Статья по математике ХХI ғасыр көшбасшысы

Оқушылардың ойын-шығармашылық, ойын-еңбек, ойнау барысында оқушы дербес ойлау мүмкіндігі, көңіл қоя білу қабілеті дамиды. Математиканың сан алуан сырларын, сандар әлемінің қызық құбылысын, ойын элементтерімен өрнектелген сабақ қызықты әрі ұтымды.Мектепте өткізілетін әр түрлі сыныптан тыс, жұмыстардың (үйірме, кеш, КТК, т.б.) атқарар рөлі зор, тигізер пайдасы ұшаң теңіз.Өз бетімен қосымша әдебиеттермен жұмыс істей білуге үйрету. 6-сыныптар арасында өткізілген "ХХI ғасыр көшбасшысы" атты интеллект...
Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Статья по математике ХХI ғасыр көшбасшысыСтатья по математике ХХI ғасыр көшбасшысы

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы


Сабақтың мақсаты: Білімділігі: оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру.

Дамытушылығы: ой-өрісін кеңейтіп,шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу.

Түрі:математикалық сайыс.

Әдісі:топ бойынша жұмыс.

Сабақтың барысы:Бүгінгі сайыста екі сынып жарысады.

«Өмір деген көк мұхиттың толқыны,

Бір-бірімен жатқан шулап, жалғасып,

Бір-бірімен жатқан тулап арбасып,

О, Толқындар, арпалысып алға шық,

Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын,

Құштарлықтың толғағымен көктемі»

Деп Төлеген Айбергенов ағамыз жырлағандай өмірдің өзі сайыс.

Көрнекілігі:

  1. Арифметика математиканың,ал математика ғылымдардың патшасы. (К.Гаусс)

  2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика. (М.В.Ломоносов)

  3. Математика-барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон)

  4. Қазір бой жарыстыратын заман емес,ой жарыстыратын заман. Н.Ә.Назарбаев

  5. Ақын жанды болмаған адам,математикте бола алмайды. (С.Ковалевская)


Армысыңдар, бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайыс сабағымызға жиналған қауым! Бүгінгі біздің сайысқа қош келіпсіздер!

Сайыста түрлі қиын да қызықты сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену жалықпай.

Сәт-сапар тілеп бәріңе,

Сайысты біздер бастадық.

Көрсетіңдер өнерді,

Жұртың саған таң қалсын!


Қатысушыларды таныстыру. 6 «В» сыныбының тобы «Тапқырлар»

6 «Г» сыныбының тобы «Алғырлар» тобын қарсы алыңыздар

Сайысты бақылап отыратын әділқазылармен таныстыру.

1.

2.

3.



БІРІНШІ КЕЗЕҢ «БӘЙГЕ»

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз

дей келе біз келесі кезең БӘЙГЕ кезеңін бастайық.

1. Жүргізуші қатысушыларға математика пәні бойынша сұрақтар қояды, әр сауалға жауаптың үш нұсқасы ұсынылады.
2. Екі топқа жауап парағы таратылады. Сол жауап парағына ойыншылар дұрыс жауапты белгілейді. Қатысушылар дұрыс жауап берген әр сұраққа 10 ұпай иеленеді.
3. Жауапқа он бес секунд уақыт беріледі, жауаптар түзетілген жағдайда жауап қабылданбайды.
1-сұрақ. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді ? (0)

2-сұрақ. Ең кіші жай сан? (2)

3-сұрақ. Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атайды?(ах=b)

4-сұрақ. Қиылыспайтын түзулер? (параллель)

5-сұрақ. Жазыңқы бұрыштың шамасы? (180)

6-сұрақ. Сызбадағы өлшемнің нақты өлшемге қатынасы нені білдіреді? (Масштаб)

7-сұрақ. 1- ге және өзіне ғана бөлінетін сандар қандай сандар? (Жай сандар)

8-сұрақ. Екі теріс санның қосындысы қандай сан? (Теріс)

9-сұрақ. Екі теріс санның бөліндісі қандай сан? (Оң)

10-сұрақ. Бөлшектің алымы бөліміне тең болатын бөлшек? (Бұрыс)

Кілті

1.А 2.Ә 3.Ә 4.А 5.Б 6.А 7.Б 8.Ә 9.А 10 Ә.



ЕКІНШІ КЕЗЕҢ

«ДОДА»


Мәңгі бақи есте қалар

Ғажайып бір сайыс болсын

Білімдірек шәкірт озар

Қиынырақ сұрақ болсын деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.

Бірінші турда жиналған ұпай екінші турда сақталады. Екінші турда мектеп бағдарламасына сай 6 пәннен сұрақтар қойылады.

Статья по математике ХХI ғасыр көшбасшысы

1. Қатысушыларға 6 тақырып ұсынылады. Белгіленген блок бойынша ойыншылар тақырыпты өздері таңдайды.

2. Әр тақырыптың ішінде бес сұрақ болады, сұраққа дұрыс жауап берген ойыншының бірінші турда жинаған ұпай санына он балдан қосылып отырады.

3. Жауап ауызша беріледі.

Қазақ тілі

1. Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы?(лексика)

2. Заттың түрін, түсін, сапасын, көлемін білдіретін сөз табы? (Сын есім)

3. Көнерген сөздер нешеге бөлінеді? Ата (2, тарихи және архаизм)

4. «Толағай» ерлік туралы аңызының авторы?(Әбділдә Тәжібаев)

5. «Ер Төстік» ертегісіндегі Ер Төстіктің көмекшілері кімдер?(Кенжекей, Шалқұйрық, Күңке, Жер астының өнерпаздары)

Математика

1. Себеттегі бес алманы бес балаға бөліп берді. Бірақ себетте бір алма қалып қойды. Бұл қалай болғаны? (Бір балаға себетпен берген)

2. Үшбұрыштың 3 қабырғасы берілген 10,15,7, оның периметрін тап? (32)

3. 4, 15, 17, 21, 27, 31, 43 сандар тізбегінен жай сандарды ата? (17, 31, 43)


4. Бұрыс бөлшекті тап:

Статья по математике ХХI ғасыр көшбасшысы

Жауабы: Статья по математике ХХI ғасыр көшбасшысы

5Статья по математике ХХI ғасыр көшбасшысы. Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыр:


Жауабы: Статья по математике ХХI ғасыр көшбасшысы



Тарих

1. «Тарих» сөзі қандай мағынаны білдіреді?(зерттеу, оқиғалар жайлы әңгімелер)

2. Шығыстағы тарихтың атасы(Сыма Цянь)

3. Өз елінен тыс жерде өмір сүретін этностық топ қалай аталады?(диаспора)

4. Алғашқы адамдар осыдан қанша жыл бұрын өмір сүрген?(3 миллион жыл бұрын)

5. 1969жылы «Алтын киімді адам» мүрдесі қайдан табылған және кім тапқан?(Жетісу жеріндегі Есік қорғанынан, археолог Кемел Ақышев)


Жаратылыстану

  1. Астрономия қай тілден шыққан және қандай сөздерден құралады?(грек тілінен, «астрон»-жұлдыз және «номос»-заң )

  2. ... - адамның тіршілік етіп отырған ортасы(үйі)?(Табиғат)

  3. Жұлдыз дегеніміз не ?(Бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұрған аспанның жарық денесі)

  4. Қазақстанның ірі кен орындарын ата? (Қарағанды көмір алабы, Теңіз мұнай кені, Алтай тауындағы түсті металл кен орындары)

  5. Иоганн Кеплер ғаламшардың қандай заңын ашты?(Айналу заңы)


Информатика

  1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі?(бит)

  2. Компьютердің негізгі бөліктерін ата?(Жүйелік блок, Монитор, Пернетақта)

  3. Қандай пернені жібермей ұстап тұрып, "ізі бар" көшірме алуға болады? (shift)

  4. "Трансформация" сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?(түрлену, алмасу)

  5. Палитраның неше түсі бар? (256)


Барлық пәндер

  1. күнге ең жақын орналасқан планета? (Меркурий)

  2. Ақпаратты қағазға басып шығару құрылғысы ( принтер )

  3. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма? (Тең)

  4. Балаларды жазалау үшін қандай геометриялық фигура қолданылады? ( Бұрыш)

  5. Құрманғазы Сағырбайұлы кім? (күйші)



ҮШІНШІ КЕЗЕҢ
"ЖОРҒА"

1. . Қатысушыларға мектептен тыс 4 тақырып берілген. «Салт-дәстүр», «Спорт», «Тұлғалар», «Еркін тақырып» Олардың әрқайсысында күрделілігі бойынша бағаланатын сұрақ жасырулы. Оған сәйкес 10;20;30;40 балл беріледі.

3. Қатысушылар кезек бойынша тақырып пен сұрақ бағасын таңдайды. Таңдалатын сұрақ саны-4, әркім өзі таңдаған сұрағына жауап береді. Ойлануға 10 секунд уақыт беріледі.

4. Сұрақтарды ойыншылар кезек бойынша таңдайды және сол кезекпен жауап береді.

5. Дұрыс жауап берген жағдайда ойыншы сұрақ бағаланған мөлшерде ұпайға ие болады.

6. Ойыншы дұрыс жауап бермеген жағдайда, оның қарсыластары өз кезегінде қол көтеру арқылы дұрыс жауап беруге талпыныс жасай алады.

7. Кез келген жағдайда сұрақта көрсетілген ұпай дұрыс жауап берген ойыншыға өтеді.
9. Турдың (ойынның) жеңімпазы болып үшінші турда барынша мол ұпай жинаған ойыншылар танылады.
10. Ұпай саны тепе-тең түсетін болса төртінші тур (овертайм) өткізіледі.



Статья по математике ХХI ғасыр көшбасшысы





Салт дәстүр

10. Алыс сапарға, саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көршілеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға сыйлықтар әкеледі. Оны не деп атайды?(Базарлық)

20. Үйдің үлкені жол жүріп кеткенде ауыл жастары жиналып бас қосуын не деп атайды?(Бастаңғы)

30. Жаңа туған нәрестенің ең алғаш киген көйлегі.( ит көйлек)

40. Ертеден келе жатқан тұрмыс-салт жырларының бір түрі (Наурыз жыры)



Тұлғалар

10. Жазба тарихтың негізін салушы кім? (Геродот)

20. «Күй атасы», «Ақын», «Портреттер» деп аталатын дастандардың авторы, Сырда туып өскен ақын кім? (Әбділда Тәжібаев)

30. Қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз - .... (Ы.Алтынсарин)

40. Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің, топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі....

Өлең жолдарының авторы кім? Және өлең қалай аталады? (Абай Құнанбаев «Желсіз түнде жарық-ай»)



Спорт

10. Спорттық жарыстың шешуші кезеңі ( Финал)

20. ҮІІ қысқы Азия олимпиадасы қай елде өткізілді? (Қазақстан)

30. Қазақ спортшылары арасынан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы? (Ж. Үшкемпіров)

40. Шахмат ойынының отаны? (Үндістан)

Еркін тақырып

10. Қазақстанның алғашқы астанасы? (Орынбор)

20. Ата Заң күні қашан? (30 Тамыз)

30. Қазақстан Республикасының туының авторы (Ш. Ниязбеков)

40. Қазақтың тұңғыш ғарышкері ( Т. Әубәкіров)


















  1. Жұт ... ағайынды

(Жұт жеті ағайынды)Жеті -семь-seven

  1. Өзі сөйлемей білмейді,салған ізі сөйлейді.

(қалам-ручка-pen)

  1. Геометриялық негізгі ұғым

(нүкте-точка-point)

  1. Тік бұрыштан кіші бұрыш

(сүйір-острый-sharp(keep))


  1. Кез келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады

(түзу-прямая-straight)

  1. Екі қолға ... күрек

(бір-один-one)

  1. Жігітке жеті өнер де аз,неше өнер көп емес?

(жетпіс - семьдесят -seventy)

  1. Бір нүктемен шектелген түзудің бөлігі

(cәуле-луч- beamray)

  1. Бір нүктеден шығып екі сәуледен құралатын геомертиялық фигура

(бұрыш-угол-angle)

  1. Отыз тістен шыққан сөз неше рулы елге жайылады?

(отыз-тридцать- soty)

Жұмбақтар жарысы

Келді кезек жұмбақты шешуге

Жауаптарын беруге үш тілдерде

Қазақ, Орыс, Ағылшынды білсеңіз

Жақсы баға шәкірт саған несібе

Жасырылған жұмбақтардың жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудару керек.

1. Көкке шаншып құйрығын,

Келеді шауып жүйрігім.

(жылқы- лошадь- horse)

2. Ащыдан басқа жемейтін

ыстық шөлде отаны

Шөлдесе су деймейтін.

(түйе-верблюд-camel)

3. Тастан тасқа секірген,

Ұзын салпаң құлақты

Қойдан маза кетірген.

(ешкі- коза- goat)

4. Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар.

(сиыр- корова - cow)

5. Аласа ғана бойы бар,

айналдырып киген тоны бар.

(қой- баран- sheep)






Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия








«ХХІ ғасыр көшбасшысы»

зияткерлік сайысы










Пән мұғалімі: Махамбетова Б.А.













Алматы 2014ж

© 2010-2022