- бөлімі (а- натурал сан немесе нөл саны, в - натурал сан).

Жай бөлшекті оқығанда алдымен бөлшек сызығының астындағы сан (бөлімі) шығыс септігінде, бөлшек сызығының үстіндегі сан (алымы) атау септігінде оқылады.

Мысалы, Презентация по математику Үлестер жай бөлшегінің оқылуы: «оннан жеті», Презентация по математику Үлестер жай бөлшегінің оқылуы: «бестен төрт».

Екі натурал санның бөліндісін жай бөлшек түрінде жазуға болады.

Екі натурал санның бөліндісін бөлшек түрінде жазғанда, бөлшектің алымына бөлінгіш жазылып, бөліміне бөлгіш жазылады.

Мысалы, 12:4=Презентация по математику Үлестер;Презентация по математику Үлестер .

Натурал санды бөлімі кез келген натурал сан болатын жай бөлшек түрінде жазуға болады. 3Презентация по математику Үлестер

Бөлщектің алымы натурал сан немесе нөл, ал бөлімі натурал сан болады. Презентация по математику Үлестер

V.Оқулықпен жұмыс

№776,777,779(ауызша)

№780,781,783,784,785(1-3)

VІ.Жаңа сабақты бекіту

1.Математикалық диктант

а) Жай бөлшек түрінде жаз: бестен үш;алтыдан бір;он бірден тоғыз;жиырмадан он тоғыз; тоқсан екіден отыз бір;жүзден тоқсан жеті

ә) Дөңгелекті тең 4 бөлікке бөлгендегі оның бір бөлігін ............. деп атайды.

б) Бөлшек сызығы .......... білдіреді.

в) Бөлшек сызығының астындағы бөлігі ............ деп, ал үстіндегі бөлігі ............ дейді.

2.Кестені толтырыңдар:

Бөлінгіш

Бөлгіш

Бөлінді

Алым

Бөлім

Бөлшек

8

15


54

7


35

93


121

204


65

81


322

500


VІІ. Үйге тапсырма №785(4), №786

VІІІ. Бағалау

ІХ. Сергіту сәті

  1. Айжанда үш бүтін алма , екі жарты алма және төрт ширек алма бар. Айжанда барлығы неше алма бар?

  2. Төртбұрышты үйдің әр қабырға бойына алты орындықты тең бөліп орналастыр. Әр қабырға бойында екі орындық болсын.

  3. 12345=33 цифрларының арасына (+,-) таңбаларын қойыңдар.

© 2010-2022