Cабақ жоспары Санды өрнектер. Әріпті өрнектер

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Математика Сынып 5

Сабақтың тақырыбы: §1 Санды өрнектер. Әріпті өрнектер

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

  1. Білімділік мақсаты: Санды, әріпті өрнектердің мәнін таба білу, есептердің шарты

бойынша өрнек құра білуге үйрету

  1. Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа, еңбекке тәрбиелеу

  2. Дамыту мақсаты: Қабілеттілік пен белсенділікті дамыту

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру

Әдіс-тәсілдері: Аралас

Сабақтың көрнекілігі: Слайттар, таратпалар,

Сабақтың барысы

Қызығушылықты тану

Оқушыларды түгендеу және сыныптың тазалығына мән беру. Оқушыларды топқа бөлу (суреттер арқылы) .

Натурал сандарға қолданылатын амалдар қайталау, үй тапсырмасын №18, №20 есептердің шығарылуын тексеру, алдын ала дайындалған слайтармен кодоскопта көрсете отырып тексеру жүргізу

№18 теңдеу құрып шешу :

8х-36=76

8х= 76+36

8х =112

х=112:8

х=14

тексеру: 8·14-36=112-36=76

№20 Тік төртбұрыштың боялған бөлігінің ауданын табыңдар:

7 см 9 см

3см

5см

2см

3 см 4см

3см

Cабақ жоспары Санды өрнектер. Әріпті өрнектерCабақ жоспары Санды өрнектер. Әріпті өрнектерCабақ жоспары Санды өрнектер. Әріпті өрнектер

Мағынаны тану

Санды өрнек деп амалдар таңбалары және қажет болған жағдайда жақшалардың көмегімен сандардан құрастырылған өрнекті айтады.

Мысалы: Бақта 12 алма ағашы бар, ал алмұрт ағаштың одан 5-еуі кем. Бақта неше жеміс ағашы бар?

Шешуі: Бақтағы алмұрт ағаштарының саны: 12-5=7

Ал бақтағы барлық жеміс ағаштарының саны: 12+(12-5) бұл санды өрнек

Барлық амалдарды орындау нәтижесінде шыққан сан өрнектің мәні деп атаймыз.

12+(12-5)= 12+7=19 , мұндағы 19 саны санды өрнектің мәні.

Құрамында әріптері бар өрнек әріпті өрнек деп аталады.

Мысалы: Компьютерде терушілердің біреуі шығарманың 86 бетін терсе, екіншісі одан х бетті арттық терді. Компьютерде терушілердің екеуі бірігіп шығарманың неше бетін терді ?

Шешуі: Екінші теруші 86+х бетін терді.

Ал екеуі бірігіп шығарманың 86+(86+х) бетін терді.

Мұндағы 86+(86+х) әріпті өрнек

Егер х= 12 болса, онда 86+(86+х)= 86+(86+12)= 86+98=184

Мұндағы 12 саны - х әрпінің мәні, ал 184 саны- берілген өрнектің мәні.

Санды өрнектер, әріпті өрнектер жалпы түрде математикалық өрнектер деп аталады. математикалық өрнектерді жазуда латын әріптері пайдаланылады.

Әріпті өрнектердің біреуі сан болса, ол әріп көбейткіштің алдына жазылады. Оны коэффициент деп аталады. Коэффицент пен әріптің арасына көбейту таңбасы қойылмайды. Ал х,у -әріпті өрнектерінің коэффиценттері 1-ге тең, ол жазылмайды.Әріпті өрнектердегі әріп көбейткіштерінің арасына көбейту таңбасы қойылмайды.

Мысалы, Cабақ жоспары Санды өрнектер. Әріпті өрнектер өрнегі ху түрінде жазылады, ал Cабақ жоспары Санды өрнектер. Әріпті өрнектер әріпті өрнегі Cабақ жоспары Санды өрнектер. Әріпті өрнектер түрінде жазылады.

Енді, әріпті өрнектің мәндері Cабақ жоспары Санды өрнектер. Әріпті өрнектер белгілерімен салыстырылады.

Мысалы: Cабақ жоспары Санды өрнектер. Әріпті өрнектерCабақ жоспары Санды өрнектер. Әріпті өрнектер, мұндағы х=5, Cабақ жоспары Санды өрнектер. Әріпті өрнектер, Cабақ жоспары Санды өрнектер. Әріпті өрнектер

Cабақ жоспары Санды өрнектер. Әріпті өрнектер, мұндағы у=11, Cабақ жоспары Санды өрнектер. Әріпті өрнектер, Cабақ жоспары Санды өрнектер. Әріпті өрнектер

Сыныпта шығарылатын есептер:

І-деңгей

ІІ-деңгей

ІІІ-деңгей

шығармашылық деңгей қиындығы жоғары есептер

І деңгей

№2 (ауызша айтқызу)

1)36 мен 11 санының қосындысы, 27 мен х санының қосындысы, у пен 19 санының қосындысы.

2)27 мен 16 санының айырмасы, 18 бен х санының айырмасы, у пен 14 санының айырмасы.

3)14-тің 17-ге көбейтіндісі, а-ның 8-ге көбейтіндісі, с-ның d-ға көбейтіндісі.

4)45-тің 9-ға бөліндісі, 6-ның а-ға бөліндісі, х-тің у-ке бөліндісі.

№4 Өрнектің мәнін табу:

3)125:а+8=|мұндағы а=5|=125:5+8=25+8=33

4) 9b-36=|мұндағы b=12|=9·13+36=117+36=153

№5 Өрнектің мәнін салыстыру:

2) Cабақ жоспары Санды өрнектер. Әріпті өрнектер 3) Cабақ жоспары Санды өрнектер. Әріпті өрнектер

№7 Бөлмеде 6 люстра бар. Әрбір люстрада b лампыдан. Бөлмедегі люстралардың барлығында неше лампы бар?

Шешуі: 6b лампы бар.

ІІ деңгей

№13 Өрнекті жазып көрсету

  1. (65-39)·100

  2. (49+68):13

№14 Өрнектің мәнін табу

2) Cабақ жоспары Санды өрнектер. Әріпті өрнектер

3) Cабақ жоспары Санды өрнектер. Әріпті өрнектер

ІІІ деңгей

№23

  1. b санынан кейінгі тізбектес үш натурал санды b, b+1, b+2,b+3

  2. a санына дейінгі тізбектес үш натурал санды а-3, а-2,а-1, а

Оқушыларды бағалау

І-деңгей «3»

ІІ-деңгей «4»

ІІІ-деңгей «5»

Сабақты бекіту: Санды және әріпті өрнектердің ережелерін қайта оқушылардан сұрап бекіту


© 2010-2022