Айналу денелерінің көлемдері (есептер шығару)

Мамандық: «Аспазшы» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Цилиндр мен конус көлемін есептейтін формуланы есеп шығаруда қолдана білуге үйрету. Дамытушылық: Өз бетімен жұмыс істеуін қалыптастыру, логикалық ойын дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік: оқушының өздік ізденісін, шығармашылығын, мамандыққа деген сүйішпеншіліктерін қалыптастару, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас Пәнаралық байланыс: Тағам дайындау технологиясы, информатика. Жабдықтар: компьютер, кестелер, формул...
Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Айналу денелерінің көлемдері (есептер шығару).

Мамандық: «Аспазшы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Цилиндр мен конус көлемін есептейтін формуланы есеп шығаруда қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Өз бетімен жұмыс істеуін қалыптастыру, логикалық ойын дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: оқушының өздік ізденісін, шығармашылығын, мамандыққа деген сүйішпеншіліктерін қалыптастару, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Пәнаралық байланыс: Тағам дайындау технологиясы, информатика.

Жабдықтар: компьютер, кестелер, формулалар, оқулықтар.

I Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушыларды тізім бойынша түгендеу.

2.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

II. Кіріспе нұсқау.

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.

2.Сабақ мақсатын хабарлау.

3. Өткен сабақ бойынша оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру/(10-15 мин)

Өткен тарауды қайталау. «Айналу дене сырын аш» атты ойын түрінде жүргізіледі. Слайд беттерінде жасырын түрде тұрған әрбір айналу денесін ашып, олардың көлемдері формулаларын жатқа айту қажет.

Жасырылған денелер:

  1. Цилиндр.

  2. Конус.

  3. Қиық конус.

  4. Шар.

  5. Эллипс.

III. Көлемдер табуға арналған мамандықтарына байланысты құрастырылған есептер беріледі.

Жұмыс реті:

1. Есептің мазмұнын оқу.

2. Қажетті өлшемдерді жүргізу.

3. Есептеу формулаларын табу.

4. Жауабын айту.

5. Кестедегі сан мәнмен салыстыру.

Есеп 1. Жарас цилиндр пішінді кәстрөлге көп емес жарма салды да анасынан: «Дәмді ботқа алу үшін қанша су құю керек?»-деп сұрады. «Бұл өте қарапайым деп жауап берді анасы. Жарма кәстрөлдің дәл жартысын жабатындай етіп қисайт. Енді жарма кәстрөлдің қабырғасының қай жеріне келгенін белгілеп ал. Кәстрөлді түзетіп белгілеген жеріңе дейін су құй!» «Жарманы көп не аз салуға болады және де кәстрөлдің өлшемдері түрлі болуы мүмкін ғой»-деп таңданды Жарас. «Бәрібір менің тәсілім қандай жағдайда да дұрыс болады»- деп жауап берді анасы.

Анасының тамақ пісіру тәсілінің қаншалықты дұрыс екеніне көз жеткізуіміз керек. Сабақта екі түрлі жолмен: бірі интеграл арқылы, екіншісі көлем табу формулалары арқылы су мен жарманың көлемдерінің қатынасы кез келген цилиндр пішінді кәстрөл үшін бірдей болады (9, 10-слайдтар).

Тапсырма. R1=10; R2=13 кәстрөлдерін, 1кг күріш алып, қызықты есептегі айтылғандарды орындаңыздар.

Нұсқау. Есептеуде Vцил=2пR^2H формуласына құрылған бағдарламаны пайдаланыңыз.

Айналу денелерінің көлемдері (есептер шығару).Айналу денелерінің көлемдері (есептер шығару).Айналу денелерінің көлемдері (есептер шығару).

1-слайд 2-слайд 3-слайд

Шыққан нәтижені «Тағам дайындау технологиясы» пәні оқулығындағы 1 кг жарманы ботқа етіп пісіруге қажетті сұйық пен тұздың өлшемі кестесіндегі қажетті сұйықтың өлшем санымен салыстырамыз (3-кесте). Біздің алған нәтиже кестедегі қоймалжың ботқа алуға арналған санмен сәйкес келеді. Бұл тапсырмалар арқылы «Математика - ғылымдар патшасы» екенін тағы бір дәлелдедік.

Айналу денелерінің көлемдері (есептер шығару).


1-кесте

Есеп 2. Тығыздығы 1062 кг/м3 фарштан жасалған қалыңдығы 2-2,5 см, ұзындығы 10-12 см, ені 5 см котлеттің және диаметрі 6 см тефтелдің салмағын есептеңіздер (4-7 слайдтар).

Айналу денелерінің көлемдері (есептер шығару).Айналу денелерінің көлемдері (есептер шығару).

4 слайд 5 слайд

Айналу денелерінің көлемдері (есептер шығару).Айналу денелерінің көлемдері (есептер шығару).

6 слайд 7 слайд

Айналу денелерінің көлемдері (есептер шығару).Айналу денелерінің көлемдері (есептер шығару).

Есеп 3. Алдарыңызда тұрған көлемдері әр түрлі кәстрөлдердің ішінен он адамға тамақ даярлауға болатын кәстрөлді таңдап, цилиндр пішінді ожаудың көмегімен бір тәрелкеге екі ожау тамақ құйылады деп алып, кәстрөлдегі тамақтың қанша адамға жететіндігін тексеріңіздер. (8 слайд)

Ағымдық нұсқау.

Есептің шығару жолын жеңілдету үшін VB бағдарламасы тілінде информатика сабағында жасалынған айналу денелерінің бетінің ауданы мен көлемін есептеу бағдарламасын пайдаланады. Қажетті өлшемдерді енгізіп, жауабын табады. (9 слайд)

IV.Қорытынды нұсқау(5 мин).

1. Сабақты қорытындылау.

2. Оқушылардың жұмыстарын бағалау.

3.Үйге тапсырма беру.

© 2010-2022